30
5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы
және толық көлемде жалақы төленуіне;
6) бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек де-
малысына;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көз-
делмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын
қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды
қорғау үшін бірігуге;
9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық
шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжым-
дық шартпен танысуға;
10) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына
келтірілген зиянды өтетуге;
11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым
оқиғалардан сақтандырылуға;
13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы кел-
мейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
15) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы
алуға;
16) жеке еңбек дауын шешу үшін осы Кодексте көзделген
тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес
жабдықталған жұмыс орнына;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ең-
бек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және
ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз
етілуге;
19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал
туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс
берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас
тартуға;
20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (неме-
се) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнын-
дағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп
қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдай-
31
ларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланы-
сты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
21) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты
қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым
жасауға;
22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың
саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбе-
гіне ақы төленуіне;
23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңда-
рында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда,
жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорға-
луын қамтамасыз етуге құқығы бар.
Қызметкердің міндеттері
1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарт-
тарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,
өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік сани-
тария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты
қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші
мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін аху-
ал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны ту-
ралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім
болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерци-
ялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді жария етпеуге;
7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде
жұмыс берушіге өтеуге міндетті.
Құқықтар мен міндеттердің осы тізбесі толық болып табылмай-
ды.
Қызметкердің Еңбек кодексінде көзделген өзге де құқықтар
мен міндеттерді орындауға құқығы бар.
32
4
ЕҢБЕК ТӘРТIБІ. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ.
ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ.
Еңбек тәртiбі – бұл Еңбек кодексінде, өзге де заңдарда, сон-
дай-ақ ұжымдық шартта, жұмыс берушінің өзге де нормативтік
актілерінде және қызметкердің еңбек шартында айқындалған
барлық қызметкерлердің бағынуы үшін міндетті мінез-құлық ере-
желері.
Ұйымның еңбек тәртібі ішкі тәртіп ережелерiнде айқындалады.
Ішкі еңбек тәртіптемесі ережесі – бұл жұмыс берушінің норма-
тивтік актісі (ЕК-нің 63-бабы), онда:
• қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару;
• жұмыс уақыты режимі: жұмыс аптасының ұзақтығы (5
күндік екі демалыс күнімен, 6 күндік бір демалыс күнімен не өз-
гермелі кесте бойынша демалыс күнін берумен болатын жұмыс
аптасы), күнделікті жұмыс ұзақтығы, жұмыстың басталу және
аяқталу уақыты, жұмыстағы үзіліс уақыты, тәуліктегі ауысым
саны, жұмыс және жұмыс емес күндерінің кезектесуі;
• тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс беру уақыты және
оның нақты ұзақтығы;
• жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы және тынығуы үшін
арнайы үзіліс беру қажет жұмыстардың түрлері, мұндай үзілі-
стердің ұзақтығы мен оны беру тәртібі;
• 5 күндік жұмыс аптасы кезіндегі екінші демалыс күні, ал өн-
дірістік-техникалық және ұйымдастырылу жағдайлары бойынша
жұмысын демалыс күндері тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдар-
да – қызметкерлердің жекелеген топтары бойынша демалыс күн-
дері әртүрлі күндерде ;
• жылсайынғы қосымша ақы төленетін демалыстың ұзақтығы;
• еңбекақы төлемін төлеу мерзімдері;
• қызметкерлерді көтермелеу түрлері белгіленеді.
Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерінде, сондай-ақ қызмет-
керлердің және жұмыс берушінің негізгі құқықтары, міндеттері
мен жауапкершілігі, сондай-ақ нақты ұйымның ерекшелігіне және
жұмысы жағдайларына қолдануға қажет басқа да ережелер бел-
гіленеді.