216
Журналистер кез
келген топқа кіретін
тұлғалардың қандай да
бір құқық бұзушылығы
туралы хабарлауға
дайын болуы тиіс
Қақтығыстардың басым бөлігінде екі жақ та құқық бұзушы-
лыққа барады, журналистердің қолында тараптардың біріне
қарсы жасалатын құқық бұзушылықтар туралы ақпарат бо-
луы мүмкін. Журналистер адам құқығын бұзушылық пен же-
келеген іс-әрекеттердің арасындағы айырмашылыққа бас
қатырмағанымен, кез келген топтың тарапынан адам құқығы
бұзылғанын байқаса, оны хабарлауы тиіс.
Адам құқығының негізгі қағидасы жалпыға ортақ: әрбір адам
өз өмірі мен бостандығын қорғауға, этникалық шығу тегіне,
дініне немесе жынысына қарамастан, құқығына қол сұққан
жайттардан қорғануға құқылы.
Қақтығысқа қатысы бар тараптардың өкілдері тегіс сот алды-
на келгенімен, бұрынғы Югославия үшін құрылған БҰҰ-ның
трибуналы сияқты халықаралық соттардың заңдылығына,
тепе-теңдікті сақтайтынына күмән тудырып, дауласуға тыры-
сатындар да бар.
Құқық бұзушылықтар туралы хабарлай отырып, оқиғалардың
жалпы көрінісін бұрмаламай, барынша мол дәлел жинау ке-
рек. Барлық жайттар жөнінде бірнеше реттен сұраңыз және
барлық жауаптарды тексеріңіз. Егер мүмкіндік болса, фо-
токамераны немесе дыбыс жазушы қондырғыларды қол-
даныңыз, бірақ жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды,
суреттерді, оқиға болған жердегі қандай да бір материалды
12-тарау: Адам құқықтары және журналистика
217
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Адам құқығының
бұзылғаны туралы
мәлімдемелер көп
жағдайда насихаттық
күрестің бір бөлігі
болып шығады
пайдаланбаңыз. Түрлі қайнар көздерді пайдалана отырып,
мүмкіндігінше деректерді тексеріңіз, адам құқығы жөніндегі
ұйымдар қорытынды есеп шығарудан бұрын көп адамнан
пікір сұрайды.
Көбінесе адам құқығын бұзу фактілері қарсыластарға, үкі-
метке немесе аймақтағы кез келген басқа ықпалды күштерге
қарсы күресте айғақ ретінде пайдаланылады. Қандай да бір
жақтың пайдалануына жол бермеу үшін сақтық шараларын
сақтаңыз, сіздің репортаждарыңыздың шынайы дәлелдерге
негізделетініне көз жеткізіңіз.
Журналистер абай болуы тиіс және адам құқығының бұзы-
луы туралы мәлімдемелерге көзсіз сене беруге болмайды,
өйткені олар көп жағдайда насихаттық күрестің бір бөлшегі
болып шығады. Косоводағы соғыс кезінде белгілі ақпараттық
ұйымдардан келген бірнеше тәжірибелі журналист болмаған
көпшілік адам өлімі туралы қате хабар таратып, соның сал-
дарынан олар өз дереккөздерінен өздері адасты. Соғыс
аяқталған кезде ғана олар қаза болғаны туралы хабарлаған
адамдарының тірі екенін білді.
Екінші жағынан, журналистер құқық бұзушылықтар немесе
зұлымдық әрекеттер туралы хабарларды асығыс жоққа шы-
ғармауы тиіс. 1970 жылдың соңында Камбоджа тұрғындары
«қызыл кхмерлердің» айуандықтары туралы әңгімелерімен
218
шекара арқылы Тайландқа қаша бастаған кезде журналистер
оларға сене қойған жоқ, себебі бұл әңгімелер айтса нанғысыз
таңғажайып әңгіме секілді әсер тудырды. Осы ақпардың шын
екенін тексеруге бірнеше жыл қажет болды.
Адам құқығының бұзылғаны туралы мәлімдемелер көп
жағдайда насихаттық күрестің бір бөлігі болып шығады.
Журналистер осындай ауыр жағдайларда ақпарат іздесті-
рудің аса жауапты екенін түсінуі қажет. Түрлі этникалық және
ұлттық топтардың тарихымен және саясатымен таныс емес
кейбір адамдар сияқты қандай да бір топтың мүшелері болып
табылатын журналистер де кейде шынайы емес ақпаратты
тарату мақсатында әдейі пайдаланылуы мүмкін.
Сонымен қатар тілші аймақтан кетуі мүмкін жағдайда (басқа
елде орналасқан базаға қайта ұшып кететін болса), интер-
вью берген адамдардың көпшілігі қиын жағдайға душар бола-
ды, интервью берушілер сол жерде қалатындықтан, олардың
жеке басына қауіп төнуі мүмкін. Журналистер өздеріне ақ-
парат берушілерге, тілмаштарға, көлік жүргізушілері мен
делдалдарға қауіп төндірмеу үшін барлық сақтық шараларын
ескеруі тиіс.
12-тарау: Адам құқықтары және журналистика
219
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Құрбандармен және куәгерлермен сұхбат жүргізу
Адамдардан интервьюді жеке-жеке алуға тырысыңыз.
Тұтас бір топтың эмоционалдық қысымы өз ықпалын тигізіп,
шынайы деректер асыра сілтеудің құрбаны болуы мүмкін.
Өзіңізді журналист ретінде таныстырыңыз.
Кімге жұмыс
істейтініңізді және неліктен жұмыс істейтініңізді жасырмай
айтыңыз. Интервью берген адамдардың шындыққа жанасым-
сыз үмітін ынталандырмаңыз. әңгімелесуші адамыңыз сізді
шын мәнінде оған көмектесе алады деп есептеп отырған жоқ
па? Сұхбат берушінің сізді адам құқығы жөніндегі ұйымнан
келгендей қабылдауына жол бермеңіз.
Болған оқиғалар туралы мәлімдеудің маңыздылығын түсін-
діріңіз.
Негізгі мақсат – құқық бұзушылық туралы қалың
жұртшылықты хабардар ету. Ал құрбан болғандар бұдан
қорқуы мүмкін. Сіз олардың қалауын құрметтеп, альтернати-
ва табуыңыз керек. ә дегеннен интервью берген адамдар-
мен олардың есімдерін пайдалануға болатын-болмайтынын
сұраңыз. Жеке қауіпсіздігі үшін құпия қалуды қалай ма, оны
да келісіп алыңыз.
Негізгі детальдарды нақтылаңыз.
Мәлімдемеде пайдала-
нылмайтын болса да, шындыққа көз жеткізу үшін интервью
беруші адамның толық аты-жөнін, мамандығын және жасын
біліп алыңыз. Егер қажеттілік пайда болса, олармен кейіннен
қалай байланысуға болатынын сұраңыз. Алдыңыздағы адам-
мен кездесу немесе ол туралы мәліметтерді білудің жалғыз
ғана мүмкіндігі болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |