ӘОЖ 349.2 (035)
КБЖ 67.405я2
Е 58
Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы. –
Астана, 2016. – 92 б.
ISBN 978-601-7513-10-8
Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық рефор-
маны іске асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарын (83-қадам
«еңбек қатынастарын ырықтандыру») жүзеге асыру шеңберін-
де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі әзірлеген.
ӘОЖ 349.2 (035)
КБЖ 67.405я2
ISBN 978-601-7513-10-8
© «VVP.KZ», 2016
МАЗМҰНЫ
№
р/с
Тақырыптың атауы
бет
1
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз
етудің жалпы қағидалары.
4
2
Еңбек қатынастарының туындауы. Еңбек шарты.
8
3
Жұмыс беруші мен қызметкерлердің
негізгі құқықтары мен міндеттері
27
4
Еңбек тәртібі. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты.
32
5
Қызметкерлердің еңбек заңнамасымен
көзделген құқықтарының кепілдіктері.
50
6
Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау.
58
7
Ұжымдық шарт.
61
8
Еңбек даулары.
63
9
Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік.
72
10
Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғау саласындағы негізгі құқықтары мен
міндеттері.
74
4
1
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы еңбек
және тікелей онымен байланысты қатынастарды реттейді. Еңбек
құқығы қатынастары – бұл қызметкер мен жұмыс берушiнiң ара-
сындағы еңбек шарты негізінде пайда болатын және одан туын-
дайтын, онымен тығыз байланысты заңдық қатынастар, бұдан
әрі оларға осы Анықтамалықта қаралып, түсінік беріледі.
Халықарылық практикаға сәйкес еңбек құқығы қатынас-та-
рының қатысушылары басым көпшілігінде «жұмыс беруші» мен
«қызметкер» («қызметкерлер») деген жалпы терминдермен ата-
лады.
Еңбек қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық
акті 2015 жылы 23 қарашада қабылданған және өзінде 204 бапты
құрайтын 5 бөлімнен тұратын Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексі (бұдан әрі – ЕК, Кодекс, Еңбек кодексі) болып табылады.
Қызметкердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің жалпы
қағидалары Еңбек кодексінің 4-бабында бекітілген. Қағидалар
– бұл латын тілінен аударғанда нормативтік-басқарушылық си-
патқа ие, құқықтық реттеудің барлық саласында қолданылатын
және барлық қатысушыларға таралатын негізгі бастаулар. Еңбек
құқығында еңбек заңнамасының қағидалары жоғарыда көрсетіл-
гендей, Кодекстің өзінде бекітілген.
Еңбек заңнамасы қағидаларының әрбірі одан әрі Еңбек ко-
дексінің және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілердің
нормаларында егжей-тегжейлі бекітілген.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық
реттеу ерекшеліктері Еңбек кодексімен қатар сондай-ақ
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленеді.
Мысалы, «Ішкі істер органдары туралы», «Прокуратура тура-
лы», «Атқарушылық ісі және сот орындаушыларының
мәртебесі туралы» заңдармен және т.б.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!
Бұл ретте өзге заңдар Еңбек кодексімен белгіленген
құқықтардың, бостандықтар мен кепілдіктердің деңгейін
төмендетпеуі қажет.
5
Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тiкелей
байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс бе-
рушiнiң актiлерінде, келiсiмде реттеледi.
Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжымдық,
еңбек шарттарының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда
қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi жа-
рамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс.
Келiсiмдердiң, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары
бiржақты тәртiппен өзгертiлмейдi
(ЕК 10-бабы)
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ АКТІСІ
бұйрық- өкім- нұсқау- ереже- еңбек
тар діктер лықтар лер тәртiптеме-
сiнiң ереже-
лері
Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасымен, ұжымдық шартпен, келiсiмдермен салы-
стырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын
не белгіленген рәсiмдер сақталмай шығарылған ак-
тiлерi жарамсыз болып табылады және қолданылмауға
тиiс.
Еңбек қатынастарын реттеуде күнтiзбелiк күнмен есепте-
летiн, уақыт кезеңiнiң аяқталуымен не міндетті түрде баста-
луға тиiс белгілі оқиғаны көрсетумен есептелетін мерзім
маңызды мәнге ие.