17
бойынша жұмысын жалғастырған кезде, қызметкердің еңбек
жағдайларын өзгертуге жол берiледi.
2. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұр-
лым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек
жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер
бойынша орын алған өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен
кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұ-
мысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұ-
мыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 2)
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Егер еңбек жағдайларын өзгерту қызметкерлердің санын не-
месе штаттық санын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыс
берушінің жұмыс орындарын сақтау мақсатында, қызметкерлер
өкілдерінің пікірін ескере отырып,
толық емес жұмыс уақыты
режимін енгізуге құқығы бар.
Қазіргі уақытта атауын өзгерту, ведомстволық тиістілі-
гін, мүлік иесін ауыстыру немесе жұмыс берушінің қай-
та құрылуы жиі кездесетін құбылыс болып табылады.
Барлық осындай жағдайларда ЕК-нің 47-бабына сәйкес
қызметкермен еңбек қатынастары өзгеріссіз жалғаса
береді!!
Еңбек кодексінің 40-бабы
қызметкерді жұмыстан шеттету
жағдайын көздейді. Осы баптың 1-тармағы жұмыс берушiге
тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың актiлерi негiзiнде қызмет-
кердi жұмыстан шеттетуді мiндеттейді. Мыса-лы, ҚР Қылмыстық
iс жүргiзу кодексiнің 159-бабы қылмыстық процестi жүргiзушi ор-
ган прокурордың санкциясымен, осы қызметте қала отырып, ол
тергеуге және iстi сотта қарауға, қылмыспен келтiрiлген залалды
өтеуге кедергi келтiредi немесе осы қызметте болуымен байла-
нысты қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп
пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, айыпталушыны ла-
уазымнан шеттетуге құқылы деп көрсетеді.
18
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi тура-лы»
ҚР кодексiнің 148-бабының 4-тармағы айналасындағылар үшiн
қауiп төндiретiн созылмалы инфекциялық және паразиттiк ауру-
лармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия тарату-шылар
жұмыстан уақытша шеттетiлуге жатады деп жариялайды.
Аталған жағдайлардан басқа, жұмыс беруші:
1) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (со-
ларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осын-
дай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік
қауіпсіздік мәселелері жөнінде білімін тексеру бойынша емтихан-
дар тапсырмаған;
3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорға-
ныш құралдарын пайдаланбаған;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мін-
детті болып табылатын болса, медициналық қарап-тексеруден
не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген;
5) жұмыскер еңбек шартында келісілген жұмысты орындау
үшін қажетті көлік құралын басқару құқығынан немесе басқа да
рұқсаттардан айырылған жағдайда;
6) егер оның әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық аху-
ал туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс
қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп
соғуы мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
Қызметкерге толық материалдық жауаптылық туралы шарт-
тың негiзiнде берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкердi жұмыс берушiнiң
жұмыстан шеттетуiне құқығы бар. Қызметкерді жұмыстан шетте-
ту кезінде жалақы сақталмайды және уақытша еңбекке жарам-
дылығы бойынша жәрдемақы төленбейді. Қызметкердi жұмыстан
шеттету оны шеттету үшiн негiз болған себептер анықталғанға
және жойылғанға дейiнгi мерзiмге жұмыс берушiнiң бұйрығымен
жүзеге асырылады.
Жұмыс берушi қызметкердi жұмыстан заңсыз шеттеткен
жағдайда оның жалақысы сақталады.
19
ЕҢБЕК ШАРТЫН ТОҚТАТУ
ЕҢБЕК ШАРТЫН ТОҚТАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
тараптар келісімі
еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы
қызметкердің бастамасы бойынша
жұмыс берушінің бастамасы бойынша
шарт жасасу талаптарының бұзылуы
тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар
қызметкердiң еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы
қызметкердің таңдаған лауазымға ауысуы
жұмыс берушiнiң атқарушы органы басшысымен жасалған
еңбек шартында көзделген негiздер
Бұдан әрі еңбек шартын тоқтатудың кейбір негіздерін қа-
растырамыз.
Еңбек шартын тоқтатудың кең тараған негіздерінің бірі
та-
раптардың келісімі болып табылады (ЕК-нің 50-бабы). Еңбек
шартын бұзуды қалаған тарап еңбек шартының екінші тарабына
өтініш жібереді. Хабарлама алған Тарап 3 жұмыс күнi iшiнде екiн-
шi тарапқа қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабар-
лауға мiндеттi. Еңбек шартының бұзылу күнi тараптардың келiсiмi
бойынша айқындалады.
20
Еңбек шартында қызметкермен келiсiм бойынша, жұмыс бе-
рушiнiң қызметкерге еңбек шартында айқындалады мөлшерде
өтемақы төлей отырып, алдын ала хабарламастан еңбек шартын
бұзу құқығы көзделедi.
Шартты тоқтатудың келесі негізі – бұл оны қолдану мерзiмiнiң
аяқталуы (ЕК-нің 51-бабы). Шартта келiсiлген мерзiмге сәйкес, қы-
зметкердiң соңғы жұмыс күнi белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек
шарты мерзiмiнiң аяқталатын күнi болып табылады. Жұмыстың
аяқталған күнi белгiлi бiр жұмыс-тың орындалу уақытына жа-
салған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып табылады.
Жұмыс орны сақталған қызмет-кердiң жұмысқа шыққан күнiнiң
алдындағы жұмыс күнi уақыт-ша болмаған қызметкердiң орнын
ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар
күнi болып табылады. Мейлін-ше жиі кездесетін мысал босану
мен сәбиін күтіп-бағумен байланысты демалыста болған әйелдің
орнына қабылданған қызметкер үшін жұмыс мерзімінің аяқталуы
болып табылады.
ЕК-нің 52-бабы жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек
шартын бұзуды көздейді. Төменде 52-баптың тармақта-рының
нөмірленуі Кодекс нормаларына дәл сәйкестікпен беріл-ген.
Өйткені бұдан әрі қарай олар әкімшіліктің бастамасы бойынша
жұмыстан шығару туралы мәселенің мәнін түсіну үшін маңызды
мәнге ие.
Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бой-
ынша:
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші -
жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған;
2) жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған;
3) жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына
әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қы-
зметтер көлемі төмендеген;
4) аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жет-
кіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе
орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
5) өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымның еңбек қа-
уіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұ-
Достарыңызбен бөлісу: |