Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет32/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61

  
135
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ЖАТТЫҒУЛАР
Стильге қатысты кейбір мәселелерді әріптестеріңізбен тал-
қылаңыз:
1.  Сіз істейтін газетте баспа стилі бар ма?
2.  Басылымдарыңызда ұдайы баспа стилін бірізділікпен қам-
туды қажет ететін сөз қолданыстары бар ма? Бар болса, 
ондай мысалдарды еске түсіре аласыз ба?
3.  labour/labor,  homogenise/homogenize  деген  сөздерді  жа-
ған уақытта англиялық орфографияға бағынасыз ба, әлде 
американдық орфографияға жүгінесіз бе? 
4.  Мақаланың  бейтарап  және  объективті  стиліне  сай  кел-
мейтін «арандатушы» сөздерді еске түсіре аласыз ба?
5.  Үш басылымды салыстыратын болсаңыз, олардың баспа 
стиліндегі айырмашылықты тап басып таба аласыз ба?


  
136
  
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР 
ЖӘнЕ АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
IWPR-дің  баспа  стиліне  қатысты  қосымша  ақпаратты  мына 
жерден қарауға болады: 
www.iwpr.net/index.pl?development/resorces/training_
styleguide.html
Қолыңызда  жақсы  сөздіктің  болуы  маңызды.  Интернет-
те  Халықаралық  ағылшын  тілінің 
Кембридж  сөздігінің 
электрондық нұсқасы 
бар: 
dictionary.cambridge.org
АҚШ-тың  медиа  нарығы  үшін  Ассошиэйтед  Пресстің  баспа 
стилі жөніндегі кітап үлгі болып табылады:
www.ap.org/pages/order/html
Экономистің 
стилі жөніндегі анықтамалық:
www.economist/com/research/StyleGuide/index/cfm
Amazon.com. 
Сөздік  форматында  ыңғайлы  етіп  құрас-
тырылған  Нью-Йорк 
Таймстің  стилін  қолдану  жөніндегі 
нұсқаулықтың сандық нұсқасын сатады. 
Вильям  Странк  Мл.  және  Е.Б.Уайт  Стиль  негіздері  атты  оқу-
лықта  ағылшын  тіліндегі  жазу  стилі  туралы  жалпы  мағлұмат 
береді. Уайттың алғысөзі мен толықтырулары бар жетілдірілген 
нұсқа  да  көпшілік  көңілінен  шыққан.  Оның  түпнұсқасын  мына 
сайттан табуға болады: 
www.bartleby.com/141
9-тарау: Баспа стильдері


  
137
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
10 - тарау 
Ж
ала
 
жабу
 
жөнінде
 
Сөз бостандығының 
ажырамас құқығы 
журналистің осы құқықты 
жауапкершілікпен 
қолдана білу талабымен 
реттеледі
с
өз
 
бостандығының
 
ажырамас
 
құқығы
 
журналистің  осы 
құқықты  жауапкершілікпен  қолдана  білу  талабымен  ретте-
леді. Медиа-репортаж субъектілері өздеріне жала жабылған 
жағдайда сот төрелігіне жүгіне алады. 
Жала  жабудан  қорғайтын  заңдар  әр  мемлекетте  әртүрлі 
болып  келеді.  Нақтылы  өз  еліңізде  жала  жабу  дегеннің  не 
екенін және адамның жеке өміріне қол сұғылмауын реттейтін 
қандай заңдар бар екенін анық білу қажет. 
Репрессивті  билік  объективтілігіне  қарамастан,  жарияла-
нымның  өздеріне  жала  жапқанына  айғақтар  келтіре  оты-
рып, сын айтушылардың аузына құм құю үшін осы тараптағы 
заңдарға  жүгіне  алады.  Сот  органдарының  тәуелсіз  жүйесі 
қалыптаспаған  елдерде  мұндай  процестердің  ақыры  жер-
гілікті  журналистердің  ұзақ  уақытқа  түрмеге  қамалуымен 
аяқталады.  
Англияда  жала  жапқаны  үшін  жауапкершілікке  тартатын 
заңдар  тым  қатал.  Ал  жаладан  қорғану  үшін  кең  көлемді 
еркіндіктерді  ұсынады.  Журналистерге  толып  жатқан 
қорғаныс құралдарын ұсына отырып, өздерінің кінәсіз екенін 
дәлелдеуді  журналистердің  өз  құзырына  қалдырады.  Бұл 
елде азаматтық істер бойынша салынатын айыппұлдардың 
мөлшері тым көп екеніне қарамастан, жала жапты деген айып-
пен қозғалатын істер өте сирек кездеседі. 
Құрама  Штаттарда  жала  жабуға  қатысты  жауапкершілікті 
реттейтін  заңдар  сәл  басқаша.  Бұл  елде  жала  жапты  деп 
өтініш  беруші  шын  мәнінде  жала  жабылғанын  нанымды 
түрде дәлелдеуі тиіс. әсіресе, қоғам қайраткерлерінің біраз 
тер төгуіне тура келеді (жеке тұлғалар үшін заңнама өзгеше). 


  
138
  
«Жала жапты» деген 
айыпқа қарсы ең жақсы 
қорғаныс – журналистік 
жұмысты адал атқару
Құрама  Штаттарда  жала  жапты  деп  арыз  беруші  қоғам 
қайраткері  репортердің  жалған  ақпаратты  жариялап  қана 
қоймай,  мұндай  әрекетке  өрескел  қателік  салдарынан  жол 
бергенін  және  оны  қасақана  жасағанын  дәлелдеуге  тура 
келеді.  Мәселенің  рас-өтірігін  анықтауға  талпынбағанын  да 
дәлелдеуі керек. Шынында да, мұндай әрекет әдейі жасалуы 
мүмкін. 
Қорғанудың ең жақсы құралы – бейтарап жур-
налистика
Журналистер  өсек  таратып,  жала  жапқаны  үшін  жауапкер-
шілікке тартылатынын білуі тиіс және жеке адамның өміріне 
қол сұқпау туралы заңдарды құрметтеуі тиіс. Ондай заңдар 
жеке тұлғаның «атына кір келтірмеу» құқығы мен жеке адам 
өміріне бөгденің араласпау құқығын қорғайды.
Алайда,  кей  жағдайда  тепе-теңдік  сақталмауы  мүмкін.  Жа-
ңағыдай  заңдар  журналистердің  өз  жұмысын  адал  атқа-
руына кедергі келтіріп, оларға қысым жасамауы тиіс. «Жала 
жапты» деген айыпқа қарсы ең жақсы қорғаныс – журналистік 
жұмысты адал атқару: тыңғылықты, объективті және негізді 
репортаждар, мұқият және ұқыпты редакциялау, сондай-ақ, 
материалды бейтарап жеткізу. 
Заңдар мен оларды қолдану тәсілдері ұдайы өзгеріп отыра-
тындықтан,  журналистер  өз  жұмысында  өте  мұқият  бо-
луы  тиіс.  әрі  материалдарының  басқа  елдерге  таралуы 
10-тарау: Жала жабу жөнінде


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау