Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет7/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

24

санда қайтарып алуға құқылы. Ескерту мерзiмi өткен соң қызмет-

кер  жұмысты  тоқтатуға  құқы-лы,  ал  жұмыс  берушi  қызметкерге 

еңбек қызметiне байланысты құжаттар мен оған тиесiлi ақшалай 

төлемдердi беруге мiндеттi. 

Қызметкер  мен  жұмыс  беруші  арасындағы  келісім  бойын-ша 

еңбек шарты бір ай мерзім аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

Еңбек шартын тоқтатудың келесі негізі – 



тараптардың еркi-

нен тыс мән-жайлар бойынша (ЕК-нің 57-бабы) мына жағдай-

ларда: 


1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа 

орналасуға  не  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  арналған  рұқсат-

тарды  кері  қайтарып  алған  не  тұруға  ықтиярхаттың  қолданылу 

мерзімі өткен кезде;

2) жұмыскер не жұмыс беруші – жеке тұлға еңбек қатынаста-

рын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот 

үкімі заңды күшіне енген кезде;

3)  жұмыскер  не  жұмыс  беруші  –  жеке  тұлға  қайтыс  болған 

жағдайда,  сондай-ақ  сот  жұмыскерді  не  жұмыс  беруші  –  жеке 

тұлғаны  қайтыс  болды  деп  жариялаған  немесе  хабар-ошарсыз 

кетті деп таныған жағдайда;

4) сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті 

шектеулі деп таныған, соның салдарынан жұмыскердің еңбек қа-

тынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;

5)  бұрын  осы  жұмысты  атқарған  жұмыскер  жұмысына  қайта 

алынған жағдайда;

6) жұмыскер мерзімді әскери қызметке, құқық қорғау және ар-

наулы  мемлекеттік  органдарға  қызметке  шақырылған  (кірген) 

кезде  жұмыскер  тиісті  құжатты  үш  күн  мерзімнен  кешіктірмей 

ұсынған күннен бастап тоқтатылуға тиіс.

2. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұ-

мыскердің  немесе  жұмыс  беруші  жеке  тұлғаның  қайтыс  болған 

күні осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында 

көрсетілген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған күн бо-

лып табылады.

ЕК-нің  58-бабы  қызметкер  мынадай  жағдайларда 



еңбек  қа-

тынастарын жалғастырудан бас  тартқан кезде еңбек шартын 

тоқтату негiздерiн көздейді: 




25

1)  жұмыскер  жұмыс  берушімен  бірге  басқа  жерге  жұмысқа 

ауысудан бас тартқан;

2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұ-

мысты жалғастырудан бас тартқан;

3) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат 

алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске 

байланысты емес өзге де зақым келген кезде жұмыскер денсау-

лық  жағдайына  байланысты  уақытша  басқа  жұмысқа  ауысудан 

бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.

Бұл ретте қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жаз-

баша бас тартқан кезде ғана еңбек шартын бұзуға жол беріледі. 

Егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  осындай    лауа-

зымдарды атқаратын адамдарға ақы төленетiн өзге лауазым-дар-

да iстеуге тыйым салу белгiленген болса, қызметкердiң 

сайлан-

балы  жұмысқа  (лауазымға)  ауысуына  немесе  лауазымға 

тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады 

(ЕК-нің 59-бабы).



Еңбек шартын тоқтату негiздерiнің бірі еңбек шартын жа-

сасу талаптарының бұзылуы салдарынан болып табылады 

(ЕК-нің 60-бабы), 



мынадай жағдайларда:

1) медициналық қорытынды негізінде жұмыскердің денсаулық 

жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындауға ең-

бек шарты жасалған;

2) жұмысты орындауға арналған еңбек шарты адамды белгілі 

бір лауазымдарда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу 

құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе қаулы-

сын бұза отырып жасалған;

3) шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік жұ-

мыс  күшін  тартуға  арналған  рұқсаттарды  белгіленген  тәртіппен 

алмай  немесе  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  бел-

гіленген  шектеулерді  немесе  ерекшеліктерді  сақтамай,  шетел-

діктермен  және  азаматтығы  жоқ  адамдармен  еңбек  шарты  жа-

салған;


4) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты 

Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерінде 

белгіленген талаптар бұзыла отырып жасалған;



26

5) еңбек шарты осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында көр-

сетілген адамдармен жасалған жағдайларда;

6)  осы  Кодексте,  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 

және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық 

актілерінде көзделген басқа да жағдайларда, еңбек шартын жа-

сасу  талаптарының  бұзылуы  салдарынан  еңбек  шарты  тоқта-

тылуға жатады.

Жұмыс  берушi  –  жеке  тұлға  қайтыс  болған  жағдайда  еңбек 

шартының  тоқтатылуын  және  үй  қызметкерлерiмен  еңбек  шар-

тының тоқтатылуын қоспағанда, 

еңбек шартының тоқтатылуы 

жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.



Сұрақ:  жұмыстан  шығуыма  байланысты  қандай  уақыт 

аралығында жұмыс беруші маған еңбек кітапшасын беруі 

қажет? 

Жауап:  жұмыс  беруші  еңбек  кітапшасын  еңбек  шарты 

тоқтатылған күні беруге міндетті.

Егер  еңбек  шарты  тоқтатылған  күнi  еңбек  кiтапшасын 

қызметкердiң  болмауына  не  оны  алудан  бас  тартуына 

байланысты беру мүмкiн болмаса, жұмыс берушi 10 жұмыс 

күнi iшiнде қызметкерге еңбек кiтапшасын алуға келуiнiң 

қажеттiлiгi туралы немесе оны поштамен жiберуге оның 

келiсiм беруi туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

(ЕК-нің 62-бабы).


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау