67
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
К
әмелетке толмағандар істері бойынша
соттар қызметінің бағытын айқындауда
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
соттардың құқықтық өкілеттігін анықтау бой-
ынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне,
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
сәйкес өзгерістер енгізілген «Кәмелетке
толмағандар істері бойынша мамандандырылған
ауданаралық соттар мәселелері жөніндегі
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-
ралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі № 64-IV Қазақстан
Республикасының Заңы өте маңызды.
Ювеналды әділет кәмелетке толмағандарға
қатысты қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігі
ретінде тарихи жолмен пайда болғанын атап
кету қажет. Алайда кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі соттардың Қазақстанда жасалған моделі
қылмыстық істерді ғана қамтып қоймайды.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
соттардың құзырына кәмелетке толмағандармен
бірлесе қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты
кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар ту-
ралы, Қылмыстық кодекстің нақты баптарымен
көзделген кәмелетке толмағандардың құқықтарын
тікелей бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық
істер жатқызылған.
Азаматтық істер бойынша істі болу баланың
тұратын жерін анықтау, ата-ана құқығынан айыру
(шектеу), қалпына келтіру, бала асырап алу туралы
істерді қамтиды.
Әкімшілік істер бойынша істі болу әкімшілік құқық
бұзушылықтар, мысалы, кәмелетке толмағандар
құқықтарына қол сұғушылық, ата-аналардың ба-
лаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерін
орындамауы, кәмелетке толмағандарды әкімшілік
құқық бұзушылықтар жасауға тартқаны және т.б.
істерді қамтиды.
Осындай модель құрбандар, куәлер немесе
болжанатын құқық бұзушылар ретінде неме-
се басқа да себептер бойынша, мысалы, оларды
қамқорлыққа алу, қамқоршылық немесе қорғау
туралы мәселе бойынша әділсотпен байланысқа
түскен барлық балалармен мамандандырылған
айналысуды қамтамасыз етуді ұйғаратын 2008
жылғы Балаларға қатысты сот төрелігіне қатысты
БҰҰ Көзқарастарының ережелеріне неғұрлым
сәйкес келетін болып табылады. Қазақстанның
ерекшелігін ескерсек, кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі соттардың осындай кешенді маманда-
нуы ғана балалардың толық көлемде сот төрелігіне
қолжетімділігін қамтамасыз ете алады.
ҚР ҚІК 57-бабына сәйкес кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттар
кәмелетке толмағандар айыпталушы болатын
қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске
асыратын сот болып табылады.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс жүргізу кодексінің 290-1 бабы осылай-
ша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотқа тарты-
луды анықтайды:
«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сот мынадай
қылмыстық істерді қарайды:
1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттың, қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери соттың және гарнизонның әскери
сотының қарауына жататын істерді қоспағанда
кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар ту-
ралы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі
120-бабы екінші бөлімнің (д тармағы), 121-
бабы екінші бөлімнің (д тармағы), 122, 124, 131,
132, 133 (бірінші-үшінші бөлімдердің), 134, 135,
136 (бірінші бөлім), 137, 138, 139 баптарында
көрсетілген қылмыстар туралы.
Ескертпе. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік
аумағында кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот
құрылмаса, оның соттауына жататын істерді
аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы».
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 30-бабы 1-3 бөлімімен және мынадай
мазмұндағы ескертпемен толықтырылды:
2-бөлім.
кәмелетке толмағандардың істері
бойынша мамандандырылған
соттың заңдық хүкімі