Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет44/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61

  
184
  
Біз бұқаралық ақпарат құралдары бейбітшілікті насихаттаушы 
болуы керек демейміз. Бірақ, журналистер өз жауапкершілігін 
мойындап, қысымның көбеюіне жанама тосқауыл бола оты-
рып, толеранттылықты дамытуға өз үлестерін қоса алады. 
Цинизм тұзағы
Таң қылаң бергенге дейін тараптарды келісімге келтіре алма-
ған халықаралық делдалдар шарасыз күйде отырған уақытта 
бәсекелесуші  жақтың  шешені  микрофонға  қарай  жүгіріп, 
қарсыластарының  қырсықтығын  сынға  алады.  Мұндайда 
газет  мақалаларында  «Күрестің  ушығуына  байланысты 
бейбіт  келісімдер  процесінің  күлі  көкке  ұшқалы  тұр»  деген 
тақырыптар жиі кездеседі.  
Алайда, бір апта, бір ай немесе екі ай өткен соң, кездесу өтіп, 
ортақ  шешімге  қол  жетпесе  де,  мәселелердің  басым  бөлігі 
келісіледі. 
Екі  жыл  бойы  мәселені  бейбіт  жолмен  шешу  процесі  жүріп 
келеді  де,  ішкі  үкімет  тығырыққа  тірелген  кезде  жергілікті 
қақтығыс  белең  алады.  Қайтадан  «ел  жаңа  соғысқа  қарай 
бет  бұрды»  деген  мақалалар  пайда  болады.  Алайда,  көп-
теген  дау-дамай  мен  түсінбеушіліктен  соң  қайтадан  жаңа 
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау


  
185
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қақтығыстың келешегіне 
пессимистік көзқараспен 
қарайтын мақалалардың 
тақырыбы әрдайым жер 
жарып тұрады 
бітімге қол жетіп, екінші фракцияның көшбасшысы премьер-
министрдің  міндетін  атқарушы  болып  тағайындалады  және 
бейбітшілік туралы жергілікті шарт келісіледі...
Қақтығысты жариялайтын журналистерден үнемі болашаққа 
болжам  жасауды  өтінеді.  Алайда,  қақтығыстың  келешегіне 
пессимистік көзқараспен қарайтын мақалалардың тақырыбы 
әрдайым  жер  жарып  тұрады.  Сөзсіз,  журналистер  –  кәсіби 
көзқамандар (циниктер).  
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кей жағдайда әлдеқандай тәсілдерді 
алға тартып, зорлық-зомбылыққа қатысты қатаң жаза қолдана 
алмайтыны  секілді  бір  қарағанда  елеусіздеу  көрінетін 
жағдайлардың  қауіпті  болуы  мүмкін  екенін  де  бағаламауға 
болмайды. Ал егер дәл оқиға болған жерде жүріп, соғысты 
тоқтатуға  ешқандай  себеп  жоқ  екенін  білсеңіз,  бұл  жайлы 
қалайда хабарлаңыз. 
Бірақ, әдетте кері тәсілдің пессимизмге жол ашып, қақтығысты 
тұтандыруы мүмкін екенін де ұмытпау керек. Сонымен қатар 
ол қақтығысты шешу процесіндегі кез келген сәтті процесті 
көзден тыс қалдырады. 


  
186
  
Бұлыңғыр болжам 
жасай беретін арсыз 
адамдардың тұзағына 
түскіңіз келмесе, ақылмен 
сақтық жасаңыз 
Қақтығыстың келешегіне пессимистік көзқараспен қарайтын 
мақалалардың тақырыбы әрдайым жер жарып тұрады. 
Бейбіт үрдіс әрдайым көптеген сәтсіздіктерге душар болады. 
Қарым-қатынас орнату үшін тараптарды табыстыратындық-
тан, бұл үрдістің маңызы зор және қақтығыстың негізгі мәсе-
лелері бойынша ауқымды шешімге қол жеткізу мүмкіндігінің 
алдында  сенім  орнату  үшін  ол  көбінесе  қосымша  мәселе-
лерге жүгінеді. 
«Директивті»  бейбіт  келісімнің  тұрақтылығына  күмәнмен 
қарау  журналистердің  назарын  мемлекет  пен  азаматтық 
қоғамның  дамуында  қол  жеткен  елеулі  «көпдеңгейлі»  та-
быстардан  алшақтатады.  Мысалы,  көпір  қайта  ашылған 
сәтте,  мемлекеттің  орталығы  қалпына  келеді,  ақырындап 
босқындар  отбасыларымен  үйлеріне  орала  бастайды. 
Бұл  да  соғысты  табыстан  айырып,  бейбітшілікті  қолдаушы 
адамдардың  қатарын  көбейту  арқылы  табысқа  қол  жеткізу 
процесінің бір бөлшегі болып қалады. 
 
Бұлыңғыр  болжам  жасай  беретін  арсыз  адамдардың  тұза-
ғына түскіңіз келмесе, ақылмен сақтық жасаңыз. Сонда ғана 
сіз  бейбіт  келісімдердің  барысын  шынайы  сипаттап  қана 
қоймай,  тепе-теңдік  принципін  ұстана  отырып,  біртіндеп 
маңызды табыстарға қол жеткізесіз. 
 
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау


  
187
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Дағдарысқа қарсы реакция 
Жарылыстар жасалды, президент өлтірілді, аяусыз қатыгездік 
туралы  ақпараттар  пайда  бола  бастады.  Мұндайда  кәсіби 
нормаларды қатаң ұстану айрықша маңызға ие. 
 
Құрбандар  айтарлықтай  азап  шеккенін  алға  тартады,  сая-
си  қайраткерлер  айыптайтын  мәлімдемелер  жасайды, 
бәсекелес  бұқаралық  ақпарат  құралдары  сенімді  түрде 
кесімді материалдарды жариялай бастайды.  
Бұл жауапкершілігі мол журналист үшін тәуекелге бас тігетін 
қауіпті  кезең.  Деректер  объективті  болмаса,  жауапкершілік 
айқын  емес  болса,  былық-шылық  жағдайында  оқиғаның 
нақты мағынасын түсіну мүмкіндігі де қалмайды.  
Кейде  кесімді  пікір  білдірушілер  саны  көп  болған  жағдайда 
«айқын  қорытынды»  жасаудан  аулақ  болу  қиынға  соғуы 
мүмкін.  Мәселен,  бір  этникалық  топ  екінші  топқа  қасақана 
шабуыл  жасағанымен,  мұны  дәлелдейтін  факті  болмауы 
мүмкін.
  
Мұндай  жауапсыз  мәлімдеме  зорлық  көрсетуге  итермелеуі 
мүмкін. Өйткені, ашу-ыза кернеген қоғам мүшелері кек алуға 
әрекеттенуі ықтимал.  
Азаматтық қоғам соғыс уақытында да өмір сүре береді, дами 
да береді, ешқашан келешектен үмітін үзбейді. 


  
188
  
Мұндай  жағдайда  өз  репортаждарыңызда  төмендегі  жайт-
тарды есте ұстауыңыз қажет: 
 

Белгілі фактілерге ғана арқа сүйеу, дәлелдеуге болмайтын 
нәрсені түсіндіру;
 

Эмоцияны  жұмсартып,  осы  бағыттағы  қоғам  өкілдерін 
бірінші шепке шығару;
 

Барлық тараптың пікірін білдіріп, айқын кертартпалықтарды 
жеңу;
 

Жеңіл  қорытынды  жасамай,  материалдың  күрделілігін 
зерттеу;
 

Оқиға қаншалықты қайғылы болғанына қарамастан, оның 
келешегін қарастыру.
Оқиғаларды жауапкершілікпен көрсету
 Азаматтық қоғам соғыс уақытында да өмір сүре береді, дами 
да береді, ешқашан келешектен үмітін үзбейді. Журналистің 
парызы мен табиғи инстинкт қақтығыста қатысушы «топтар» 
туралы  мәлімдеуге  мәжбүр  еткенімен  де,  қоғамның  басқа 
бөліктерін де естен шығармаған дұрыс. Ел ішіндегі халықтың 
тұтастай дерлік соғысты жақтаушылар одағын қолдауы өте 
сирек кездеседі. Ал болып жатқан қақтығысты және оның ар-
тында  тұрған  адамдарды  тоталдық  милитаризацияланған 
қоғам бейнесін жасауға ықпал етеді. 
Азаматтық қоғам 
соғыс уақытында да өмір 
сүре береді, дами 
да береді, ешқашан келе-
шектен үмітін үзбейді 
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау