208
Халықаралық Журналистер Федерациясы бүкіл дүниежүзі
бойынша журналистер одақтары үшін қорғау шараларын
ұсынып, журналистік қауымдастықтар құруға көмектеседі:
www.ipj.org.
Цензура индексі – беделді ұйым, сондай-ақ цензура мен сөз
бостандығы туралы жарияланымдарды жарыққа шығаратын
белсенді веб-сайт:
www.indexonline.org.
Халықаралық журналистерге арналған орталық – ха-
лықаралық БАҚ-тарды дамыту бойынша басқа да бағдар-
ламаларды оқыту мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
АҚШ-та штаб-пәтері бар ұйым:
www.irex.org.
Халықаралық зерттеулер мен алмасулар жөніндегі кеңес
(IREX) – БАҚ қызметінде мамандандырылған АҚШ-тың даму
бағдарламаларын орындауды жүзеге асыратын ұйым:
www.
irex.org.
Жалпы негізді іздестіру – дүниежүзі бойынша БАҚ пен
әлемдік жағдайды ұйымдастырудың көптеген жобаларымен
айналысатын қақтығыстарды шешу жөніндегі топ:
www.sfcg.
org.
Хиронделль қоры БАҚ-тар мен әлемдік ахуалды ұйымдастыру
бойынша жобаларды жүзеге асырады:
www.hirondelle.org.
Паноус институты кең арнадағы зерттеулермен, оқытумен
және журналистикаға қолдау көрсету бойынша басқа да
бағдарламалармен айналысады:
www.panos.org.uk.
11-тарау: Оқиғаны
жауапкершілікпен баяндау
211
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
12-тарау
А
даМ
құқықтары
және
журналистиКа
БАҚ арқылы мәселені
бірінші орынға көтеру –
тепе-теңдікке ие болуы
мақсатында саяси ерік-
жігерді жұмылдырудың
маңызды механизмі
б
ұқаралық
ақпарат
құралдары
биліктің
іс
-
әрекеттеріне баға
береді, ал шын мәнінде, БАҚ адам құқығын қорғаудың маңызы
тірегі болып табылады. Дегенмен, ақпарат құралдары тиімді
жұмыс жасауы үшін өздері де адам құқығына тәуелді.
Өз кәсібінің арқасында журналистер адам құқығының
бұзылуына куә болады. Заңға қайшы келетін тәртіп бұзушы-
лықтар немесе түрмедегілермен лайықты дәрежеде қарым-
қатынас жасамау, депортация, үкімдерді заңсыз орын-
дау немесе адамдарды жаппай өлтіру туралы мәлімдеу
– журналистердің этикалық парызы. БАҚ арқылы мәселені
бірінші орынға көтеру – тепе-теңдікке ие болуы мақсатында
саяси ерік-жігерді жұмылдырудың маңызды механизмі.
Журналистер көп жағдайда адам құқығының өрескел бұ-
зылуын бірінші болып білетіндіктен және оған куәгер
болатындықтан, көбінесе сот билігінің тергеу жүргізіп, белсенді
жұмыс істей бастауына солар ықпал етеді. Соңғы жылдары
айыптаушылар Руанда мен бұрынғы Югославиядағы әскери
қылмыстарға қатысы бар күдіктілердің үстінен тергеу жүргізу
кезінде баспасөздегі репортаждарға жүгінді. Гаагадағы Халық-
аралық соттың құрылуы адам құқығы туралы баспасөз
мәлімдемелерінің маңызын арттыра түспек.
Сонымен бірге журналистер, соның ішінде қақтығыс айма-
ғында репортаж жасайтын журналистердің өздері адам
құқығының қорғалуына тәуелді болады. Журналистерді
гуманитарлық құқық шеңберінде айрықша қарым-қатынас
үшін бөлмейді.