Министерство образования и науки Республики Казахстан Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Костанайский государственный университет имени А. Байтурсынова А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Кафедра бухгалтерского учета и аудита Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы Основы бухгалтерского учета Бухгалтерлік есеп негіздері «Еңбекақы төлеу бойынша жұмыскерлермен (қызметкерлермен) есептесу есебі » 3350 Қостанай Костанай - Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңызды экономикалық құрал.
- Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.
- Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.
- Еңбек ақы екіге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша;
- Негізгі - бұл қызметкерлерге
- нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбек ақы.
- Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы.
-
- Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің 2 нысаны бар:
-
- Кесімді еңбек ақы төлеу – мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделілігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді. Бұл нысанда еңбек ақы төлеудің 5 жүйесі бар:
- Тікелей кесімді жүйе;
- Кесімді- сыйақылық жүйе;
- Ілгерішіл – кесімді жүйе;
- Жанама – кесімді жүйе;
- Аккордық жүйе;
- Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі.
- Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
- Жай мерзімдік еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
- Сағаттық;
- Күндік ақы;
- Айлық ақы;
- Марзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
- Т – 49 нысынындағы есеп айырысу – төлем ведомосі бойынша, мұнда еңбек ақыдан ұсталатындардың барлығы көрсетіледі және еңбек ақыны төлеу жүргізіледі.
- Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі бойынша, мұнда еңбек ақы мен барлық ұсталымдардың есебі жүргізіледі. Еңбек ақыны беру тікелей жазылған төлем ведомосі бойынша дара жүргізіеледі.
- Т – 2 нысанындағы «Еңбек ақымен есеп айырысу» қағаздары бойынша, мұнда бір қызметкерге есептеу мен ұстап қалулар жүргізіледі. Еңбек ақыны төлеу төлем ведомосі бойынша жүргізіеді.
- Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап болып түптелген салым қағаздары бойынша. төлем еңбек ақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.
- Есеп айырысу - төлем ведомостері еңбек ақы бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады.
- Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:
- Есеп айырысу-төлем тізімдемелерінің жиынтық соммалары № 10 журнал-ордер мен оның № 5 тізімдемесіне жазылады. Айдың бітуіне қарай № 10 журнал-ордер № 5 тізімдемесінің барлық бағандары бойынша деректер есептеледі де, тексерілген жиынтық көрсеткіштер Бас кітапқа көшіріледі.
- Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
- Еңбектің саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
- Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
- Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
- Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
- Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
- Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
- Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;
- Еңбек ақы есебінің аудиті.
- Еңбек ақы есебінің аудитін тексеру мыналар болып табылады:
- Еңбек ақы аударымдары кезінде нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс сақталуын тексеру;
- Еңбек ақыдан ұсталымдарды дұрыс жүргізу.
- Тексеру келесілер арқылы жүзеге асырылады:
- Алғашқы құжаттардың дұрыс толтырылуы, қажетті тұлғалардың қолдары бар болуы оқытылады.
- Еңбек ақы аударымдарының дұрыстығын тексеру таңдап алу әдісімен жүзеге асырылады.
- Қарапайым төлем, жұмысына қосымша төлем.
- Уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты жәрдемақының аударылуы.
-
- Еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру.
- Еңбекақының аналитикалық есебі. Есеп парағы. Есеп-төлем ведомосты.
-
- Қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі немесе арнайы тағайындалған адам жүргізеді. Әрбір жұмысқа қабылданған (тұрақты, уақытша, маусымдық түрде) адамға жеке карточка толтырылады ж/е оған өзінің табельді нөмірі беріледі. К/о басшысының бұйрықтары немесе ұйғарымдары негізінде бухгалтер әрбір қызметкерге есеп парағын ашады. Онда қызметкердің анықтама мәліметтері көрсетіледі ж/е есептелген сомалар мен ұсталымдар туралы барлық мағлұматтар жинақталады.
- Жұмыс уақытының есебі белгіленген үлгідегі жұмыс уақытын пайдалану табельдерінде жүргізіледі.
- Есептелген сомалар мен ұсталымдар туралы мәліметтер есеп парағының барлық қызметкерлер бойынша қосылатын белгіленген үлгідегі есептеу-төлем ведомостыларына көшіріледі. Бұл ведомостің негізінде синтетикалық есепте №3350 «еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында кредит бойынша – есептелген сомалар, дебет бойынша – кассадан қолма-қол ақша беру, табыс салығын ұстау, еңбекақыны заттай түрде беру, басқа ұсталымдар ж/е т.б белгіленеді. Бұл ведомость бойынша басшы мен бас бухгалтердің қол таңбалары қойылғаннан соң берілуге тиіс барлық сомада шығыс кассалық ордер толтырылып, еңбекақы беріледі.
- Еңбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық есебі.
- Еңбекақы 3350 «еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» пассивті баланстық шотында есепке алынады. Бұл шоттың кредиті бойынша есептелген еңбекақы мен әртүрлі жәрдемақылар, ал дебеті бойынша – ұсталымдар бейнеленеді. Кредиттік ж/е дебеттік жақтар арасындағы айырма к/о қызметкерлеріне берілуге тиіс сомаға сәйкес келеді. Оны кассадан берген соң шот жабылады.
- Мекеменің лауазымды тұлғаларының
- басқарма төрағасы мен мүшелері, бақылау кеңесі мен тергеу коммисиясының төрағалары мен мүшелері және т.б.) және басқа қызметкерлері мен жұмыскерлеріне есептелген еңбекақылары 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотына есепке алынады да, мекеменің шығындарын салалары бойынша есепке алатын әртүрлі шоттарға (тиісті 2930 «Аяқталмаған құрылыс»,7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» және 7210 «Әкімшілік шығыстар», 8110 «Негізгі өндіріс», 8210 «Өз өндірісінің жартылай полуфабрикаттар», 8310 «Көмекші өндірістер», 8410 «Үстеме шығыстар» шоттарына) жатқызылады, сондықтан шоттарда бухгалтерлік жеңілдету мақсатында есеп айырысу-төлем тізімдемелерін мекемелерінің жеке әкімшілік-басқару қызметкерлері және басқа да қызметкерлер мен жұмыскерлер бойынша жүргізу қажет.
- Тиісті шоттардың дебеті:
- 2930 « Аяқталмаған құрылыс» - құрылыста жұмыс істейтін еңбеккерлерге есептелген еңбекақы сомаларына
- 7110 « Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыста»- өнімдерді сату және қызметтер көрсетумен шұғылданатын еңбеккерлердің еңбекақыларынан есептелген қор сомаларына
- 7210 «Әкімшілік шығыстар»-жалпы шаруашылық және әкімшілік басқару қызметкерлерінің еңбекақыларынан есептелген қор сомаларына
- 8110 «Негзгі өндіріс»- негізгі өндірістегі жұмыскерлердің еңбекақыларынан есптелген қор сомаларына
- 8210 « Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары»- артылай фабрикаттрды өндірумен шұғылданатын жұмыскерлердің еңбекақыларынан есептелген қор сомаларына
- 8310 «Көмекші өндірістер»-көмекші өндірістің жұмыскерлерінің еңбекақыларынан есептелген қор сомаларына
- 8410 «Үстеме шығыстар»-негізгі, қосалқы және жартылай фабрикаттар өндірістеріне қызмет көрсететін еңбеккерлердің еңбекақыларынан есептелген қор сомаларына
- 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотының кредиті.
Достарыңызбен бөлісу: |