«АЭҮК» АҚ 2017 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы толық көлемде орындалды



Дата16.02.2020
өлшемі56 Kb.
#29210



Пост-релиз
2018 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ табиғи монополия субъектісімен өткізген инвестициялық міндеттемелерді қайта жаңарту және орындау нәтижелері жөнінде пресс-тур өткізілді.

Іс-шараға Ақмола облысы бойынша ТМРКД бастығының орынбасары, Ақмола облысы Энергетика басқармасының бас маманы Жаскайрат Садыков, «АЭҮК» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Жанна Гислер, «АЭҮК» АҚ Жөндеу бойынша бас инженер орынбасарының м.а. Александр Сырвачев, өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
«Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АРЭК» АҚ) 2016-2020 жылдар ұзақ мерзімді кезеңге қызметтерді реттейтін тарифтердің шекті деңгейін бекітті. Тарифтердің шекті деңгейі аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлегімен келісім бойынша ұзақ мерзімді кезеңге «АРЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасы бекітілді.

Субъектілердің бекітілген инвестициялық бағдарламасы қызметтерді реттейтін тарифтер деңгейінің ұзақ мерзімді перспективасында жүйелер мен жабдықтарды жаңартуға, тозған құралдарды төмендетуге, қызметтер сапасын жоғарылатуға, жабдықтардың сенімді жұмыстарына, қызметтер мен тұрақтылықтың өзіндік құнын төмендетуге бағытталды.

«АЭҮК» АҚ 2017 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы толық көлемде орындалды.

Инвестициялық жоба келесі бағыттар бойынша орындалды:





  • 450 537 мың теңге сомасында 110/35 кВ 12 ҚС қайта жаңарту;

  • 68 837 мың теңге сомасында110/35 кВ 370 км АС қайта жаңарту;

  • 345 623 мың теңге сомасында 110 кВ54 км АС құрылысы;

  • 452 270 мың теңге сомасында 10/0,4 кВ 75 км АС және 33 ЖТҚС қайта жаңарту;

  • 544 232 мың теңге сомасында 2 520 км жүйелер мен 747 бірлік энергия жабдығын күрделі жөндеу;

  • 170 565 мың теңге сомасында тұрмыстық тұтынудағы ЭКЕАЖ енгізу - 2 310 есеп нүктесі;

  • 125 472 мың теңге сомасында 5 ғимарат пен орын-жайға күрделі жөндеу;

  • 101 103 мың теңге сомасында Компанияны бағдарламалық қамтамасыз ету;

  • 53 253 мың теңге – негізгі құралдар алу (оргтехника және тағы басқалары);

  • 2 187 526 мың теңге «Астана» ҚС - займ АБР АС (КС) құрылысы;

  • 150 543 мың теңге - «Северная» ҚС алда сатып алумен сенімді басқару.

Пресс-тур қатысушылары инвестициялық бағдарламаның деректерін іске асыру нәтижелерімен танысты. Олар Компанияның кейбір энергия объектілері Ақкөл, Шортанды, Бұланды аудандық электр жүйелеріне барды.

Ақкөл АЭЖ. «Алексеевка» 110/35/10 кВ ҚС 1972 жылы пайдаланымға енгізілген. 2017 жылы қайта жаңарту аясында қосалқы станцияда 110 кВ май ажыратқыштарын 110 кВ элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру жүргізілді. Қосалқы станцияда дұрыс жұмыс істеу үшін жыл сайын жабдықтарды күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Жұмыстар бекітілген көп жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. 2017 жылы «Алексеевка» ҚС күрделі жөндеу барысында дөңгелектің айналма секцияларымен АҮҚ-110 кВ (ашық үлестіру құрылғысы), үш ауытқу сызығымен АҮҚ-35 кВ, ЖҮҚ-10 кВ (жабық үлестіру құрылғысы) жөнделді. АЭЖ мамандарымен 16000 кВА және 10000 кВА екі күшті трансформаторларға техникалық қызмет көрсету, байланыс құрамаларына түгендеу мен жөндеу, ажыратудағы тірек изоляциясын ауыстыру жүргізілді және жаңа жетекпен әрі тартпа изоляциямен 35 кВ секцияға шиналау орындалды.
Шортанды АЭЖ: ЭБС-0,4/10 кВ.

2017 жылы Бозайғыр ауылы мен Шортанды кентінің 0,4-10 кВ ішкі кенттік үлестіру сызығы қайта жаңартылды. Жұмыс барысында жалаңаш сым ӨОС (өзінкөтеретін оқшауланған сым) ауыстырылды, ағаш тіреулер –СВ-95 тіреулеріне, ЖТҚС 17 данасы жаңа ЖТҚС ауыстырылды.

Оқшауланбаған сымды ӨОС ауыстыру өткізу қабілетін, сенімділігін, төмен вольтті сызықтардың үнемділігін әрі қауіпсіздігін көбейтті, сондай-ақ, энергияның жоғалуын төмендету мақсатында орындалды.

Бозайғыр ауылында үлестіру жүйелері толық қайта жаңартылғанын, Шортандыда ішкі кенттік жүйелерді жаңарту пайызы 40% екенін атап өту керек.


Бұланды АЭЖ.

«Заводская» 110/35/10 кВ ҚС 1963 жылдан пайдаланымда. 2017 жылы қосалқы станцияда 35 кВ май ажыратқыштары 35 кВ вакуммдық ажыратқыштарға және 110 кВ май ажыратқыштары ВБ-110 кВ типтегі элегаздық бактік ажыратқыштарға ауыстыру жүргізу барысында 35 кВ дөңгелектерінің 1-2 секцияларын қайта жаңарту жүргізілді.



Астана

«АЖЭО-2 - Астана» АС/110 кВ жаңа құрылысы 2017 жылы аяқталды. Тас жолдың ұзындығы 6,8 км. Құрылыс болғанда жоғары өткізу қабілетімен ерекшеленетін құрылым өзегімен АССС сымы және «АЭҮК» АҚ диспетчерлік қызметімен сенімді байланысты қамтамасыз ететін талшық кабелімен найзағай арқаны қолданылды. Бұл АС астананың ескі әкімшілік орталығын қамтиды.


Пресс-тур барысында қатысушылар бұрын іске асырылған инвестициялық жобалардың нәтижелерімен де танысты. 2015-2016 жылдары инвестициялық жобаның табысты іске асырылуының көрсеткіштері ХХ ғасырдың 60-шы жылдары пайлануға берілген ескі қосалқы станцияны толығымен бұзып тастап орынына «Елизаветинка» 110/10 кВ қосалқы станция салынғаны болып табылады.

Жаңа қосалқы станцияның құрылысы ұдайы халықының саны өсіп келе жатқан астанаға іргелес Бозайғыр кентінің тұтынушыларын үзіліссіз электрмен жабдықтау әрі әлеуметтік шиеленушілікті төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосалқы станциядағы барлық сызық және енгізу ұяшықтары вакуммдық ажыратқыштармен және микропроцессорлық қорғаныстармен жинақталған. Микропроцессорлық қорғаныс жалпы қуаттылығы 6,3 мВА құрайтын екі күшті трансформаторларда, сондай-ақ кернеудің барлық транформаторларында орнатылған.
«АЭҮК» АҚ өкілдері Компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру барысында замануи жоғары технологиялық жабдықтарды орнату энергияның жоғалуы мен технологиялық бұзулардың болмауын төмендететінін, қоршаған ортаға қолайсыз әсерді азайтатынын және бастысы қатынасу аймағында жұмыс істеп жүрген персонал мен халықтың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Анықтама: «АЭҮК» АҚ 2001 жылдың 1 наурызы құрылды. Компания қызметінің мәні электр энергиясын беру және үлестіру бойынша қызметтер көрсету болып табылады.



Қызмет көрсету аймағының жалпы ауданы 114,428 мың шаршы км құрайды.

«АЭҮК» АҚ Ақмола облысының 14 әкімшілік ауданы мен Астананың ескі әкімшілік орталығы аумағында орналасқан 0,4 кВ-220 кВ электр жүйелері қызмет көрсетеді.

Компания балансында: 2 942,7 МВА жалпы қуаттылығымен 3 770 қосалқы станция; 0,4/110 кВ қуатпен 105,07 км кәбілдік және 21,504 мың км әуе желісі бар. «АЭҮК» АҚ Қазақстанның Бірыңғай Энергетика жүйесіне қосылған. Компанияның электр жүйелеріне 748 мың адам халықымен меншіктің әртүрлі нысандағы кәсіпорындары жинақталған Қазақстанның өндірістік өңірі – Ақмола облысы ұйымдарының көпшілігі қосылған.

Компанияның құрамына Басқарма аппараты және үш құрылымдық бөлімше – ауданаралық электр жүйелері (ААЭЖ) кіреді:

    • Ақмола ауданаралық электр жүйелері (АААЭЖ)

    • Степногорск ауданаралық электр жүйелері (СтААЭЖ)

    • Есіл ауданаралық электр жүйелері ААЭЖ)

ААЭЖ құрамына аумақтық бөлімше бойынша 0,4-220 кВ қызмет көрсететін жүйелер 14 ауданаралық электр жүйелер кіреді:

АААЭЖ: Атбасар, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Целиноград, Қорғалжын;

СтААЭЖ: Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Шортанды;

ЕААЭЖ: Жарқайың, Жақсы, Есіл, Сандықтау.



«АЭҮК» АҚ «Орта-Азия Электроэнергетика компаниясы» АҚ тобына кіреді
«АЭҮК» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

Тел.: 8 (7172) 27 48 30

Моб.: 8 701 032 42 11

E-mail:pressa@arek.kz

www.arek.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау