139
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
мүмкін екенін де естен шығармаған жөн. Мәселен, материал
ағылшын тілінде таралатын болса, онда журналистер Англия
мен Құрама Штаттардағы жала жабуға қатысты заңдарды
білуі тиіс. Англияның қатал заңы осы тарауда егжей-тегжейлі
талқыланатын болады.
«Қолайлы» сотты іздестіру
Көп жағдайда жала жабу туралы сот істері шетел соттарын-
да тыңдалады, бұл олардың юрисдикциясы үшін әдеттегі
жайт болуы мүмкін. Мерзімді басылым жарияланымдары
жарияланған елдерде де, журналистер жұмыс істейтін жер-
лерде де емес, көбіне-көп баспа өнімі сатылатын және та-
ралатын елдерде сот арқылы қудаланады. Интернет желісі
кең қанат жайған сайын осындай «эксаумақтық» сот істері
көбеюде. IWPR-дағы сіздің мақалаңыздың да бірнеше мем-
лекеттің сотында жала жапты деген айыппен шағым ныса-
нына айналуы мүмкін.
Бұл «қолайлы сотты іздестіру» деп аталады, яғни шағым-
данушының жала жапты деген айыптау бойынша қозғалған
сот ісінде жеңіп шығуға үлкен мүмкіндігі бар мемлекетте іс
қозғауды қалауы.
Мысал ретінде соңғы жылдары эксаумақтық юрисдикция
бойынша бүкіл әлемде кең таралған Dow Jones & Company
Ic v Gutnick (Доу Джонс энд Компани Инк Гутникке қарсы) ісін
алуға болады. 2002 жылғы 10 желтоқсанда Австралияның
Жоғарғы соты баспагер Доу Джонске оған тиесілі АҚШ-тың
Barron's Online электронды сайтында басылған мақалаға
орай Австралияның Виктория штатынан шағым жаса-
140
Өзіңіздің шығармаңызды
он-лайн түрінде жария-
лайтын болсаңыз, сіздің
жазғаныңызды ондаған
елдерде оқитынын және
сол елдердің кез келгенінде
оған наразылық тууы
мүмкін екенін естен
шығармағаныңыз жөн
луы мүмкін деген қаулы шығарды. Рейтер және Amozon.
com сияқты агенттіктердің Доу Джонсты қолдау үшін сотқа
жасаған ұсыныстарына да, ақпаратты жариялаған сервердің
орналасқан жеріне де қарамастан, шағымданушы Джозеф
Гутниктің жала жабу туралы дәлелсіз айыптауына қатысты
сот процесі Виктория штатында өтті.
әлбетте, мұндай сот ісі кез келген жерде осылай табысты
өтуі әбден мүмкін еді. Судьяның қаулысында былай делінген:
«Менің жеке өзіме келсек, мен тікелей себепті көріп тұрған
жоқпын. Неліктен десеңіз, егер қандай да бір тұлға бірнеше
юрисдикцияның шеңберінде жала жапты деп есептейтін бол-
са, сол юрисдикцияның ешқайсысында тараптардың бірі
бола алмайтынына тікелей себепті көрмей отырмын».
Осы іске қатысты бұл қаулы Австралия мен басқа да
елдердегі көптеген сот процестеріне жол ашуы мүмкін еді.
Интернет арқылы жала жабудың кәдімгі жала жабудан
ешқандай айырмашылығы жоқ. Егер сіз біреуге жала
жапсаңыз, онда сіз сол елдегі сот алдына келуіңізге тура
келеді. Өзіңіздің шығармаңызды он-лайн түрінде жария-
лайтын болсаңыз, сіздің жазғаныңызды ондаған елдерде
оқитынын және сол елдердің кез келгенінде оған наразылық
тууы мүмкін екенін естен шығармағаныңыз жөн.
Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдарына келешекте әр
елдегі жала жабуға қатысты заңдарды білу қажеттілігі туады.
IWPR жала жабу туралы көпұлтты және халықаралық сот
10-тарау: Жала жабу жөнінде
141
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
істері ережелеріндегі өзгерістерді мұқият қадағалап, кез кел-
ген маңызды өзгерістер туралы редакторлар мен басқа да
қызметкерлерге кеңес береді.
Қазіргі таңда үшінші елдердің заңнамаға қатысты ұсыныстары
айқын:
өз елінің заңнамасын білу
Англияның заңнамасын білу
үшінші елдерде жала жабу туралы заң Англиядағыдай
қатал болуы ықтималдығын ескеру
Байыппен ойлау тұрғысынан қарағанда
Түрлі заңнамалардың өзіне тән ерекшеліктеріне үңілместен
бұрын мәселеге байыппен ойлау тұрғысынан қарау ма-
ңызды:
Нақтылық пен объективтілікке қатысты шағымдарды
мұқият қарап, қателіктерді тез арада түзету керек. Ашулы
оқырманға сыпайылық танытсаңыз және қателіктеріңізді
түзететініңізді жеткізсеңіз, әрі қарай әрекет етуге аса
қатты тырыспауы мүмкін. Тез арада қателікті түзету сотта
жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде де қарастырылуы
мүмкін.
142
Ешқашан сот процесінің қауіптілігіне елеусіз қарамаңыз.
Болған жағдай жөнінде тез арада бас редактормен сөй-
лесіңіз. Ешқандай да салдары болмайды деп үміттен-
беңіз.
Бас редактордың кінәратты мәселелерге қатысты мақа-
ланы жариялағанға дейін тексеру мүмкіндігі бар екеніне
көз жеткізіңіз. Заң кеңесін қажет ететін жағдайларда
(шағым беруі ықтимал тұлғадан қорғану талап етіле ме не-
месе белгілі бір жағдайларды алға тарта отырып, қатқыл
арыздан құтылу мүмкін бе?) редактордың көмекшісі ма-
териал жарияланардың дәл алдында жеке-дара шешім
қабылдамауы тиіс.
Ниеті оң болғанына қарамастан, журналистикада қауіп-
қатер міндетті түрде болады. Бірақ, ондай тәуекел
әрдайым негізді болуы керек. Қауіп-қатерді бағалау
дегеніміз – дұрыс заң кеңесін алу және жала жабуға
қатысты сұрақтарды назарда ұстау деген сөз.
Кейбір елдерде жала жабу қылмыстық іс болып есептеледі.
Бұл айыпталушы түрмеге қамалуы мүмкін екенін білдіреді.
Кейбір елдерде жала жабу азаматтық заңнама тәртібінде
қарастырылады, бірақ жеңілу қомақты материалдық шығынға
душар етуі мүмкін. Кейбір шағымданушылар қылмыстық
және азаматтық заңнамаға қатар жүгінуі ықтимал.
10-тарау: Жала жабу жөнінде
Достарыңызбен бөлісу: |