Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет9/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

30

5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы 

және толық көлемде жалақы төленуіне;

6) бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;

7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек де-

малысына;

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көз-

делмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын 

қоса  алғанда,  өзінің  еңбек  құқықтарының  берілуі  мен  оларды 

қорғау үшін бірігуге;

9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық 

шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжым-

дық шартпен танысуға;

10)  еңбек  міндеттерін  орындауға  байланысты  денсаулығына 

келтірілген зиянды өтетуге;

11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым 

оқиғалардан сақтандырылуға;

13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы кел-

мейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

15)  бірдей  еңбегі  үшін  қандай  да  бір  кемсітусіз  бірдей  ақы 

алуға;

16)  жеке  еңбек  дауын  шешу  үшін  осы  Кодексте  көзделген 



тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес 

жабдықталған жұмыс орнына;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ең-

бек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және 

ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз 

етілуге;

19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал 

туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс 

берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас 

тартуға;

20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (неме-

се) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнын-

дағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп 

қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдай-



31

ларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланы-

сты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;

21) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты 

қатынастар  саласындағы  әрекеттеріне  (әрекетсіздігіне)  шағым 

жасауға;


22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың 

саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбе-

гіне ақы төленуіне;

23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңда-

рында  белгіленген  тәртіппен,  ереуілге  құқықты  қоса  алғанда, 

жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;

24)  жұмыс  берушіде  сақталатын  дербес  деректерінің  қорға-

луын қамтамасыз етуге құқығы бар.



Қызметкердің міндеттері

1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарт-

тарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

      2) еңбек тәртібін сақтауға;

      3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 

өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік сани-

тария жөніндегі талаптарды сақтауға;

      4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты 

қарауға;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші 

мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін аху-

ал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны ту-

ралы жұмыс берушіге хабарлауға;

      6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім 

болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерци-

ялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын 

мәліметтерді жария етпеуге;

      7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан 

Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде 

жұмыс берушіге өтеуге міндетті.

Құқықтар мен міндеттердің осы тізбесі толық болып табылмай-

ды.

Қызметкердің  Еңбек  кодексінде  көзделген  өзге  де  құқықтар 



мен міндеттерді орындауға құқығы бар.


32



ЕҢБЕК ТӘРТIБІ. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ. 

ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ.

Еңбек тәртiбі – бұл Еңбек кодексінде, өзге де заңдарда, сон-

дай-ақ  ұжымдық  шартта,  жұмыс  берушінің  өзге  де  нормативтік 

актілерінде  және  қызметкердің  еңбек  шартында  айқындалған 

барлық қызметкерлердің бағынуы үшін міндетті мінез-құлық ере-

желері. 


Ұйымның еңбек тәртібі ішкі тәртіп ережелерiнде айқындалады. 

Ішкі  еңбек  тәртіптемесі  ережесі  –  бұл  жұмыс  берушінің  норма-

тивтік актісі (ЕК-нің 63-бабы), онда:

• қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару;

•  жұмыс уақыты режимі: жұмыс аптасының ұзақтығы       (5 

күндік екі демалыс күнімен, 6 күндік бір демалыс күнімен не өз-

гермелі кесте бойынша демалыс күнін берумен болатын жұмыс 

аптасы),  күнделікті    жұмыс  ұзақтығы,  жұмыстың  басталу  және 

аяқталу  уақыты,  жұмыстағы  үзіліс  уақыты,  тәуліктегі  ауысым 

саны, жұмыс және жұмыс емес күндерінің кезектесуі;

• тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс беру уақыты және 

оның нақты ұзақтығы; 

• жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы және тынығуы үшін  

арнайы  үзіліс  беру  қажет  жұмыстардың  түрлері,  мұндай  үзілі-

стердің ұзақтығы мен оны беру тәртібі;

• 5 күндік жұмыс аптасы кезіндегі екінші демалыс күні, ал өн-

дірістік-техникалық және ұйымдастырылу жағдайлары бойынша 

жұмысын демалыс күндері тоқтату мүмкін  болмайтын  ұйымдар-

да – қызметкерлердің жекелеген топтары бойынша демалыс күн-

дері әртүрлі күндерде ;

• жылсайынғы қосымша ақы төленетін демалыстың ұзақтығы;

• еңбекақы төлемін төлеу мерзімдері;

• қызметкерлерді көтермелеу түрлері белгіленеді.

Ішкі  еңбек  тәртіптемесінің  ережелерінде,  сондай-ақ  қызмет-

керлердің  және  жұмыс  берушінің  негізгі  құқықтары,  міндеттері 

мен жауапкершілігі, сондай-ақ нақты ұйымның ерекшелігіне және 

жұмысы жағдайларына қолдануға қажет басқа да ережелер бел-

гіленеді.




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау