Кіріспе
Қазақстанда жүріп жатқан құрылыстың дамып өркендеуі, көп мөлшерде құрылыс материалдарын пайдалануды қажет етеді. Сондықтан негізгі шаралардың бірі, яғни құрылыстың сапасын арттыру, өнімге тиімді талдау жасап материалдарды дұрыс пайдалана білу болып табылады.
Қазақстандағы өнеркәсіптік-құрылыс саласының дамуы, замануи шарттарда құрылыс материалдарының сапасын жоғарылату экономикалық және саяси мәселелер болып табылады.
Сонымен бірге, өнеркәсіптік-құрылыс кешенінің дамуы тек қана мемлекет экономикасына әсер етпей, сондай-ақ құрылыстың өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі. Ол, өз кезегінде, сәйкес нормативтік талаптарға жауап беру жағдайында, тұрғын үй бағасының төмендеуіне әкеледі.
Қазақстанда жасалған өнеркәсіптік база құрылыс материалдары атауларының кең спектрі бойынша сұранысты қанағаттандыруға жағдай жасайды. Солардың ішінде, цемент, бетоннан жасалған бұйымдар, қабырғалы және жылу өткізбейтін материалдар, гипс, асбест, темір арқаулар, гипсокартон, қиыршықтас және т.б. құрылыс материалдарының түрлері. Бірақ, отандық өнеркәсіп орындарының төмен жүктелімі құрылыс саласының қажеттіліктерін қанағаттандарыға мүмкіндік бермейді, бұл, өз кезегінде, отандық құрылыс материалдарының жоғары бағаларымен тығыз байланысты. [5]
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттерінің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірумен және олардың сонғы жаңалықтарымен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы өте ерте замандарда-ақ адамдарды көп толғандырған. Дегенмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи – қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қандай материалдан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы, қандай – бұл мәселелер туралы әркімдер-ақ белгілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми-техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер де аз емес
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің кезекті «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдуында барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек деп атап көрсеткен болатын. [1] Жолдауды назарға ала отырып қазіргі дамығын елдердің құрылыс материалдарын өндіруі бойынша қорытынды жасасақ, жол құрылыс материалдарын өндіру мен жаңа технологияларды өндіріске енгізу маңызды мәселелердің бірі. Жол төсемдерінің сапасы жол құрылымдарында пайдаланатын тау жыныстарымен алыстан тасымалданатын бағасы жоғары қиыршық тас материалына тәуелді. Жол құрылысына жұмсалатын қаржыны төмендету үшін, экономикалық тиімділікті арттыру үшін, физика-химиялық қасиеттері бойынша табиғи тас материалынан қалыс қалмайтын бірден бір керамикалық материал – керамдор қолданылады. Керамдор беріктілігі жоғары, тиімділігі жоғары керамикалық арзан материал. Қиыршықтас негізінде жасанды керамдор өндіру жол құрылысымен қатар жеңіл бетон өндіру тиімділігін арттырады және керамдор өндіретін цех жобасының сәулеттік-конструкциялық және көлемдік жобалау шешімдерін жасау заман талабы. [6]
Достарыңызбен бөлісу: |