Физика нұсқау



жүктеу 117,98 Kb.
бет1/2
Дата26.01.2022
өлшемі117,98 Kb.
#35094
  1   2
3 n s a- GB



ФИЗИКА


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы тәуелді болатын физикалық шама

A) уақыт

B) биіктік

C) жылдамдық

D) үдеу


E) көлем

2. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1 = -150 + 20t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2 = -2t. Олардың қозғалыс жылдамдықтары

A) 20 м/с, 2 м/с.

B) 20 м/с, -2 м/с.

C) -20 м/с, -2 м/с.

D) -20 м/с, 2 м/с.

E) 10 м/с, 2 м/с.



3. График бойынша дененің 1 с уақыттағы орын ауыстыруы

A) 12 м


B) 15 м

C) 6 м


D) 3 м

E) 5 м


4. Дене 10 Н қорытқы күштің әсерінен 5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы

A) 5 кг


B) 100 кг

C) 2 кг

D) 50 кг

E) 15 кг


5. Q1 – қыздырғыштан алынған жылу мөлшері, Q2 – тоңазытқышқа берілген жылу мөлшері. Жылу машинасының жұмысы

A) A = Q1 + Q2.

B) A =  .

C) A = Q1.

D) A = Q1 – Q2.

E) A = Q2.



6. Газ 1- күйден 2- күйге өткенде газдың көлемі

A) артады, кейін азаяды

B) азаяды

C) азаяды, кейін артады

D) артады

E) өзгермейді



7. Максвелл теориясына сәйкес магнит өрісінің кез келген өзгерісі қоршаған кеңістікте

A) электр зарядын туғызады

B) электростатикалық өріс туғызады

C) құйынды электр өрісін туғызады

D) тұрақты магнит өрісін туғызады

E) гравитациялық өріс туғызады



8. Тізбектегі тербеліс жиілігі артқанда, конденсатордың сыйымдылық кедергісі

A) өзгермейді

B) артуы да, кемуі де мүмкін

C) артады

D) кемиді

E) нөлге тең болады



9. Сәуленің түсу бұрышы 30° болса, жарық сәулесінің шағылу бұрышы

A) 120°


B) 30°

C) 60°


D) 90°

E) 50°


10. Атомның құрамында 12 электрон, 14 нейтрон бар. Атом ядросындағы протондар саны

A) 28


B) 14

C) 4


D) 12

E) 8


11. Садақтан 20 м/с жылдамдықпен атылған жебе тік жоғары көтеріліп,

4 с - тан кейін Жерге құлады. Жебенің көтерілу биіктігі (g = 10 м/с2)

A) 10 м.

B) 20 м.

C) 5 м.

D) 25 м.

E) 15 м.


12. Өзара перпендикуляр орналасқан 30 Н және 40 Н күштердің тең әсерлі күші 500 Дж жұмыс жасай денені бірқалыпты көтеретін биіктігі

A) 10 м

B) 6 м

C) 2 м


D) 5 м

E) 8 м


13. Идеал жылу машинасының ПӘК-і 80 %. Егер тоңазытқыштың температурасы 127 °С болса, қыздырғыштың температурасы

A) 540 К.

B) 620 К.

C) 2000 К.

D) 380 К.

E) 460 К.



14. Баллондағы газдың жартысы шығарылды. Баллондағы газдың (температура өзгермейді)

A) қысымы екі есе артады

B) молекулалардың концентрациясы артады

C) қысымы өзгермейді

D) салмағы өзгермейді

E) қысымы екі есе азаяды



15. Контурдың индуктивтігі 2 есе артқанда, жиілігін де 2 есе арттыру үшін контурдың сыйымдылығын

A) 2 есе арттыру керек

B) 2 есе кеміту керек

C) 8 есе арттыру керек

D) 8 есе кеміту керек

E) 4 есе арттыру керек



16. Бойы 180 см адам айнадағы өзінің кескінін толық көру үшін, вертикаль айнаның минимал биіктігі

A) 45 см.

B) 360 см.

C) 90 см.

D) 180 см.

E) 140 см.



17. Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с-қа тең болса, оның массасы

A) 900 г.

B) 400 г.

C) 500 г.

D) 100 г.

E) 200 г.



18. Карно циклін орындайтын газ қыздырғыштан алған әрбір 2 кДж энергия есебінен 600 Дж жұмыс өндіреді. Қыздырғыштың абсолют температурасы тоңазытқыштың абсолют температурасынан

A) 1,4 есе үлкен.

B) 1,3 есе үлкен.

C) 1,7 есе үлкен.

D) 1,6 есе үлкен.

E) 1,5 есе үлкен.



19. Сыртқы кедергі 3,9 Ом болғанда тізбектегі ток күші 0,5 А, ал сыртқы кедергі 1,9 Ом болғанда ток күші 1 А болса, ток көзінің ішкі кедергісі мен ЭҚК-і

A) 1 Ом; 0,2 В.

B) 2 Ом; 0,1 В.

C) 0,1 Ом; 0,4 В.

D) 0,1 Ом; 2 В.

E) 0,4 Ом; 2 В.



20. Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 22 Ом. Резистордағы кернеу 66 В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 мин ішінде өтетін электрондардың саны (e = 1,6∙10-19 Кл)

A) ≈ 1,12∙1017

B) ≈ 1,2∙1021

C) ≈ 1,9∙1019

D) ≈ 2∙1021

E) ≈ 1,2 ∙1019












жүктеу 117,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау