Конкурс туралы ереже I. Жалпы ереже



жүктеу 94,05 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі94,05 Kb.
#16022
түріКонкурс



Қазақстандағы ҮЕҰ қызметін ең жақсы жария еткен журналистер мен блогерлер арасындағы конкурс туралы

ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ереже

    1. Қазақстандағы ҮЕҰ қызметін ең жақсы жария еткен журналистер мен блогерлер арасындағы конкурс (одан әрі - Конкурс) Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың (одан әрі - ҮЕҰ) қызметін жария ететін журналистер мен блогерлерді тарту, үкіметтік емес секторлар көрсетететін қызметтер туралы халықты ақпараттандыру деңгейін көтеру, серіктестікті және ҮЕҰ мен БАҚ арасындағы әріптестікті дамыту мақсатында өткізіледі.

    2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ.

    3. Осы Ереже Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды, тәртібі мен өткізілу мерзімін анықтайды.


II. Қатысу шарттары

2.1. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық БАҚ-тың блогерлері мен журналистері шақырылады.

2.2. Конкурсқа қатысу үшін Қазақстандағы ҮЕҰ-дың қызметіне арналған материалдар қабылданады.

2.3. Конкурс номинациялары:

I. «Үздік газет материалы»

II. «Үздік телеарналық материал»

III. «Әлеуметтік желідегі үздік материал»

2.4. Материалдар түрлі жанрда қабылданады: (очерк, сұхбат, мақала, телеарналық және бекеттік) олар 2014 жылдың 1 қаңтары мен 15 қарашасы аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар болуы керек.

2.5. Жарияланымдар түпнұсқа немесе ксерокөшірме түрінде (шығарылымын, күнін, автордың толық байланысын көрсете отырып) ұсынылуы керек.

Бейнематериалдардың телеарналық бағдарламалар немесе жаңалықтық сюжет түріндегі көшірмесі эфирлік анықтамалық жолдамасымен ұсынылуы керек (cd/dvd дискісімен).

Электрондық БАҚ-тың журналистері, блогерлері жарияланған материалдарының көшірмесін интернет-сайттарға орналастырғанын растап жіберуі керек.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Ұсынылған материалдарға қатысушылардың толтырылған анкета-өтінімі қоса беріледі.

2.6. Бір журналист, блогер үш материалға дейін ұсына алады.

2.7. Конкурсқа қатысуға қатысты барлық материалдар Қазақстанның Азаматтық Альянсының атына Ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша ұсынылады: 010000 Астана қаласы, Ғабдуллин көшесі, 6Б, немесе zhur_npo2014@mail.ru электрондық мекен-жайы.

2.8. Жұмыстар көрсетілген жарияланған мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы керек. Конкурстың тақырыбына сәйкес келмейтін, қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.


III. Конкурстық жұмысты бағалау критериилері

3.1. Материалдарды бағалау кезеңінде келесідей критериилер назарға алынады:

- белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

- деректің растығы және оның баяндалуындағы нақтылық;

- талдаудың тереңдігі мен проблеманы ашылуы;

- авторлық көзқарас;

- түпнұсқалылығы;

- стилі;


- журналистиканың этикалық принципіне сәйкестігі;

- материалдың дұрыстығы.


IV. Ұйымдастыру комитеті мен Конкурстың қазылар алқасы

4.1. Конкурстың Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығы мен өткізілуі бойынша жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады.

- Конкурстың ережесі туралы және қазылар алқасының құрамын бекітеді;

- Конкурстық жұмыстарды қабылдау мен оларды бағалауға қатысты Конкурстың техникалық бөлігін қамтамасыз етеді;

- жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттауды ұйымдастырады.

4.2. Қазылар алқасы:

- Конкурстық материалдарды қарастырады және бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды.


V. Конкурстың қорытындысын шығару және қатысушылады марапаттау

5.1. Материалдарды қарастырып және жеңімпаздарды анықтау 2014 жылдың 15 мен 20 қарашасы аралығында өткізіледі.

5.2. Номинациялардың әрқайсысына ҮШ жүлделі орындар анықталатын болады:

Бірінші орынға жүлде қандай да бір номинация – iPad;

Екінші орынға жүлде номинациялардың бірінен – ноутбук;

Үшінші орынға жүлде үш номинацияның бірінен - смартфон.

5.3. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау 2014 жылдың 21 қарашасында өткізіледі.


VI. Ұйымдастырушылық мәселелер

Толық ақпарат үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласуға болады:

8 (7172) 44-14-87

8 701 628 84 44 - Ширяева Алла

zhur_npo2014@mail.ru

Құрметпен, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ

қосымша 1

Қазақстандағы ҮЕҰ қызметін ең жақсы жария еткен

журналистер мен блогерлер арасындағы конкурсқа

қатысушының анкета-өтінімі
  1. Крнкурстық жұмыс туралы ақпарат


Номинация ________________________________________________________________

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстың атауы ________________________________________

Жарияланған күні (күні, айы, жылы) ___________________________________________

Материал қандай тақырыпқа арналған ___________________________________________________________________________

Бұл материал басқа конкурстарға қатыстырылды ма, оған марапаттар берілді ме

____________________________________________________________________

БАҚ туралы ақпарат: толық атауы, шыққан орны, типі, тиражы (немесе аудитория саны –электронды БАҚ үшін), шығу жиілігі, таралу аумағы, тақырыбы және мамандануы, негізгі аудитория. ___________________________________________________________________________

II. Автор туралы ақпарат

Аты, жөні, тегі (толық)____________________________________________

Жасы (толық жасы) __________________________________________________

Білімі _______________________________________________________________


Негізгі жұмыс орны, қызметі ____________________________________________

Үкіметтік емес ұйымдармен (әріптестігі) жұмыс тәжірибесі

____________________________________________________________________________

Үйінің мекен-жайы _____________________________________________________________

Электрондық мекен-жайы______________________________________________________

Байланыс телефондары _________________________________________________________

Қатысушы өзі туралы айтқысы келетін қосымша ақпарат _____________
____________________________________________________________________________

«_____»_______________2014ж.




Гражданский Альянс Казахстана при поддержке Министерства культуры и спорта РК


жүктеу 94,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау