Нерв ұлпасына қандай қасиеттер тән? Нейронның қандай түрлерін білесіз? Рефлекстің түрлерін атаңыз? Рефлекс доғасы қандай элементтерден тұрады? Жұлынның құрылысы



жүктеу 108,48 Kb.
Дата21.02.2023
өлшемі108,48 Kb.
#41435
3 апта


1. Нерв ұлпасына қандай қасиеттер тән?
2. Нейронның қандай түрлерін білесіз?
3. Рефлекстің түрлерін атаңыз?
4. Рефлекс доғасы қандай элементтерден тұрады?
5 Жұлынның құрылысы, қызметі және жастық ерекшеліктері.
6 Сопақша мида орналасқан нерв орталықтарын атаңыз?
7 Ортаңғы ми бөлімдерін атап, әрбір бөлімі қандай қызметке жауапты екендігін мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
8 Аралық ми бөлімдерін атап, әрбір бөлімі қандай қызметке жауапты екендігін мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.

Нерв ұлпасы эктодермадан дамиды, өз кезегінде нерв ұлпасы екі құрылымға бөлінеді: нерв клеткасы және нейроглия (33-сурет). Нерв клеткалары қозуды, тітіркенуді қабылдауға және нерв импульсін тудырып, өңдеп өткізуге қабілетті
Нейроглия тіректік, қоректік, секреторлы жэне қорғаныштық қызмет атқарады. Нерв ұлпасының барлық элементгері бірігіп организмнің нерв жүйесін кұрайды. Нерв жүйесі организмнің ішкі мүшелері мен ұлпаларының және организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасының негізі болып табылады.

Нерв жүйесінің қызметінің негізі – рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда боуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне бапйланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне – рефлекс аймағына – тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек – қан тамырлар рефлекстері болып бөлінеді. Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.
И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген.
Рефлекторлы доға, оның бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды.Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады.
Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.
Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға әкеледі.
Эффекторлар орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
Эффектордың рецепторлық құрылымы.жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлық өзгерістері пайда болады.Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.

Сопақша мидың құрылысы мен қызметі. Барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады. Дегенмен, сопақша мида сұр және ақ заттардың орналасуындағы реттілік едәуір өзгереді. Филогенездік даму процесінде қалыптасқан құрылымдық және әрекеттік өзгерістер нәтижесінде жүйке торшалары шоғырланып, ерекше құрылым - ядролар пайда болған. Ядролар әртүрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Олардың біраз бөлігі сопақша мидың торлы құрылымының құрамына енеді. Сопақша ми жұлын мен өзінде орналасқан ядролардан басталатын ми жүйкелері арқылы дененің барлық бөліктерімен жалғасады. Он екі жұп ми жүйкелерінің сегіз жұбы (V–XІІ) осы сопақша мидан басталады. Олар үштармақ (үшкүл), әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақтық, кезеген, қосымша және бұғақ (тіл асты) жүйкелері.


Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән. Сопақша мида тыныс алуды, тамыр арнасын, жүрек қызметін, көмірсулар алмасуын реттейтін орталықтар, шайнау, сілекей бөлу, жұту, дыбыс шығару, қарын сөлін, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру, көз қағу рефлекстерінің орталығы, Дейтерс ядросы орналасқан. Сонымен қатар сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырманының (лабиринттің) афференттік жүйкелерінің орталығы орналасады. Ол әртүрлі органдардың қызметін реттеу арқылы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, вегетативтік қызметтерді, қаңқа еттерінің тонусын реттейді, бұлшық еттің, ең алдымен жазғыш еттердің, тонустық жиырылуын қамтамасыз етіп, дене салмағын көтеруге, тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Сопақша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қимыл әрекетін (жүру, тұру, ұшу) қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сопақша ми тонустық (дене қалпын сақтау) рефлекстерін реттеуге қатысады. Дене қалпын сақтау рефлекстері тепе-теңдік (статикалық) және қимыл-қозғалыс (статокинетикалық) рефлекстері болып бөлінеді. Тепе-теңдік рефлекстері тыныштық кезінде дененің қалыпты кейпін, тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін қимыл әрекеттер. Статокинетикалық рефлекстер - дене қозғалысы кезінде байқалатын қимыл реакциялары. Олар кейіптену (дене қалпын сақтау) және тұлға түзеу (мақсаттық) болып екі топқа бөлінеді. Бұл рефлекстердің рефлекстік өрісі вестибулалық аппаратта, мойын еттері мен сіңірлерінде орналасады. Мойын қисайса сол беткейдегі еттер тонусы жоғарылап, қарсы беткейдегі еттер тонусы төмендейді. Бұл тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметі. Құстарда ортаңғы ми өте жақсы дамыған. Ол қос төмпектен және сабақтан тұрады. Қос төмпек сезімтал нейрондар ядросынан құралады да, алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Сабақ болса бүркемеден, қара төсеміктен және табан негізден тұрады. Бүркеме көпірдің жалғасы болып табылады. Онда қызыл ядро және көз қозғағыш нерв пен үштармақ нервтің ядросы орналасады.
Қос төмпектің алдыңғы екі жұп төмпешіктерде көрудің бағдарлау рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпешіктерде естудің бағдарлау рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ және бас бейнелер көрінген, немесе дыбыс шыққан жаққа бұрылады.
Қара төсемік жолақ денемен тығыз байланыста болады да, қаңқа еттерінің жиырылуын, жұту және тыныс қимылдарын реттеуге қатысады.

Қызыл ядро дене қимылын реттейтін маңызды құрылым. Рубро-жұлындық жол арқылы ол жұлынның мотонейрондарымен байланысады. Қызыл ядро сопақша ми орталықтарының (Дейтерс ядроларының) қызметін тежей реттеп отырады. Оның қатысуымен дененің кеңістіктегі қалпына қарай бұлшық ет тонусы өзгеріп отырады. Қызыл ядроны сопақша мидан бөліп тастаса, децеребрациялық сіреспе (ригидность) байқалады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын реттейді.


Аралық ми және оның қызметі. Аралық ми құрамына көру төмемпегі - таламус, төмпек асты аймақ - гипоталамус және төмпек қосалқысы - эпиталамус енеді.

Көру төмпегі мидың ең көне бөлігі. Оны мидың негізгі ақпараттық орталығы деп есептейді. Көру төмпегінде сұр заттан түзілген көптеген ядролар шоғырланады. Таламус құрамына енетін имек денеге көру және есту анализаторларынан бағытталған импульстер келеді. Үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстер (иістік импульстерден басқа) көру төмпегі арқылы өтеді, осыдан ол афференттік импульстер қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, пропиро-, термо-, ауырсынту, дәм сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады, сондықтан көру төмпегі зақымданса рецепция (рецепторлардың тітіркенуін қабылдау) бұзылады, қатты ауырсыну түйсігі пайда болып, кейде сезімталдық тіпті жойылып кетеді.


Таламус тек афферентік импульстерді мидың жоғарғы бөлімдеріне бағыттайтын құрым ғана емес, сонымен қатар онда белгілі дәрежеде әртүрлі тітіркеністерді талдау, жинақтау процестері де жүреді. Дегенмен, таламус деңгейіндегі жіктеу қарапайым және үстіртін келеді.
Таламус бұлшық еттің икемділік тонусын реттеуге де қатысады. Миды таламустың алдынан тіліп тастаса, бұлшық ет тонусы күшейіп, еттің икемділігі тым жоғарылап кетеді де, құс еріксіз берілген кейіптен шыға алмай қалады.

Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без - эпифиз орналасады.



Гипоталамус - көлемі жағынан гипоталамус кішкентай ғана құрылым болғанымен, көптеген ядролардан тұрады.
Гипоталамус ОЖЖ-ің барлық бөлімдерімен тығыз байланысқан. Оның эфференттік жолдары көру төмпегімен, гипофизбен, ортаңғы және сопақша мимен және аксондары вегетативтік жүйкелердің түйін алды талшықтарын түзетін торшалармен жалғасады. Гипоталамус вегетативтік функцияларды реттеуде, симпатикалық және парасимпатикалық реакциялардың атқарылуында маңызды орын алады. Гипоталамус дене температурасын реттеуге қатысады. Гипоталамусте белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады. Мидың бұл құрылымы вегетативтік жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің және нейрогуморальдық механизмдердің жоғары деңгейлі үйлесімін қалыптастырады.
Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде оның жыныстық және агрессивті қорғаныс рефлекстеріне қатысы анық дәлелденген. Гипоталамус аймағында тояттау, ашығу орталықтары орын тебеді.
Гипоталамус гипофизбен өте тығыз морфологиялық және функциялық байланыста болады, сондықтан оларды гипоталамус-гипофиздік жүйеге біріктіреді
жүктеу 108,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау