Бақылау сұрақтары
Клиникалық диагностиканың даму тарихы.
Клиникалық диагностика, гректің diagnosticon - ауруды анықтап тануға икемді деген сөзінен шыққан. Клиникалық диагностика - ауруларды айырып тану туралы ғылым.Ветеринарлық диагностиканың даму тарихы медициналық ғылымдардың жалпы тарихының құрамдас бөлімі деп есептеледі. Себебі, ерте кезде клиникалық диагностика жеке дербес ғылым болған жоқ.
Кейін медицина абыздардың (шаман) қолдарында шоғырланды. Олар аурулардың пайда болуын табиғаттан тыс, ғажайып күштердің әрекетінен туындайды деп түсіндірді. Бірақ уақыт озған сайын ауруды тану тәжірибесі жиналып, оны көне грек ұлы ғалымы Гиппократ (460-377 жж.б.ғ.д.) жүйеге келтірді. Гиппократ медицина ғылымының негізін салды. Ол ауруларды мұқият зерттеп, тыныс алу жиілігіне, терінің жағдайына, тамырдың соғуына, несеп, нәжіс және т.б. белгілеріне назар аударды. Зерттеу кезіндерінде зонд (түтікші), айна т.б. құралдарын қолдана бастады.
Ежелгі Грецияда малдарды емдейтін адамдарды гиппиатрлар деп атайтын. Бірақ малдәрігерлік диагностиканың және терапияның негізінің салушы Абсирт (б.э.д. IV ғ.) болып табылады.
Ветеринария ежелгі Римде өркендеп, онда арнайы ветеринарлық ұғым немесе адамдардың қоғамдық тобы құрылды. Колумелла (б.э.д. I ғ.) «veterinarius» деген терминді бірінші рет қолданған
Ветеринарлық диагностика іліміне көптеген ғалымдар Е.Френер, Э.Фогель, Р.Опперман, Т.М.Андреевский және т.б. үлес қосқан.
Клиникалық диагностикада қолданылатын зерттеулермен әдістердің жіктелуін ата?
Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдерге: қарау әдісі (көру), пальпация (сипау), перкуссия (соғу,нұқу), аускультация (тыңдау) және термометрия (дене қызуын өлшеу) тәсілдері жатады.
Қосымша зерттеулер (нақты диагноз қою ушін қолданылатын әдістер):
Бактериологиялық, рентген, серологиялық, зертханалық, микологиялық, аспаптар арқылы және т.б. зерттеулер.
Пальпация (сипау) түрлерін атаңыз. Зерттеудің бұл әдісімен нені анықтаймыз?
Пальпация palpatio қолдың сезімі арқылы жүргізілетін тәсіл. Пальпация сыртқы және ішкі түрлерге бөлінеді.
Сыртқы пальпация өз алдына беткейлік және терең болады. Беткейлік сыртқы пальпация кезінде алақанды тексерілетін жерге сипап, басып, дененің қызуын, ылғалдығын, сезімталдығын және ауырсынуын анықтайды.
Ішкі пальпацияны тік ішек арқылы құрсақ қуысының ағзаларын зерттеген кезде іске асырады. Ішкі пальпацияға ауыз, мұрын қуысын тексеру, ларингоскоп, риноскоп, эндоскоп аспаптармен қолданылатын тәсілдер жатады.
Зерттеу әдісінде, перкуссияның (нұқу, соққылау) маңызы қандай?
Перкуссия percussio малдың денесін соққылау кезіндегі пайда болатын дыбыстардың өзгеруін анықтайтын тәсіл. Перкуссия тәсілі екі түрге бөлінеді: тікелей және жәрдем арқылы. Тікелей перкуссияны саусақтың ұшымен тікелей малдың үстінен соққылап жасайды.
Жәрдеммен жасалатын перкуссия дигиталды және инструменталды болады. Дигиталды перкуссия - бір қолдың саусағын малдың тексерілетін жеріне басып, екінші қолдың саусағымен оның үстінен соққылайды. Инструменталды перкуссияны жасаған кезде плессиметр аспабын малдың денесіне басып, үстінен перкуссиялық балғашықпен соққылайды
Перкуссияның дыбыстық үні неге байланысты? Дыбыстық диагностиканың маңызы қандай?
Тікелей перкуссияны саусақтың ұшымен тікелей малдың үстінен соққылап жасайды.
Зерттеу әдісінде аускультацияның (тыңдау) түрлері және мақсаты
қандай?
Аускультация auscultatio дене мүшелерінің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды тыңдау. Тыңдау үшін арнайы құралдар пайдаланылады, яғни стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп немесе малдың үстіне сүлгі жауып тікелей құлақпен естиді.
Достарыңызбен бөлісу: |