Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:
6. Экология және тұрақты даму
|
Мектеп: «Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебі» кмм
|
Мерзімі:9.04.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні:Усенова Г.К
|
Сынып: 6А
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Экожүйелердің ауысу себептері
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.6.1.2 экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушы:
Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау;
Экожүйенің өзгеруінің нәтижесін талдау;
Экожүйе компонентттері мен факторлар арасындағы сәйкестікті орнату.
|
Бағалау критерийлері
|
Мысалдарды талдау арқылы әсер етуші факторларды анықтайды;
Экожүйенің өзгеруінің нәтижесіндегі өзгерістерді сипаттайды;
Экожүйенің ауысу түрлері мен себептерін анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Экожүйенің ауысу себептері туралы жазбалар жасап, есеп дайындай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлар
Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
Абиотикалық факторлар: ..., …, ... және т.б.
.., …, ... биотикалық факторлар болып табылады, ал ..., …, ... абиотикалық факторлар.
Антропогендік факторлар ..., …, ... және т.б.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.
Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.
Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.
Экожүйелердің ауысу себептерін анықтау барысында биологиялық алуантүрліліктің сақталуына себепші болады, табиғаттағы тепе-теңдік сияқты, биосфера, экожүйедегі, экономикадағы тұрақтылық сияқты маңызды түсінігі арқылы жаһандық азаматтық дамытылады.
Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау физика пәнімен байланысады.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар 5 – ші сыныпта экожүйеге экологиялық факторлардың ықпалы үдерістермен танысты. Оқушылар экологиялық факторларды атай алады, ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында экологиялық факторлардың ерекшеліктерін сипаттау арқылы жүзеге асады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5
2 мин
|
1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту.
2. Ой шақыру.
Экожүйенің абиотикалық, биотикалық факторларын анықтайды.
|
Қосымша 1
|
Сабақтың ортасы
2-8
9-20
20-27
|
4. «Сұрақ жауап» әдісі. Оқушылар суреттегі экожүйенің өзгеруінің себептерін атап, нәтижесін талдайды.
5. Мәтін «Экожүйелердің ауысуы»
Белгілі бір орта аумағындағы экожүйелердің ауысуы табиғи үдеріс. Ол жүйелі, бағытталған және болжамды үдеріс болып табылады. Экожүйелердің ауысуы барысында бір түр екінші түрді алмастырады. Осылайша біртіндеп биоценоздың алуан түрлілігі артады. Биоценоздағы түр саны көп болған сайын, ол тұрақты бола түседі. Егер қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болса, мұндай жағдайда өзгерістер баяу жүреді. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді. Қазіргі кезде адамзаттың белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде экожүйелердің ауысу қарқыны ұлғайды.
6. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болғанмен, ұзақ уақыт аралығында өзгеретінін сипаттайды. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді.
Ұзақ жылдар аралығында ауыл жайылымы өз қорын тауысқан, экожүйе толығымен бұзылған. Жергілікті шаруалар бұл мәселенің шешімін ұзақ іздеді. Экожүйені қалпына келтіру жолын жергілікті мектеп оқушысы ұсынды. Ол жайылымға пішен шашып қоюды ұсынды. Бұл ұсыныс тиімді болды және үш-төрт жылда бұл жайылым өзінің алғашқы табиғи қалпына жақындады. Себебі пішенде дала экожүйесіндегі өсімдіктер жиынтығының тұқымыдары болады.
Дескрипторлар
Оқушы
|
- экожүйесіндегі өзгерістің тиімділігін сипаттайды;
- жаңа ақпараттағы негізгі ойды анықтайды;
- экожүйені қалпына келтірудің қажеттілігін ұсынады;
- экожүйедегі өзгерістерді болжайды.
|
Мұғалім кері байланыс береді.
|
Қосымша 2
Қосымша 3
Қосымша 4
|
Сабақтың соңы:
27-30
|
https://daryn.online/lesson/1501-ekodguyeninh-auysymy
8. Сабақты бекіту
Оқушылар «Экожүйенің ауысу себептері» кестесін толтырады.
Экожүйенің ауысуы
|
Себептері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
Дескрипторлар
Оқушы
|
-экожүйенің ауысуы мысалдарын анықтайды;
-экожүйенің ауысуы мысалдарының себептерін көрсетеді.
|
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Белгілі бір орта аумағындағы экожүйелердің ауысуы табиғи үдеріс. Ол жүйелі, бағытталған және болжамды үдеріс болып табылады. Экожүйелердің ауысуы барысында бір түр екінші түрді алмастырады. Осылайша біртіндеп биоценоздың алуан түрлілігі артады. Биоценоздағы түр саны көп болған сайын, ол тұрақты бола түседі. Егер қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болса, мұндай жағдайда өзгерістер баяу жүреді. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді. Қазіргі кезде адамзаттың белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде экожүйелердің ауысу қарқыны ұлғайды.