143
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кейбір елдерде
мемлекеттік қызметтегі
шенеуніктерді жаман-
дау және олардың аты-
на өткір сын айту
олардың ар-намысына
тиді деп есептеледі, ал
кейде тіпті қылмыстық
әрекетке жатады
Кейбір елдерде мемлекеттік қызметтегі шенеуніктерді жа-
мандау және олардың атына өткір сын айту олардың ар-
намысына тиді деп есептеледі, ал кейде тіпті қылмыстық
әрекетке жатады. Енді бір елдерде мемлекет қайраткерлерін
сынау қоғам мен демократияны дамыту мүддесі үшін ке-
рек деп есептеледі. Бұл жөнінде әмбебап келісім жоқ,
сондықтан журналистердің өздері жергілікті заңдармен және
тәжірибемен таныс болуы қажет.
Лондонда орналасқан, бұқаралық ақпарат құралдары үшін
сөз бостандығын дамытуға ықпал ететін Article 19 ұйымы
әмбебап ұсыныстардың халықаралық заңнамаға, түрлі ішкі
стандарттар мен жалпыға ортақ қағидаларға сәйкес жа-
салынуы тиіс ұсыныс жасады. Бұл «жеке тұлғаның сөз
бостандығы құқығы» мен «жеке бастың беделін қорғаудың»
ара-жігін ашып берер еді.
Кең көлемді анықтамалар
Қазірше мұндай әмбебап ұсыныстар жоқ. Дегенмен, диффа-
мация мен жеке өмірді қамтитын ортақ элементтер бар. Ол
журналистерге жақсы мәлім болса керек.
144
Белгілі бір ақпарат көзінен
алғаныңызға қарамастан,
сіздің жазғаныңыз тәуелсіз
дерек көздерімен сәйкес кел-
месе, «мен тек ақпаратты
таратушы ғанамын» деп
ақтала алмайсыз
Біріншіден, жала жабу дегеніміз не? Стандартты анықтама
бойынша, жала жабу дегеніміз – қандай да бір тұлғаның
немесе бизнестің беделіне нұқсан келтіретін, немесе ол
тұлғаны күлкіге қалдыратын, немесе өшпенділік тудыратын
қандай да бір тұлға туралы жарияланған жалған мәлімдеме.
Жаланы ойдан шығару да сол сияқты. Ерекшелігі, ол қысқа
уақыт аралығында тарайтын, баспасөзде жарық көрмейтін,
жаланың ауызша айтылған түрі. Англияда радио мен теледи-
дарда айтылған нәрсе ойдан шығарылған емес, кәдімгі жала
болып есептеледі.
Көптеген елдерде шындық жала жабудан қорғанудың тәсілі
іспетті. Дәлірек айтқанда, қандай да бір мәлімдеменің
шындық екенін дәлелдеуге тура келуі мүмкін. Егер алдын
ала тексермегендіктен немесе жалған ақпарат бергендіктен
шындық екенін дәлелдей алмасаңыз, жауапкершілікке тар-
тыласыз. Бәлкім, сіз оның шындық екенін білетін шығарсыз.
Бірақ, білу аздық етеді, дәлелдеуіңіз керек. Ал енді бір елдер-
де жала жапты деп шағымданушы оның шындыққа жатпайты-
нын дәлелдеуі тиіс. Белгілі бір ақпарат көзінен алғаныңызға
қарамастан, сіздің жазғаныңыз тәуелсіз дерек көздерімен
сәйкес келмесе, «мен тек ақпаратты таратушы ғанамын» деп
ақтала алмайсыз.
Аздаған адамға тарап кеткен хабар немесе қандай да бір
мақаланың қысқаша мазмұны да, редакторлардың конфе-
ренциясында пайдаланылған радио немесе телехабарға
арналған материал да кейде «жарияланған» деп есептеледі.
Жала жабу көптеген елдерде нақты бір тұлғаға немесе меке-
меге қатысты қарастырылады.
10-тарау: Жала
жабу жөнінде
146
Жекелеген тұлғаларға
қатысты мәлімет
таратқанда аса
абай болған жөн
Қатерлі дабылдар
Адамның жеке басына қатысты мәселеде, атап айтқанда,
кәсіби ұждансыздығы немесе білімсіздігі; адамгершілікке
жат әдеттерге әуестігі; қылмыстық немесе өзге де лайықсыз
әрекеттері; жеке тұлғаның шығу тегі немесе жыныстық
қатынас арқылы берілетін аурумен ауыратынын, ақыл-есінің
дұрыс еместігін дәлелсіз мәлімдеуде аса абай болған жөн.
Қалалық өзін-өзі басқару қызметіндегі шенеунік көлікті мас
күйінде айдағаны үшін кінәлі деп танылса, ол қоғамдық айып-
тау нысанына айналуы мүмкін; сондай-ақ, тексерушілер
санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтаса, мейрамха-
на қожайыны бизнесінен айырылып қалуы мүмкін. Егер бұл
мәлімдемелер рас болса, онда оларды жария еткені үшін
жала жапты деген айып тағылмауы тиіс. Алайда, олардың
кінәсі сотта дәлелденбесе, онда сіз оның дұрыс екенін қалай
дәлелдейсіз?
10-тарау: Жала жабу жөнінде