Қарындаш салуға арналған стақан



жүктеу 75,67 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі75,67 Kb.
#12922

Жиенбаева Сангул Мангазыевна

ШҚО Семей қаласы «№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі


Қарындаш салуға

арналған стақан.

Тексерілді:




Күні: 27.10.2017

Педагогтің аты-жөні: Жиенбаева Сангул Мангазыевна


Сынып: 0 «Ә»

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің

мақсаттары

0.1.1.4. Заттардың қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнату.

0.3.1.1. Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.






Күтілетін

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

- қағазды бүктеу технологиясын меңгереді, қажетсіз заттармен жұмыс жасай алады және ұсақ бөліктерін толықтырып, оны әшекейлеуді үйренеді;

- өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.


Зерек тәрбиеленушілер:

- заттардың қолданылу аясы мен құрылымы арасындағы байланысты орната алады;

- өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

Қабілетті тәрбиеленушілер:

- өз ойы бойынша түрлі материалдардан әртүрлі заттар құрастыра алады.



Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

• мектеп құралдары туралы, олардың маңызы туралы әңгімелесе алады.



Көптілділік: қарындаш–карандаш – pencil.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• қағаз, қарындаш салатын стақан, үлгі, трафарет.



Пікір алысуға арналған сұрақтар:

Өзің білетін мектеп құралдарын ата. Балаға қарындаш, қалам не үшін керек? Қарындашты

қайда саламыз? Тәрбиеленушілерге мектепте қандай құралсыз жүре алмайтыны туралы ойлану ұсынылады.

Неліктен ... айта аласың ба?

… мектепте оқу құралдарынсыз жүре алмайтынымызды ...

… оқу құралдары керек екенін ...


Өткен ҰОҚ-де

алған білім

Қалдық заттар мен қағаздың қасиеттері, қағазды пайдаланудың негізгі тәсілдері.




Жоспар




Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі

көңіл күй орнату.
0–1 мин

Тәрбиеленушілерді ҰОҚ бағыттау. Тәрбиеленушілер мектепке барғанда

қандай оқу құралдарын пайдаланады?

Білетініңді ата? Оқу құралдары не үшін керек? Ол құралдарды не үшін

пайдаланады?



Әліппе-дәптер.

ІІ Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.
3–5 мин

Жұмбақтарды шеш:

Қабы сояу,

Діңі бояу. (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)

Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі. (Қалам)

Бүгін біз шырынның қорабы мен түрлі түсті қағаздарды пайдаланып, қарындаш салатын ыдыс және геометриялық фигуралар мен фишкаларға арналған қорапша жасаймыз.

Ол бізге қарындашпен жұмыс жасап болған соң оны салып қоюға қажет болады.






III. Тақырып

бойынша

жұмыс
6 – 25 мин

Әліппе -дәптермен жұмыс.

Ол үшін бізге дөңгелек немесе тіктөртбұрышты қорапшалар қажет

және түрлі түсті қағаз, қайшы, желім және сіріңке қораптарын пайдалана-

мыз. Қағазбен және қалдық заттарды пайдаланып жұмыс жасағанда қандай ережелерді сақтау керек?



Әліппе дәптер,

қатырғы-қағаз, қалдық

заттар: шырынның қорабы,

үлгі, желім,сіріңке қораптары,текшелер

мен геометриялық

пішіндер.






Жұмыстың орындалу реті:

Шырын қораптарын таңдап, сіріңк қораптарын дайындап аламыз.

Түрлі түсті қағаздан жола тіктөртбұрыш қиып аламыз, өлшемі

қораппен бірдей болуы шарт. Оның түсті бетін төмен қаратып

қоямыз да желім жағып, оны қорапқа желімдейміз.

Қатырғықағаздан қонжықтың суретін (тәрбиеленушілерге қоян, қошақан т.б. үлгіқалыбын беруге болады) сызып алып, оны қиып, қораптың шетінен

үстіне қарай шығарып жапсырамыз. Қайшымен жұмыс жасауда қауіпсіздік

ережесін сақтауға және желімді ұқыпты пайдалануға көңіл бөлінеді.

Қорапша текшелер мен геометриялық пішіндерді салу үшін қажет. Текшелер мен геометриялық пішіндерді трафареттің көмегімен алдын ала

дайындап алу қажет. 4-5 сіріңке қораптарының ұзы жағын біріктіріп желімдеп аламыз.


Олардың сыртын түрлі түсті қағазбен желімдейміз.Қорапшаға түстеріне немесе геометриялық пішіндердің көлеміне сәйкес орналастырамыз.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық. Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу тұр. Оңға-оңға түзу тұр, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Бойымызға күш жинап, Бір демалып алайық.

Жұмыс барысында тәрбиеленушілер өз білімдері мен бақылауларына сүйенеді, өздері жасаған затты әрлеудің қарапайым әдістерін қолданады, шығармашылық таңдау жасауды үйренеді.







IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26–30 мин



Дайын жұмыстарды көрсете отырып, талдау жасау. Тәрбиеленушілер

қарындаш салатын ыдысты қалай қолданатындары туралы айтады.

Оқу құралдары не үшін керек екендігін түсіндіріңдер. Қарындаш пен

қаламның айырмашылығы қандай?

Сөйлемді жалғастыр:

Қарындашпен біз ...

Қарындашпен қандай сурет...


Әліппе- дәптердегі

сурет.





Менің қарындаш салатын стақанымда... Сендерге өздерің жасаған қарындаш салатын стақандарың ұнады ма? Достарыңның ше? Стақанның

қайсысы саған ерекше ұнады? Несімен ұнады? Стақанды жасау бары-

сында қандай қиындықтар болды? Кім бәрінен жақсы жұмыс істеді деп

ойлайсыңдар? Сіріңке қораптарымен жұмыс жасауда қандай ережелерді сақтау керек? Балаларға өздері жасаған жұмыстарын бағалау ұсынылады. Доға тәрізді сызық төмен қарап тұрса –қиындықтар кездескені,­ түзу сызық

болса – өздігінен орындай алды дегенді

білдіреді.

Жұмыс орындарын жинап, ретке келтіреді.

Қайшыны өзінің қабына салып қоямыз.






жүктеу 75,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау