Р/с
№
|
Құрылымдық элементтің атауы
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Кодексі
|
15
|
222-бап жаңа 1-1-тармақпен толықтырылсын, осы баптың 2-тармағына толықтыру енгізілсін
|
222-бап. Мүгедектердің еңбек ету құқығын іске асыруы
1-1. жоқ.
2. Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.
|
222-бап. Мүгедектердің еңбек ету құқығын іске асыруы
1-1. Мүгедектердің әдеттегідей және (немесе) арнайы еңбек жағдайлары бар жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқығы бар.
2. Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.
арнайы еңбек жағдайлары (арнайы жұмыс орындары) мүгедектерге басқа қызметкерлермен тең мүмкіндік жасау үшін әрбір нақты жағдайда құрылады.
|
Конвенцияның 27-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер еңбек ету құқығын, оның ішінде ... заңнамалық тәртіппен қабылдау жолымен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және көтермелейді, бұл шаралар:
а) жұмыспен қамтудың барлық нысандарына, оның ішінде жұмысқа қабылдауға, жалдауға және жұмыспен қамтуға, жұмысын сақтауға, қызмет бабында өсуге және қауіпсіз әрі салауатты жұмыс жағдайына қатысты барлық мәселелер бойынша мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тыйым салуға;
i) мүгедектердің жұмыс орнын ақылға қонымды құрылғымен қамтамасыз етуге;
бағытталуға тиіс.
|
2.«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы»
2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Қазақстан Республикасының Заңы
|
70
|
1-бап,
2, 5-1, 10- тармақ толықтырылсын
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай-ақ қарттарға медициналық-әлеуметтiк мекемелерде, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшелерiнде және әлеуметтiк қызмет көрсетудiң аумақтық орталықтарында берiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң көлемiн және оларды ұсынудың тәртiбiн белгiлейтiн ережелер
……………..
4) қайта жасау хирургиясы – организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi;
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – күтім мен медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталық немесе өзге де ұйым;
7) мүгедек – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
8) мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;
10) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау –мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөнiндегi шаралар кешенi
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2) Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай-ақ қарттарға медициналық-әлеуметтiк мекемелерде, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшелерiнде және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң аумақтық орталықтарында берiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң көлемiн және оларды ұсынудың тәртiбiн белгiлейтiн ережелер
...................
4) алып тасталсын
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – күтім мен медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, оның ішінде психоневрологиялық потологиясы бар және трек-қозғалыс аппараты бұзылған тұрақты күтімді қажет ететін және басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедек балалардың стационарда немесе жартылай стационар жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;
7) мүгедек – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
8) мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;
……………………….
10) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау – мүгедектерге тіршілік-тынысының шектелуін еңсеру жағдайларын қамтамасыз етету үшін және оларға қоғам өміріне қатысуға басқа азаматтармен бірдей мүмкіндіктер жасауға бағытталған қолдау шараларының экономикалық, құқықтық, әлеуметтік жүйесі.
|
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келтіру үшін
Жобаның ұсынылған редакциясындағы мәтін бойынша пайдаланылмайды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (60-бап, 1-тармақ) сәйкес келтіру және әртүрлі оқылуды болдырмау
|
71
|
7-бап, 1-тармақта 1-2) тармақшасымен толықтырылысн
|
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыреті
1-2) жоқ
3) мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын әзiрлейдi;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, тобын және еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын анықтау ережелерiн әзiрлейдi
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – күтім мен медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталық немесе өзге де ұйым;
6-1) жоқ
2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады:
2) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн, организм функцияларының бұзылуы және тiршiлiк-тынысының шектелуi дәрежесiне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау;
|
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыреті
1-2) Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерін арнайы диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықтау нормативтерін әзірлейді және бекітеді
3) әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын әзiрлейдi;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын дайындау ережелерiн әзірлейді
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда, жартылай стационарда, үйде күтім жасау жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталық немесе өзге де ұйым;
6-1) медицинық-әлеуметтік сараптама актісінің, медициналық-сараптама жүргізу хаттамалырын есепке алу, медициналық-әлеуметтік сараптама актілетін тексеру журналдарының, қатаң есептіліктегі бланктердің, медициналық-әлеуметтік сараптама актілерінің қозғалысын, консультацияларды тіркеу, медициналық-әлеуметтік сараптама актілетін тексеру, медициналық-әлеуметтік сараптама актілерінің қозғасынын есепке алу, қатаң есептіліктегі бланктерді тіркеу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді тіркеу журналдары мен реестрларының нысандарын әзірлейді және бекітеді.
2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының құзыретiне мыналар жатады:
2) мүгедектiк тобын және/немесе еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн, олардың себептерiн, мерзiмдерiн организм функцияларының бұзылуы және тiршiлiк-тынысының шектелуi дәрежесiне қарай белгілеу;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жарақат немесе басқа да денсаулық зақымын алған қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге қажеттілігін анықтау;
|
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 4-бабын (Жалпы міндеттемелерді) іске асыруда қатысушы мемлекеттер:
a) осы Конвенцияда танылатын құқықтарды іске асыру үшін барлық тиісті заңнамалық, әкімшілік және өзге де шараларды қабылдауға;
c) барлық стратегиялар мен бағдарламаларда мүгедектердің адам құқықтарының қорғалуы мен көтермеленуін ескеруге міндеттенеді.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіру
Аталған баптың 1-тармағымен регламеттеледі, сонымен бірге Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесi ҚРҮ 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 қаулысымен бекiтілген.
Сонымен қатар, Еңбекмині МӘС бөлімдері жұмыста пайдаланатын, сондай-ақ куәландырылатын адамға немесе оның заңды өкіліне құжаттарды беруді тіркейтін МӘС журналдары мен актілерінің нысанын әзірлейді және бекітеді
Министрлік деректер банкін қалыптастырмайды (деректерді енгізбейді), оның аумақтық органдары қалыптастырады.
Бұл ретте деректер банкінде тек мүгедектер ғана емес, еңбек қабілетінен айрылған адамдар (мүгедектіксіз 29 % дейінгі), мүгедектік белгіленбеген, оның ішінде негізсіз жолданған адамдарда тіркеледі (ескеріледі).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес келтіру
|
72
|
8-бап,
2,3-тармақ толықтырылсын
|
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
2) ауруға диагноз қоюдың және емдеудiң хаттамаларын айқындайды;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi медициналық оңалтуды жүзеге асырады;
|
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
2) ауруға диагноз қоюдың және емдеудiң, оңалтудың хаттамаларын айқындайды;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi медициналық оңалтуды жүзеге асырады;
|
Медициналық оңалту жөніндегі стандарттардың болмауына байласнысты, мүгедектер тек жағдайы асқынған және нашарлаған кезде ғана барлық науқастармен қатар емделуге мәжбір. Оңалту іс-шараларының ең аз көлемі мен ұзақтығы регламенттелетін мүгедектерді оңалтудың медициналық стандарттары қажет.
|
73
|
10-бап, 1-тармақ, 2-1) жаңа тармақшамен толықтырылсын
|
10-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
2-1) жоқ
4) осы Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
|
10-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
2-1) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады.
4) халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады.
|
Заңға тәуелді актілердің болмауы жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуіне мүмкіндік бермейді
Білім беру ұйымына түсуге арналған құжаттар тізбесінде ЖОБ ұсыну қажеттілігі жоқ болғандықтан, мүгедектерге ЖОБ міндетті ұсынуды алып тастау атрық қағазбастылықты жоға мүмкіндік береді. Қайта оқыту немесе кәсіптік оқыту үшін медициналық анықтама немесе білім алғысы келген адамның өтініші негізгі критерий болып табылады
|
74
|
11-бап, 2-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылсын
|
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
3-1) жоқ
|
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
3-1) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады.
|
Заңға тәуелді актілердің болмауы жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуіне мүмкіндік бермейді
|
75
|
13-бап
1-1), 2-1) жаңа тармақшалармен толықтырылысын
|
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама
1-1) жоқ
2. …...
2-1) жоқ
3. Адамды мүгедек деп таныған және еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеген кезде олардың себептерi, мерзiмi, басталған уақыты, қосымша көмек түрлерiне және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудегi қажеттiлiктерi анықталады, сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы әзiрленедi.
|
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, қолдану мерзімі аяқталған құжаттарды және (немесе) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде халықты әлеуміттік қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелер медициналық-сараптама жүргізу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
23.…….
2-1) Тіршілік-тынысының мынандай санаттарының (өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті; жүріп тұру қабілеті; еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті); оқуға қабілеті; айналасын бағдарлай білу қабілеті; қарым-қатынас жасау қабілеті; өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті; ойын және танымдық қызметке қабілеті; қозғалыс белсенділігіне қабілеті) бірнің шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік пен еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі белгіленбейді.
3. Адамды мүгедек деп таныған және еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеген кезде олардың себептерi, мерзiмi, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттiлiктерi анықталады, сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы әзiрленедi.
|
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Еңбекминінің ережесіне сәйкес келтіру
Толықтырулар енгізу мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында бас тартулар бойынша негіздемені нақтылауға, құқық қолдану тәжірбиесінде қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді
Нақтылау үшін түзету
|
76
|
16-бап, 16-баптың 2-абзацы
|
16-бап. Әлеуметтiк көмек
Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдердi қамтиды.
Жергiлiктi атқарушы органдар мен жұмыс берушi әлеуметтiк көмектiң қосымша түрлерiн көрсетуге құқылы.
|
16-бап. Әлеуметтiк көмек
Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдердi қамтиды.
Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші, меншік нысанына қарамастан өзге органдар мен ұйымдар көрсетуге құқылы.
|
Қолданыстағы тұжырым тәжірибеде жұмыс беруші мен жергілікті атқарушы органың көмек ұсынуымен шектеледі, ал қосымша көмекті қайырымдылық ұйымдары, қоғамдық қорлар, дағдарыс қорлары және т.б. көрсете алады.
|
77
|
17-бап,
2-тармақ толықтырылсын
|
17-бап. Мүгедектердi оңалту
2. Мүгедектердi оңалту медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысы негiзiнде айқындалатын мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
|
17-бап. Мүгедектердi оңалту
2. Мүгедектердi оңалту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Қазіргі уақытта мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы әзірленгенбеген, соған қарамастан ЖОБ болмауы мүгедекті оңалтудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
|
78
|
Статья 21,
дополнить
|
21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту
1. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтiк қызметтер көрсетудi:
жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi берудi;
естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тiлi маманын берудi;
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетудi;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтар, әлеуметтiк қызметтi үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi) және меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
|
21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту
1. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi:
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi берудi;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге жылына кемінде алпыс сағаттқа ымдау тiлi маманын берудi;
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
.........
2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтар, әлеуметтiк қызметтi үйде көрсететiн бөлiмшелер, күндіз болу бөлімшелері, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
|
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтіру
|