Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет30/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61

  
126
  
Талдау  болған  оқиғаға  қатысты  пікір  білдіре  алатын  және 
оқиғаның себептерін ашып көрсететін, оның қазіргі кездегі және 
болашақтағы  маңызын  түсіндіре  алатын  саясаткерлердің, 
әскери  басшылық  пен  көмекші  қызметкерлердің,  дипломат-
тардың көзқарасын іздестіруді қажет етеді. Мұны бұлжытпай 
орындауға тырысыңыз және тақырыптың тереңіне үңіліңіз. 
Комментарий 
Ақпараттық басылымдар көбінесе мақала-комментарийлерді 
жариялайды. Ең бастысы, олар осылай атап көрсетілуі тиіс. 
Оқырман  бейтарап  және  объективті  ақпараттық  мақала 
емес, керісінше болған жағдай немесе болатын жағдай ту-
ралы  әлдекімнің  көзқарасын  оқып  отырғанын  анық  түсінуі 
керек.  
Комментарийді  журналист  өзі  жаза  алады.  Немесе  сарап-
шыларға, дипломаттар мен саясаткерлерге жүгінеді. Журна-
листер штаты көп кейбір газеттер жаңалықтармен жұмыс жа-
сайтын  журналистерді  комментарий  жазатын  командадан 
толығымен бөліп тастап, «Қытай қамалы қағидасын» (Chinese 
Wall principle) пайдалана алады. 
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі


  
127
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Комментарий жазу 
мүмкіндігі бар екен 
деп жала жабатын 
мәліметтерді таратып, 
экстремистік пиғылды 
көрсетуге немесе нәсілдік 
кемсітушілікке жол 
беруге болмайды 
Батыстағы көптеген ақпарат агенттіктері жарияланатын ком-
ментарийлерде  тепе-теңдіктің  сақталуына  назар  аударады. 
Мәселен, сайлау науқанында қандай да бір партияның өкілі 
газетке  комментарий  берсе,  басқа  жетекші  партияларға  да 
басылым  бетінен  комментарий  үшін  дәл  сондай  көлемдегі 
орын  беріледі.  Кейбір  телерадиокомпаниялар  негізгі  сая-
си  партияларға  теңдей  эфир  уақытын  бөлетін  ережеге 
бағынады.  
Комментарий  жазу  мүмкіндігі  бар  екен  деп  жала  жабатын 
мәліметтерді  таратып,  экстремистік  пиғылды  көрсетуге  не-
месе  нәсілдік  кемсітушілікке  жол  беруге  болмайды.  Редак-
циядағы  аға  қызметкер  комментарийде  кәсіби  журналис-
тиканың белгіленген стандарттары бұзылмауына кепілдік бе-
руге міндетті. 


  
128
  
ЖАТТЫҒУЛАР
Төмендегі ақпараттарды оқып, жаңалықты анықтаңыз. Тақы-
рыпты әрі қарай өрбіту үшін репортер не істеуі қажет? Мыса-
лы, сіз қандай мақала дайындаған болар едіңіз?  
1.  Жас  босанушы  аналарға  лайықты  медициналық  жағдай 
жасалмайтындықтан,  көптеген  балалар  дүниеге  келмей 
  жатып көз жұмады. Бұл әсіресе астанадан және ірі қала-
лардан жырақ жерлерге тән. 
2.  Үкімет  тауарды  шекарадан  кедендік  алым-салықтарды 
төлемей,  жасырын  тасымалдайтын  контрабандашылар-
ды ұстау мақсатымен ең маңызды деген сауда жолдарын 
күзетуге әскерді жұмылдырды. 
3.  Марафон нәтижесі бойынша, Білім министрлігі 10 милли-
он доллар жинады. 
4.  Биыл  елге  оралған  көптеген  бұрынғы  босқындар  өмір 
сүрудің қиындап кеткенін алға тартып отыр.
 
5.  Кейбір босқындар тұрғын үй жағдайынан қысылғандарын 
алға тартып, муниципалитет алдында наразылық білдірді. 
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі


  
129
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР 
ЖӘнЕ АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
 Columbia Journalism Review-пен серіктестікте жұмыс істейтін 
журналистерді  оқыту  мен  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге 
қатысты сілтемелер (Колумбиялық журналистикаға шолу):
www.powerreporting.com
Компьютерді пайдалану арқылы репортаждар дайындау жө-
ніндегі нұсқаулық:
www.nicar.org


  
130
  
9-тарау
б
аспа
 
стильдері
Оқырман мен 
тыңдарманды шата-
стыратын немесе оларға 
кедергі келтіретін 
қарама-қайшылықтарға 
жол бермеу – жалпы 
стильге ортақ міндет 
о
қырман
 
мен
 
тыңдарманды
 
шатастыратын
 
немесе
 
оларға
 
кедергі
 
келтіретін
 
қарама
-
қайшылықтарға
 
жол
 
бермеу
 – 
жал
-
пы
 
стильге
 
ортақ
 
міндет

Баспа стилі дегеніміз – газет, веб-сайт, өзге де баспа өнімдері 
мен  телерадиокомпаниялардың  ішкі  келісімді  қамтамасыз 
ету  мақсатында  барлық  материалдар  мен  барлық  автор-
лар  үшін  белгілейтін  бірыңғай  тілдік  және  грамматикалық 
ережелері. 
Кез келген жарияланымның мақсаты – өте көп күш жұмсамай-
ақ ақпаратты мейлінше түсінікті етіп жеткізу. Бірыңғай стиль 
осы  мақсатқа  жеткізетін  құралдардың  бірі.  Бірыңғай  стиль 
деген ойды бір мәнерде жеткізу деген сө емес, сөзсіз, әрбір 
автор  өзіндік  жазу  стиліне  ие.  Ең  бастысы,  оқырман  мен 
тыңдарманға  кедергі  келтіретін  қарама-қайшылықтар  мен 
жаңылыс  жайттарды  болдырмау.  Аудитория  ақпараттың 
бірыңғай тәсілмен ұсынылатынын күтуге құқылы. Жарияла-
нымдар «бір дауыспен» шықса, ол басылымға деген сенімді 
нығайта түседі. 
Кейде  өзіндік  стиль  мен  мәнер  басылымның  дара  ерек-
шеліктерінің бірі болуы мүмкін және ол мұқият сақталады. Мы-
салы, Британияда бульварлық баспасөз қысқа сөйлемдерді 
қолданады.  Материалдардың  атаулары  да  қысқа  бо-
лып  келеді.  Ал  «The  Economist»  журналында  мазмұнына 
қарамастан, барлық айдарлар бойынша материалдарды ба-
яндау барысы біркелкі мәнерге ие. 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау