Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет17/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61

  
71
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бір полицей «полициядағы дерек көздері» бола алмайды, ол 
тек  «полицей»  деп  алынады.  Егер  қандай  да  бір  дипломат 
әлденені  баяндаса,  ол  тек  бір  «дипломат»  болып  қалады, 
«дипломатиялық  дерек  көздері»  бола  алмайды.  Сондай-
ақ,  «Батыс  дипломаттары»  деген  анықталмаған  терминнен 
аулақ болған жөн.
Дерек көздерін көрсеткенде селқостықтан 
аулақ болыңыздар
 
Дерек  көздерін  көрсеткен  уақытта  селқос  сөздерден  аулақ 
болған жөн. Мәселен, «бұл түсінікті еді», «хабарланған» не-
месе «есептеледі» деген терминдер халықаралық журналис-
тикаға  тән  термин  емес.  Ақпараттан  кімнің  «түсінгені»  не-
месе  «сенгені»  айқын  көрінуі  керек.  «Хабарланған»  деген 
сөз адамды тіксінтіп тастайды, себебі оны сіз жеткізуіңіз ке-
рек.  Бұл  үнемі  қолданылатын  «хабарлауынша»  деген  тер-
минге де қатысты.  Бірақ, «Кабул радиосының хабарлауын-
ша» деген сөйлем өте жақсы, бұл нағыз дерек көзінің өзі. Ал 
«барлығына  мәлім...»  деген  сөйлем  ешқандай  да  дереккөз 
бола алмайды.  
Дерек көзінің мақаладағы орны 
Ақпараттың қайдан шыққаны туралы мақаланың басында ай-
тылуы керек. Ал нақты орны материалдың қандай шиеленісте 
өрбитініне  байланысты.  Егер  мақала  президенттің  ресми 
іссапары жайлы болса (егер ол құпия іссапар болмаса), онда 
ол талассыз дәйек, сол себепті дерек көзін алғашқы абзац-
та еске салмауға да болады. Ал құпия болған жағдайда, ма-


  
72
  
Оқырманға ақпаратты 
қалай және қайдан 
алғаныңызды ескертіп 
отыруды естен 
шығармаңыз 
териалда  репортер  ақпаратты  қайдан  алғанын  көрсетуі  ке-
рек және бұл жерде дереккөз сенімді болуы керек. Егер са-
пар болып жатқаны шын мәнінде көрсетілсе, онда дереккөзді 
сипаттаудың қажеті жоқ. Ал сапар барысында болып жатқан 
жайттарды сипаттау сенімді дереккөзді қажет етеді. Кез кел-
ген түйткілді немесе күдікті дәйек жағдайдан толық хабардар 
дереккөзді  қажетсінеді.  әсіресе,  әлденені  ауызша  естіген 
жағдайда міндетті түрде дереккөзді көрсету керек.  
Контекст 
әрдайым оқырманыңызға ақпараттың қалай және қайдан алын-
ғанын айтып отырыңыз. Мысалы, «баспасөз мәслихатында 
хабарланғанындай»,  «репортерлерге  арналған  өтініште» 
немесе  «осы  басылымға  берген  сұхбатында».  Алдағы  күні 
келіспеушілігін  айтады-ау  деген  жайттар  мен  «эксклюзивті 
сұхбат» терминінен де аулақ болыңыз. Бір мақаланың ішінде 
берілген  ақпараттардың  кейбірі  бұрын  шыққан  есептен, 
құжаттан немесе көпшілік алдында жасалған мәлімдемеден 
алынып,  қалғаны  сіздің  сұхбатыңыздан  болса,  қайсысының 
неге жататынын нақты көрсеткен жөн. 
4-тарау: Ақпарат көздері


  
73
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Пікірлер тек қана 
ақпарат көзіне 
сілтемемен 
берілуі тиіс
Пікірлердің қайнар көзін көрсету
Егер  мақала  екі  немесе  бірнеше  тараптың  арасындағы 
дау-дамауға  қатысты  болса,  ал  мақалада  бір  ғана  жақтың 
пікірі  берілсе,  онда  пікірлерді  емес,  мәліметтерді  қандай 
дереккөзден алғаныңызды міндетті түрде көрсетіңіз.  Сондай-
ақ, материалдың тек бір ғана жақтан алынғаны міндетті түрде 
білініп тұратын болсын. 
Егер болып жатқан дау-дамайға тікелей қатысы болса, онда 
пікір мен көзқарастың да зор маңызы болуы мүмкін. Мәселен, 
тараптар арасындағы дау-дамайды көрсеткен уақытта «бүгін 
миталистандық  дипломат  Сахестанды  зомбылық  саясатын 
жүргізіп отыр деп айыптады» деп берген жөн.  
Дегенмен, көзқарастың түп төркіні әрдайым ашық көрсетілуі 
керек. Анонимді дереккөзден барынша аулақ болуға тырыс-
қан абзал. Кімде-кім өзгелер туралы жағымсыз жайтты жария 
еткісі келетін болса, онда ол өзінің сөзіне өзі жауап бере ала-
тындай болуы керек және аты-жөнін жасырмауы да маңызды. 
Қорыта  келгенде,  бейтараптық  және  тепе-теңдік  ережесін 
ешқашан естен шығармаңыз. Репортажыңызда тараптардың 
ешбіріне  жақтаспаңыз,  бұра  тартпаңыз.  Адамдардың  пікірі 
тек көзқарас ретінде берілуі тиіс, оларға дерек деп қарамау 
керек.  Егер  сыни  мақала  жазып  отырған  болсаңыз,  екінші 
тараптың жауап беруіне мүмкіндік жасауды ұмытпаңыз. Бұл 
олардың заңдық құқығы.     


  
74
  
Дереккөздерді сөзбе-сөз келтірудің негізгі ере-
желері
Сұхбат  алатын  адамдарыңызға  қандай  ережеге  сүйенеті-
ніңізді  мұқият  түсіндірген  жөн  және  оны  барынша  сақтауға 
міндеттісіз.  әсіресе,  қоғамдағы  бұқаралық  ақпарат  құрал-
дарының  жұмысынан  бейхабар  жандар  үшін  егжей-тегжей 
түсіндіру қажет. Өзіңізді құшақ жая қарсы алған азаматтардың 
алдында  ашық  болғаныңыз  жөн.  әсіресе  ол  адамдарды 
қайнаркөз ретінде көрсететін болсаңыз, мұны міндетті түрде 
ескертуге  тиіссіз.  Қоғам  қайраткерлері  мен  ресми  тұлғалар 
баспасөзбен жұмыс істеуді жақсы біледі, соған қарамастан, 
кез  келген  сұхбаттың  алдында  негізгі  ережелерді  естен 
шығармаған абзал. 
 

Газетте жариялау үшін: 
демек, журналист қолында бар 
ақпаратты толығымен қолдана алады және сөйлеп отыр-
ған  адамның  аты-жөнін  көрсетуі  керек.  Сұхбат  берушіге 
оның  пікірінің  қоғамдық  маңызы  бар  екенін  ескерте  оты-
рып, әрдайым оның келісімін алуға тырысу керек.
 

Дереккөзге  сілтеме  жасамау:
  яғни,  ақпаратты  және 
дәйексөзді  пайдалана  отырып,  дереккөздің  аты-жөні 
көрсетілмейді.  Журналист  сұхбат  алушы  субъектісінен 
қызметін қалай көрсету қажеттігін келісіп алуы керек және 
мұндайда барынша нақтылық қажет (мысалы, «армия бас 
штабының мүшесі» деген сөз жай ғана «офицер» деген-
нен гөрі нақтырақ). 
4-тарау: Ақпарат көздері


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау