Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет50/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61

  
212
  
Қақтығысқа қатысы бар 
тараптар көп жағдайда 
журналистердің ізіне 
түсіп алады, тіпті олар-
ды қамауға да алады 
Адам  құқығы  жөніндегі  конвенция  белгілі  бір  дәрежеде 
барлық халықты қорғайды. Теориялық жағынан, қақтығысқа 
қатысушы  тараптар  журналистердің  қақтығыс  аймағында 
еркін жұмыс істеуіне мұрсат беріп, олардың ізіне түспеуге не-
месе ұстамауға міндетті. 
Қағаз  жүзінде  осылай  болғанымен,  өкінішке  қарай,  шын 
мәнінде  мүлдем  басқаша  болып  жатады.  Қақтығысқа 
қатысушы  тараптар  жиі-жиі  журналистердің  ізіне  түседі  не-
месе оларды қамауға да алады. Дегенмен, мұндай жағдайда 
жаңалықтар жариялаушы ұйымдар, үкімет және адам құқығы 
жөніндегі ұйымдар журналистердің азат етуге немесе олар-
ды  қорғау  үшін  адам  құқығы  шеңберінде  қысым  көрсетуіне 
болады. 
Адам құқығы туралы келісімдер
Адам құқығына қатысты ілім тұжырымдама ретінде көптеген 
мәдениеттерде  ұзақ  жылдар  бойында  дамыды.  Біздің 
дәуірімізге  дейінгі  алтыншы  ғасырда  қытай  әскері  Сан  Цзу 
соғыс  жүргізу  тәсіліне  шектеу  қойды.  1215  жылы  ағылшын 
королі  Джон  өз  қарамағындағыларға  мүлікке  ие  болу  және 
оны тиісті құқықтық процедуралар мен заң алдындағы теңдік 
қағидалары негізінде мұра етуді ұсынатын Еркіндік Хартия-
сына қол қоюға мәжбүр болды. 
Он сегізінші және он тоғызыншы ғасырларда түрлі еуропалық 
философтар адамға дүниеге келген сәтінен берілетін «табиғи 
құқық» тұжырымдамасын ұсынды. Өйткені ол – адамзат ба-
ласы, оған тек белгілі бір елдің азаматтығына немесе белгілі 
бір дінге не этникалық топқа жататыны тұрғысынан қарауға 
болмайды.  
12-тарау: Адам құқықтары және журналистика


  
213
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қызыл Крестің негізін қалаушы Генри Данэнт соғыс уақытында 
ауырып-сырқаған немесе жараланған жандардың жағдайына 
алаңдауының  негізінде  1864  жылы  қол  қойылған  бірінші 
Женева  Конвенциясын  жасады.  Он  тоғызыншы  ғасырдың 
соңында  және  жиырмасыншы  ғасырда  осы  құқықтар  әрі 
қарай  дамыды,  себебі  саяси  және  діни  топтар  құлдықтың, 
крепостниктік право мен еңбекті қанаушылықтың тамырына 
балта шабу үшін жұмыс істеді. 
Қазір  біз  адамның  құқығы  деп  атайтын  құндылықтар  екінші 
дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 
Жарғысында  бекітілген.  Жарғының  преамбуласында  Бірік-
кен  Ұлттар  Ұйымының  жұмысы  «іргелі  адам  құқығына, 
адам  тұлғасының  беделі  мен  құндылығына,  ерлер  мен 
әйелдердің,  аз  және  көп  ұлттардың  теңдігіне  деген  сенімді 
қайта дәлелдеуге» арналғаны көрсетілген. Ол 1945 жылы өз 
күшіне енді. 
Адам  құқығы  үшін  халықаралық  қозғалыс  ХХ  ғасырдың 
екінші  жартысында  үлкен  қарқынмен  өсті.  1946  жылы 
ұлтшыл  әскерлер  мен  саяси  көшбасшылар  халыққа  қарсы 
жасалған қылмыстары үшін Нюрнбергтегі сотта жауапқа тар-
тылды. «Адамзатқа қарсы қылмыстар» атты жаңа құқықтық 
тұжырымдама  сол  кезде  пайда  болды.  Бұл  процесс  1949 
жылы  Женева  Конвенциясының  ауқымын  кеңейтіп,  әскери 
іс-әрекет  кезінде  азаматтарды  қорғау  аясын  қамтып,  аза-
маттарға  шабуыл  жасау  мен  олардың  мүлкіне  қол  сұғудан 
қорғайтын болды.  


  
214
  
1948  жылы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  қазіргі  заманғы  халық-
аралық қауымдастықтың бөлігі болуға ұмтылатын кез келген 
елге қатысты қажетті шарт ретінде негізгі адам құқықтарына 
құрмет  көрсетуді  бекіте  отырып,  адам  құқығы  туралы 
Бүкіләлемдік  Декларацияны  бекітті.  Осы  Декларацияның 
19-бабында пікір еркіндігі мен сөз бостандығына кепілдік бе-
ріліп, «қай елде орналасқанына қарамастан, кез келген БАҚ 
арқылы  ақпарат  іздеуге,  алуға  және  пікірлерді  жариялауға 
құқық беріледі» делінген. 
«Қырғи-қабақ  соғыс»  адам  құқығы  жөніндегі  халықаралық 
ұйымдардың  дамуын  тежеді.  Тек  жұмыла  көтерген  жүктің 
арқасында  жетекші  тәуелсіз  халықаралық  ұйымдар  адам 
құқығын белгіледі. 
БҰҰ  мысалына  сүйене  отырып,  басқа  ұйымдар  да  адам 
құқығы  туралы  өздерінің  келісімін  жасады.  Мәселен,  1990 
жылы Ислам конференциясы ұйымы былай деп мәлімдеді: 
«Адам  баласы  еркін  болып  туылады,  оларды  құлдыққа 
салуға,  қорлауға,  жәбірлеуге  немесе  қанауға  ешкімнің  де 
құқығы жоқ. Құдыреті күшті Алладан басқа ешкімге бас июге 
болмайды». 
1993  жылы  БҰҰ  бүкіл  әлемде  адам  құқығын  нығайту  мен 
мониторинг  жүргізу  үшін  адам  құқығы  жөніндегі  Жоғарғы 
Комиссар  қызметін  құрды.  Сондай-ақ,  ұйым  адамзатқа 
қарсы  жасалған  қылмыстарға,  бұрынғы  Югославия    мен 
12-тарау: Адам құқықтары және журналистика


  
215
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Руандадағы әскери қылмыстар мен зұлматқа сот тәртібінде 
тергеу  жүргізу  үшін  трибуналдар  ұйымдастырды.  Кейіннен 
БҰҰ  әскери  қылмыстар  жасады  деген  күдіктілерге  қатысты 
сот  ісін  жүргізу  үшін  трибунал  орнатуға  талпыныс  жасаған 
Камбоджаға,  Шығыс  Тимор  мен  Сьерра  Леонға  көмек 
көрсетті. 
2002  жылдың  шілдесінде  адамзатқа  қарсы  қылмыстар 
мен  зұлмат  сияқты  елеулі  қылмыс  үшін  айыпталушыларға 
қатысты  сот  процесін  жүргізу  үшін  тұрақты  сот  палата-
сын  құрып,  Халықаралық  Қылмыстық  соттың  Рим  Статуты 
(Заңдар жинағы) өз күшіне енді.
 
Адам құқығы туралы репортаждар жүргізу
Адам  құқығы туралы  репортаждар  жүргізу  кез  келген  басқа 
да тақырыптарға репортаждар жүргізу сияқты жоғары стан-
дарттарды  жақтауды  талап  етеді.  Алайда,  аса  мұқият  болу 
нәтижесінде  журналистер  ықтимал  қауіпті  жағдайлардан 
және тұзаққа түсуден сақ болуы қажет. 
Журналистер кез келген топқа кіретін тұлғалардың қандай 
да бір құқық бұзушылығы туралы хабарлауға дайын болуы 
тиіс.


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау