Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет24/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

79

гілеген  нормаларға  сәйкес  жұмыскерлердің  арнайы  киімі  мен 

аяқкиімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, 

жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобди-

шамен, сүтпен немесе бірдей тамақ өнімдерімен және (немесе) 

диеталық  (емдік  және  профилактикалық)  тамақтануға  арналған 

арнайы  өнімдермен,  жеке  және  ұжымдық  қорғаныш  құралда-

рымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;

5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсызданды-

ру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнет-

керлік жасқа толған адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдай-

лары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жібермеуге;

6) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің өздері үшін бел-

гіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және 

қозғалтуына жол бермеуге;

7) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан аса-

тын заттарды қолымен көтеруіне және жылжытуына жол берме-

уге;


8)  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғалар  мен 

кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алуды және талдауды жүзеге 

асыруға;

9)  еңбек  жөнiндегi  уәкiлеттi  мемлекеттiк  органға  және  еңбек 

инспекциясы  жөнiндегi  жергілікті  органға,  жұмыскерлердiң  өкiл-

дерiне олардың жазбаша сұрау салуы бойынша еңбек жағдайла-

ры, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйiнің мониторингі 

үшін қажеттi ақпаратты тоқсанына бір рет беруге; 

10)  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаларды 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіп-

пен тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге;

11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын және 

қорытындыларын орындауға; 

12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен қағи-

даларға  сәйкес  өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бой-

ынша  мерзімдік  аттестаттауды  жұмыскерлер  өкілдерінің  қаты-

суымен бес жылда бір реттен сиретпей өткізуге;

13) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша атте-

статтау нәтижелерiн еңбек инспекциясы жөнiндегi тиісті жергілікті 

органға бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде 

ұсынуға;



80

14)  жұмыскер  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  атқарған  кезде 

оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға; 

15) авариялық ахуалдың өршуін және жарақаттайтын фактор-

лардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл 

шараларды қабылдауға;

16)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  нұсқау-

лықтарды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен әзір-

леуді, бекітуді және қайта қарауды жүзеге асыруға;

17) келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының 

заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдай-

ларының  өзгеруіне  байланысты  не  кәсіптік  аурудың  белгілері 

пайда болғанда басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскерлерді 

міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қа-

рап-тексеруден және ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі ме-

дициналық куәландырудан меншікті қаражаты есебінен өткізуге 

міндетті.

ЕК-нің  184-бабы  жұмыс  орындарының  қауiпсiздiк  талап-

тарын белгілейді, оған сәйкес жұмыс орындары орналас-қан ғи-

мараттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы бойынша олардың функ-

ционалдық мақсатына және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

талаптарына сай болуға тиiс. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрi 

үшiн  белгiленген  қауiпсiздiк  нормаларына  сәйкес  келуге,  онда 

тиiстi техникалық паспорт, сақтандыру белгiлерi болуға және қыз-

меткерлердiң жұмыс орындарындағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 

үшiн қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз 

етiлуге  тиiс.  Егер  жұмыс  орындары  жұмыстың  сипатына  қарай 

қызметкерге қауiп-қатер төндiретiн немесе құлайтын заттар бар 

қауiптi аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға 

бөгде адамдардың кiруiн шектейтiн құрылғыларымен жабдықта-

луға тиiс. Жаяу жүргiншiлер мен технологиялық көлiк құралдары 

ұйымның аумағында қауiпсiз жағдайларда жүрiп-тұруға тиiс. 

Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа жұмыс бе-

рушi қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейiн жi-

берiледi

Еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаларды 

және  қызметкерлер  денсаулығының  өзге  де  зақымдануларын 

тергеп-тексеру мен есепке алу регламенттелген (ЕК-нің 20-тара-

уында регламенттелген (186-190-баптар). 




81

Денсаулығы зақымдану жағдайларын тер-

геу және есепке алуға жататын адамдар

еңбек қы-

зметiне 

байланысты 

және еңбек-

ке қабiлет-

сiздiгiне не 

өлiмiне әкеп 

соққан қыз-

меткерлер

оқу орын-

дарын-да 

оқитын, 

кәсiптiк 

практикадан 

өтiп жүрген 

адамдар

әскери 


қызмет, 

ар-наулы 

мемлекеттiк 

органдар-

да қызмет 

өткерумен 

байланысты 

емес жұ-


мыс тарды 

орын дауға 

тартыл 

ған әскери 



қызмет-

шiлердiң, 

арнаулы 

мемлекеттiк 

органдар 

қызметкер 

лерi

сот үкiмi 



бойын ша 

еңбекке 


тартыл ған 

адамдар


әскерилен-

дiрiлген 

авари-

ялық-құтқа-



ру бөлiм-

дерi, 


әскерилен-

дiрiлген 

күзет жеке 

құрамының, 

авариялар-

дың, дүлей 

зiлзаланың 

салдарла-

рын жою 

жөнiндегi, 

адам өмiрiн 

және мүлiк-

тi құтқару 

жөнiн дегi 

ерiктi ко-

мандалар 

мүшелерi

Өндiрiстiк жарақаттар мен қызметкердiң денсаулығына еңбек 

мiндеттерiн атқарумен байланысты келтiрiлген өзге де зақымда-

нулар не жұмыс берушiнiң мүдделерi үшiн өз бастамасы бойын-

ша еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмге әкеп соққан басқа да әре-

кеттер, егер олар: 

1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кей-

iн жұмыс орнын, өндiрiс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құрал-

дарын және басқаларын дайындау және ретке келтiру кезiнде;

2)  жұмыс  орнындағы  жұмыс  уақыты  iшiнде  немесе  iссапар 

кезiнде  не  жұмыс  берушiнiң  немесе  ұйымның  лауа-зымды  ада-



82

мының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де мiндеттеме-

лердi орындауға байланысты басқа жерде болғанда;

3)  қауiптi  және  немесе  зиянды  өндiрiстiк  факторлар  әсерiнiң 

нәтижесiнде; 

4) қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушiнiң тапсырмасы 

бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда; 

5)  қызметкердiң  еңбек  мiндеттерiн  орындауы  кезiнде  жұмыс 

берушiнiң  көлiгiнде;    жеке  көлiгiн  қызмет  бабында  пайдалану 

құқығына жұмыс берушiнiң жазбаша келiсiмi болғанда өзiнiң жеке 

көлiгiнде;

6) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өз ұйымының немесе басқа 

ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушiнiң 

мүлкiн  қорғау  не  жұмыс  берушiнiң  мүддесi  үшiн  өз  бастамасы 

бойынша өзге де iс-әрекеттер жасау кезiнде болса;

7)  вахталық  әдiспен  жұмыс  iстейтiн  қызметкерлердiң  вахта 

кезiндегi жұмыс уақытының алдында немесе одан кейiн жиналу 

орнынан    жұмыс  берушi  берген  көлiкпен  жұмысқа  бару  немесе 

керi  қайту  жолында  болса, 

өндiрiстегi  жазатайым  оқиғалар 

ретiнде қарастырылады.

Тергеп-тексеру  барысында  жарақаттар  мен  зақымдану-лар-

дың: 

1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстар-



ды  немесе  өзге  де  iс-әрекеттердi  функционалдық  мiндеттерiне 

кiрмейтiн және жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес, 

сондай-ақ  алкогольдiк  мас  болу,  уытты  және  есiрткi  заттарды 

пайдалану күйiне байланысты себеппен орындаған кезде;

2) өз денсаулығына қасақана ( зиян келтiру нәтижесiнде неме-

се зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде; 

3)  зардап  шеккен  адам  денсаулығының  медициналық  қоры-

тындымен расталған, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк фак-

торлардың әсерiмен байланысты емес кенеттен нашарлауынан 

болғаны нақты анықталса, олар өндiрiстiк жарақаттар және қыз-

меткерлер денсаулығының 

өндiрiстегi өзге де зақымданулары 

ретiнде ресiмделмейдi



83

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!

Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам 

немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмыстарды 

ұйымдастырушыға дереу хабарлауға мiндеттi.

Жұмыс  берушiнiң  өндiрiстегi  жазатайым  оқиға  кезiндегi 

мiндеттерi (ЕК-нің 187-бабы):

1)  зардап  шеккен  адамға  алғашқы  медициналық  көмек  көр-

сетуді және қажет болған кезде оны денсаулық сақтау ұйымына 

жеткізуді ұйымдастыруға;

2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға орнындағы 

жағдайды  (жабдықтар  мен  механизмдердің,  еңбек  құрал-жаб-

дықтарының  жай-күйін),  егер  бұл  басқа  адамдардың  өмірі  мен 

денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үздіксізді-

гін бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күй-

де сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосурет-

ке түсіруге;

3) зардап шеккен адамның жақын туыстарын жазатайым оқиға 

туралы  дереу  хабардар  етуге  және  осы  Кодексте,  өзге  де  нор-

мативтік-құқықтық актілерде айқындалған мемлекеттік органдар 

мен ұйымдарға хабар жіберуге;

4) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін еңбек 

қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін 

оқиға орнына жіберуге міндетті.

2.  Жұмыс  беруші  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым 

оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемле-

кеттік орган белгілеген нысан бойынша:

1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;

2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар 

кезінде  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  саласындағы  уәкілетті  органның 

аумақтық бөлімшесіне;    

3)  кәсіптік  ауру  немесе  улану  жағдайлары  туралы  халықтың 

санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы 

мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;

4) жұмыскерлердің өкілдеріне;



84

5) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны 

жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтанды-

ру ұйымына;

6)  жазатайым  оқиға  болған  жердегі  құқық  қорғау  органына 

және  арнайы  тергеп-тексеруге  жататын  жағдайларда  өндірістік 

және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті орган-

дарына хабарлайды.

3.  Еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаны  тер-

геп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші 

меншікті қаражаты есебінен:

1)  техникалық  есеп-қисаптардың  орындалуын,  зертханалық 

зерттеулердің,  сынақтардың,  басқа  да  сараптама  жұмыстары-

ның  жүргізілуін  және  осы  мақсаттарда  сарапшы  мамандардың 

тартылуын;

2)  оқиға  орнын  және  зақым келтірілген  объектілерді  фотосу-

ретке түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;

3)  тексеру  жүргізу  үшін  қажетті  көлік,  қызметтік  үй-жай,  бай-

ланыс  құралдарын,  арнайы  киім  және  басқа  да  жеке  қорғаныш 

құралдарын беруді;

4) мыналарды:

жұмыс  орнының  жай-күйін,  қауіпті  және  (немесе)  зиянды  өн-

дірістік  факторлардың  бар-жоғын  сипаттайтын  құжаттарды 

(жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға 

орнының фото- және бейнематериалдарын және басқаларды);

нұсқауларды  тіркеу  журналдарынан  және  зардап  шеккен 

адамдардың  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі 

білімін  тексеру  хаттамаларынан,  еңбек  қызметіне  байланысты 

жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап 

алу  хаттамаларынан,  зардап  шеккен  адамдардың  түсініктеме-

лерінен, мамандардың сараптамалық қорытындыларынан үзінді 

көшірмелерді;

зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;

зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның 

сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның қайтыс болуының се-

бебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң-

дық белгілерінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытынды-

ны;



85

зардап шеккен адамға арнайы киім және басқа да жеке қорға-

ныш құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

көрсетілген өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспектор-

лары мен аумақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазым-

ды адамдарының (егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым 

оқиға  осы  органның  бақылауындағы  ұйымда  немесе  объектіде 

орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;

комиссияның  қалауы  бойынша  істің  қаралуына  қатысы  бар 

басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз етеді.



Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде жұ-

мыс берушi өз қаражаты есебiнен:

Арнайы тергеп-тексерiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, 



өн-

дiрiстегi  жазатайым  оқиғаларды  тергеп-тексерудi  жазатайым 

оқиға болған кезден бастап жұмыс берушiнiң актiсiмен 24 сағат 

iшiнде құрылатын комиссия жүргiзедi (ЕК-нің 188-бабы). 

Арнайы тергеп-тексеруге ауыр немесе кiсi өлiмiмен 

аяқталған жазатайым оқиғалар; бiр мезгiлде екi және одан 

да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиға-

лар; қатерлi уланудың топтық оқиғалары жатады.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзiмi комиссия 

құрылған күннен бастап 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

Өндiрiстегi  жазатайым  оқиғаны  әрбiр  тергеп-тексеру  кезiн-

де  комиссия  оқиға  куәгерлерiн,  еңбек  қауiпсiздiгi  және  еңбектi 

қорғау жөнiндегi талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды 

анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушiден қажеттi 

ақпарат және мүмкiн болса, зардап шеккен адамнан түсiнiктеме 

алады. 

Жұмыс берушiге уақтылы хабарланбаған не нәтижесiнде ең-



бекке қабiлетсiздiгi бiрден туындамаған (талап ету мерзiмiне қа-

рамастан)  жазатайым  оқиғалар  зардап  шеккен  адамның  (оның 

өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша немесе мемлекеттiк еңбек инспекторы-

ның нұсқамасы бойынша өтiнiш тiркелген, нұсқама алынған күн-

нен бастап 10 күн iшiнде тергеп-тексерiледi.



86

 Жиналған құжаттар мен материалдар негiзiнде комиссия жа-

затайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерiн анықтайды, жа-

затайым оқиғаның жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байла-

нысын және тиiсiнше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзiнiң 

еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты болуы түсiндiрiлгенiн 

анықтайды; 

жазатайым оқиғаны өндiрiстегi жазатайым оқиға 

ретiнде  немесе  өндiрiспен  байланысты  емес  жазатайым 

оқиға ретiнде саралайды; еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

талаптарының  бұзылуына  жол  берген  адамдарды  анықтап,  өн-

дiрiстегi  жазатайым  оқиғалардың  себептерiн  жою  және  алдын 

алу жөнiндегi шараларды белгiлейдi. 



Қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтуына әкеп 

соққан өндiрiспен байланысты әрбiр жазатайым оқиға 

медициналық қорытындыға сәйкес Еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау министрлігі белгiлеген Н-1 нысаны 

бойынша жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексерудi мемлекеттiк 

еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлiмшесi құрған комис-

сия жүргiзеді. Екi адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиға-

ларды тергеп-тексерудi облыстың, республика-лық маңызы бар 

қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы басқаратын комиссия 

жүргiзедi. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға 

дейiн болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi ең-

бек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да 

көп адам қайтыс болғанда – Қазақстан Республикасының Үкiметi 

құрған комиссия жүргiзедi.



Жазатайым  оқиға  туралы  акт  толтырылып,  оған  еңбек  қа-

уiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң және ұйым бөлiмшесiнiң 

басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қоя-

ды және оны жұмыс берушi бекiтiп, ұйымның мөрiмен расталады.  

Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актiге халықтың 

санитарлық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы 

мемлекеттiк  органның  өкiлi  де  қол  қояды.  Егер  жұмыс  берушi 



87

жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған 

жұмыс берушi қол қояды және нотариалды түрде расталады. 

Егер өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде ко-

миссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсы-

здық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың ара-

лас жауапкершiлiгiн қолданып, қызметкер мен жұмыс берушiнiң 

кiнәсiн проценттермен айқындайды.



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!

Әрбiр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан 

кейiн жұмыс берушi 3 күннен кешiктiрмей зардап шеккен 

адамға немесе оның сенiмдi адамына жазатайым оқиға 

туралы актiнi беруге мiндеттi, актiнiң бiр данасы жұмыс 

берушi шарт жасаған сақтандыру ұйымына, ал екiншiсi - 

мемлекеттiк еңбек инспекциясына жiберiледi.

Тергеп-тексеру  нәтижесiмен  келiспеген  немесе  жаза-тайым 

оқиға  туралы  акт  уақтылы  ресiмделмеген  кезде  зардап  шеккен 

адам жұмыс берушiге жазбаша түрде жүгiнуге құқылы, жұмыс бе-

рушi өтiнiшi 10 күн iшiнде қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. 

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда 45 

жыл бойы сақталуға тиiс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым 

оқиғаны тергеп-тексеру материалдары мiндеттi түрде сол ұйым 

жұмыс iстеген жердегi мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуға тиiс. 

Зардап  шеккен  адам  немесе  қызметкерлердiң  өкiлi  жазатай-

ым оқиғаны тергеп-тексерудiң бүкiл материалдарымен танысуға 

және қажеттi үзiндi көшiрмелер жасауға құқылы.

1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмы-

скерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек қа-

уіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады. 

Оның құрамына техникалық еңбек инспекторларын қоса алғанда, 

жұмыс  берушінің  өкілдері,  жұмыскерлердің  өкілдері  тепе-теңдік 

негізде кіреді.




88

2.  Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  өндірістік 

кеңестің құрамы жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің 

бірлескен шешімімен бекітіледі. 

3.  Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  өндірістік 

кеңесті екі жылда бір рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұ-

мыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің арасынан кеңес мү-

шелері сайлайтын төраға басқарады.

Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  өндірістік 

кеңестің шешімдері жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін мін-

детті болып табылады. 

4.  Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  өндірістік 

кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талап-

тарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауру-

лардың  алдын алу  жөніндегі  бірлескен  іс-қимылдарын ұйымда-

стырады, сондай-ақ техникалық еңбек инспекторларының жұмыс 

орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тек-

серу жүргізуін ұйымдастырады.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың канди-

датураларын  кәсіптік  одақ,  ал  ол  болмаған  кезде  –  жұмыскер-

лердің  жалпы  жиналысына  кемінде  үштен  екісі  қатысқан  кезде 

көпшілік дауыспен ұйымның жұмыскерлері арасынан жұмыскер-

лердің жалпы жиналысы ұсынады.

5.  Еңбекті  қорғау  жөніндегі  техникалық  инспекторлар  ең-

бек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  өндірістік  кеңестің 

шешімімен бекітіледі.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәрте-

бесі,  құқықтары  мен  міндеттері,  сондай-ақ  олардың  бақылауды 

жүзеге асыру тәртібі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнін-

дегі өндірістік кеңестің шешімімен айқындалады.





ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Құрастырушы-автор   С.К. Идрышева

Верстка  Степанец Наталья

Басуға 14.06.2016 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16

Қаріп түрі Arial. Қағаз офсеттік. 

Шартты баспа табағы 5,75. Тираж 5000. Тапсырыс № 560.

«VVP.KZ» ЖҚ өнделіп, басылып шықты.

тел.: +7 (7172) 62-66-42





жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау