Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет52/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61

  
220
  
Қосымша детальдарды тексеріңіз. 
Оқиға орнының нақты си-
паттамасын, қатысушылардың аты-жөнін, олардың қызметін, 
егер бар болса, атағын біліп алыңыз. Форма киген адамды 
көрсеңіз немесе біреудің бойынан қылмыскер болуы мүмкін 
екенін  аңғарсаңыз,  оны  да  мұқият  есте  сақтаңыз.  Қандай 
қару көргеніңізді де біліңіз. 
Оқиғалардың  уақыты  мен  бірізділігі  туралы  бірнеше  рет 
сұрастырыңыз.
 Адам құқығын бұзу туралы фактілердің ба-
сым  бөлігі  былық-шылыққа  толы  болады.  Құрбандар  мен 
басқа да көптеген қатысы бар адамдардың оқиғалар тәртібін 
суреттей отырып, қатты адасатынын есте сақтаңыз. Интер-
вью  беруші  адамдардан  жүйесіздікті  анықтау  үшін  айтқан 
әңгімесін қайталауын сыпайы түрде  сұраңыз.  «Сізге мұның 
қаншалықты  ауыр  екенін  білемін,  бірақ  та  барлық  болған 
оқиғаны  қайта  суреттеп  бере  аласыз  ба?»  –  деп  айтудан 
қорықпаңыз. 
Бірнеше  куәгердің  әңгімесін  салыстырыңыз.
  Түйіспейтін 
тұстарды іздей отырып, барлығының бір оқиғаны әңгімелеп 
жатқандығына  көз  жеткізіңіз;  оқиға  БАҚ  үшін  әдейі  ойдан 
шығарылған  деген  күдік  болмауы  тиіс.  Тұзаққа  түспеу  үшін 
толып жатқан детальдарды талдап, куәлардың әңгімелеріне 
мұқият болыңыз. 
Құрбандардың күйзеліс жағдайында екенін ескеріңіз. 
Мүм-
кіндігінше үзіліс жасап, адамгершілік танытыңыз. Сұхбат бе-
рушіге  темекі,  шәй  немесе  көзінің  жасын  сүртетін  майлық 
ұсынуды ұмытпаңыз.  
12-тарау: Адам құқықтары және журналистика


  
221
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қылмыстық сот 
жүйесінің негізгі 
ережесін естен 
шығармаңыз, кінәсі 
дәлелденгенге дейін 
адам кінәсіз болып 
табылады 
Айыпталушылармен сұхбат жүргізу
Мүмкіндігінше  адам  құқығын  бұзды  деп  айыпталушы  адам-
дардан интервью алуға тырысыңыз. Бұл өте қауіпті. Алайда, 
оқиғаға қатысы бар барлық адамдардың түсініктемесі болған 
жағдайда ақпараттың маңызы салмақты болады. 
Айыпталушылармен ашық және шыншыл болыңыз. Ешқашан 
басқа  нәрсеге  қызығушылық  танытып  жатқандай  болып, 
өтірікке  жол  бермеңіз.  Бұл  әдептілікке  жатпайды,  әрі  өтірік 
айтып  отырғаныңызды  біліп  қойған  жағдайда  қауіп  төндіруі 
мүмкін  екенін  де  жоққа  шығармаңыз.  Шындықты  анықтауға 
тырысатыныңызды түсіндіріңіз. 
Оқиғаның егжей-тегжейіне дейін зерттегеніңізге көз жеткізіңіз 
және  сұрақтарыңызды  мұқият  ойластырыңыз.  Дөрекі  және 
айғақсыз  айыптаулар  үлкен  дау  тудырады  (немесе  сізге 
үлкен  проблема  тудырады),  ол  аз  болса,  сіздің  ақпарат 
іздестіруіңізді қиындатады. 
Қылмыстық  сот  өндірісі  жүйесінің  негізгі  ережесін  естен 
шығармаңыз: қылмысы дәлелделгенге дейін адам кінәсіз  бо-
лып табылады. Мұны есте сақтаңыз және айыптаушылардың 
мәлім-демелері секілді ақтауларына да күдікпен қараңыз. 


  
222
  
ЖАТТЫҒУЛАР
Объективті журналист болу дегеніміз – өз еліңізде және ха-
лықаралық  аренада  болып  жатқан  оқиғалардан  хабардар 
болу деген сөз. 
Төмендегі екі сұрақты әріптестеріңізбен бірге талқылаңыз:
1. Қазіргі таңда адам құқығы бойынша қандай халықаралық 
сот процестері болып жатыр?
2. Сіз өмір сүріп отырған қоғамда адам құқығы бойынша де-
реу хабарлануы тиіс даулы мәселелер бар ма?
Түрлі  көзқарастарды  назарға  ала  отырып,  әрбір  сұрақ  бо-
йынша  мақаланың  жоспарын  құрастыруға  тырысыңыз. 
Екінші сұрақ бойынша кімнен интервью алғыңыз келеді және 
осы интервьюге қалай дайындалар едіңіз?
ОҚУҒА  АРнАЛҒАн  ҚОСЫМША  МАТЕРиАЛДАР 
ЖӘнЕ АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Бұл тарау ең маңызды тақырып туралы жалпы түсінік береді, 
сондықтан да әрі қарай оқу үшін материалдар ұсынылады. 
Тозақтан жеткен мәселе: Америка және зұлмат дәуірі, 
Са-
манта Рауэр (Харпер Коллинз).
Қоғам білуі тиіс әскери қылмыстар, 
Рой Гутман және Девид 
Рефф (В.В.Нортон). Кітап мына қордың құрылуына себепкер 
болған: www.crimesofwar.org
12-тарау: Адам құқықтары және журналистика


  
223
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Халықаралық Қызыл Крест Комитеті өз сайтында негізгі келі-
сімдер  туралы  мәтін  материалдар  жариялайды: 
www.icrc.
org
Біріккен Ұлттар Ұйымы да негізгі келісімдер, соттар мен три-
буналдар  туралы  толыққанды  ақпаратқа  ие, 
www.un.org.
law.  сайтынан  қараңыз.  Сондай-ақ  Адам  құқығы  бойынша 
БҰҰ Жоғарғы Комиссарының сайтын – www.ohchr.org\english 
қараңыз. 
Хьюман Райтс Вотч (
www.hrw.org) және Халықаралық амнис-
тия (
www.amnesty.org) – кең ауқымды ақпарлар мен ескер-
тулер ұсынатын адам құқығы жөніндегі жетекші халықаралық 
ұйымдар. 
Халықаралық Қылмыстық сот – халықаралық деңгейдегі әске-
ри  қылмыстарды  сот  тәртібінде  қарастыру  үшін  құрылған 
жаңа көпжақты ұйым: 
www.icc-cpi.int.
Колумбия университетінің журналистика бөлімінде оқу жос-
пары он-лайн режимінде орналастырылған пайдалы библи-
ографиясы бар адам құқығы бойынша репортаждар жүргізу 
туралы курс бар: 
www.humanrightsreporting.com.
«Дарт» журналистика және зақым орталығы зақым мен қыл-
мыстардың құрбандары туралы сыпайы түрде репортаждар 
жүргізу үшін идеялар мен курстар ұсынады,  
www.dartcenter.
org сайтын қараңыз. 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау