132
Стиль үлгілері
Бірыңғай стильді қажет ететін ең қарапайым мысал даталарға
қатысты. Көптеген елдер күн күнтізбесімен жүреді. Деген-
мен, мұсылмандар, православтық христиандар мен еврей-
лер өз тарихының әртүрлі кезеңдеріне негізделген әркелкі
күнтізбелерді пайдаланады.
Дәстүрлі ай күнтізбесін пайдаланатын мұсылмандар жылды
өз бетінше белгілейді, ол Батыс күнтізбесінде қолданылатын
халықаралық ауқымға сай келмейді. Сіздің аудиторияңыз
үшін күнтізбенің қайсысы қолайлы болуы мүмкін? Сіздің ба-
сылым үшін қайсысы тиімді? Қандай жағдайда екі күнтізбеге
бірдей сілтеме жасауға болады?
Батыс күнтізбесі жылды 2003 деп белгілеген кезде, мұсыл-
мандық діни күнтізбе хижрадан кейінгі 1421/22 жыл деп жа-
зады.
Батыс әдетте негізгі белгілер ретінде ВС және АD белгілерін
(Христос туылғанға дейін және Біздің Жаратқан иеміздің
жылы) пайдаланады. Батыстық тарихшылар батыстық
күнтізбені пайдалануда бейтарап бағытты ұстана отырып,
б.д.д. (біздің дәуірге дейінгі) және б.д. (біздің дәуірдің) деген
белгілерді пайдалана алады. Бұл христиандық символдар-
дан арылуға көмектеседі.
Сіз жұмыс істейтін басылым қандай күнтізбені пайдаланады?
әлдекімнің дәйексөзін келтіру кезінде басылым әдетте пай-
даланатын күнтізбеден басқасын пайдалануға тура келсе,
оны өзгертуге немесе оған түсініктеме беруге болады.
Шетел тіліндегі сөздер де ерекше стилистикалық ережелерді
қажет етеді. Бұл әсіресе арнайы қолданысқа ие сөздер мен
жаңа атауларға немесе ғылыми лексикадан алынған сөздерге
қатысты. Оларды аудару қажет пе? әлде түсініктеме беру
9-тарау:
Баспа стильдері
133
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
арқылы (немесе түсініктемесіз) түпнұсқадағыдай етіп беру
керек пе? Баспа стилдерін ретке келтіретін осындай бірқатар
сауалдар бар.
Ағылшын тіліндегі басылым өз материалдарын Біріккен
Корольдікте және Құрама Штаттар аумағында таратқан
уақытта да белгілі бір мәселелер туындайды. «Англиялық
ағылшын» тілі мен «американдық ағылшын» тілінің орфо-
графиясы бір-біріне ұқсамайды әрі бұл елдердің журналистік
стильдері де бір-бірінен өзгеше. Кейде қайсыбір ұйымдарға
материалды баршаға түсінікті етіп жазу үшін екі нұсқада
дайындауға тура келеді.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары айтарлықтай проблема-
ға алып келетін сөздер мен сөз тіркестерінен қашады. «Рей-
терс» ақпарат агенттігі басқа адамның сөзін жеткізуде «уәде
берді», «қорқытты» деген сөздерді пайдаланбауға тыры-
сады. Бұл екі сөз екі түрлі мағынаға ие, бірі – оң, екіншісі
теріс мағынада қолданылады. Дегенмен, мұндай сөздерді
қолдану мақала авторының көтеріліп отырған мәселеге
қатысты өзіндік пікірі бар екенін аңғартады. Ал «Рейтерстің»
стилі материалдардың объективті әрі бейтарап стильде
қабылдануына кепілдік беруге бағытталған.
«Рейтерс» «лаңкес» және «лаңкестік» деген сөздерді қол-
данудан қашады, мұндай саясатты IWPR да ұстанады.
«Лаңкес» және «лаңкестік» деген терминдер бұлдыр әрі
экспрессивті болып табылады, сондықтан оларды барын-
ша анық әрі түсінікті сөздермен алмастыру керек. Көпшілік
аталған сөздердің кең таралғанын алға тарта отырып, стиль-
ге қатысты бұл ережені қайшылықты деп санайды. IWPR
дәйексөз келтіруден басқа жағдайларда бұл терминдерді
қолданбауға тырысады.
Стиль ұғымына пунктуация да жатады. Түрлі басылым-
дар тыныс белгілеріне қатысты әртүрлі стильге бағынуы
«Лаңкес» және
«лаңкестік» деген
терминдер бұлдыр әрі
экспрессивті болып та-
былады, сондықтан
оларды барынша анық
әрі түсінікті сөздермен
алмастыру керек