Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет20/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61

  
83
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Сұхбат алып отырған адамдармен әңгіме барысында ұқыпты 
және ашық болған өте маңызды. Демек, әр сұхбаттың нақты 
уақыты туралы жазбаларды сақтап жүру керек және барлық 
телефон арқылы болған әңгімелерді тіркеп отыратын журнал 
арнап қою керек. Кез келген хабарлама мен жіберілген факс 
туралы да жазып жүру керек (электрондық хабарламаларда 
мұндай ақпараттар бірден көрініп тұрады.) Сыни мақаланы 
жарияламас бұрын объективті комментарий алу үшін барлық 
күш-жігеріңізді жұмылдыруға  дайын болуыңыз өте маңызды. 
әсіресе, заңдық айтыс-тартыс туралы болса, аса абай болған 
жөн. Егер дереккөз қандай да бір жауапты немесе ақпаратты 
теріске шығарса немесе соған қатыты дауласып жатса, ре-
дактор сізден жасаған жазбаңызды талап етуі мүмкін. 
Көптеген дереккөздердің журналистермен тек ақпарат беру 
үшін ғана емес, өздері де ақпарат алу үшін сөйлесетінін есте 
сақтаңыздар.  Егер  дереккөз  сіздің  қандай  да  бір  мәселеге 
қатысты  тың  деректерді  білетініңізді  сезіп  қалса  немесе  ол 
жөнінде қайдан білгеніңізді білгісі келсе, өзіңізге қолқа салуы 
мүмкін. Егер басқа дереккөздер туралы анық-қанық мәлімет 
бермей,  тек  қана  ақпарат  алмасу  тұрғысынан  айтсаңыз, 
ол  айтарлықтай  қиындық  тудырмауы  тиіс.  Қалай  болғанда 
да,  әңгімелесуші  адамдардың  сізді  пайдаланып  кетпеуін 
ойлаңыз. 
Сыни мақаланы өте мұқият дайындасаңыз, кейіпкеріңіз өзі-
ақ сізбен сөйлесуге тура келетінін түсініп, әңгімеге араласа-
ды. Егер қолыңызда бұлтартпас деректер тұрса және оның 
сенімділігін көрсетсеңіз, сынға алып отырған адамыңыздың 


  
84
  
Әр нәрсеге күдікпен 
қарау – журналистің 
қолындағы ең 
жақсы құрал 
өзі алдымен сіздің дәйектеріңізді білгісі келеді. Сөйтіп, сіздегі 
бар мәліметтерді естігеннен кейін ғана оған қарсы дәлелдерін 
келтіруі мүмкін. Бірақ бұл мәселеге әділ әрі объективті қарап, 
мақалаңызда олардың көзқарасын бұрмаламай беретініңізге 
көздері жеткенде ғана мүмкін болатын жағдай. 
Дереккөз шын көңілмен жауап беріп тұрса да, репортер оның 
объективтілігіне баға беруі керек. Яғни, бұл барынша мұқият 
тыңдау  керектігін  білдіреді.  Бірақ,  бәрін  бірдей  шындық 
ретінде  қабылдамау  деген  сөз  емес.  Кейбіреулер  сізді  ша-
тастыруы мүмкін, енді біреулер маңызды нәрсені білетініне 
сенімді  болуы  мүмкін.  Тіпті,  қауесет  пен  өсек-аяңды  дерек 
етіп көрсетуге тырысулары да ықтимал.  
әр нәрсеге күдікпен қарау – журналистің қолындағы ең жақсы 
құрал.  Алайда,  әлденені  әшкерелеуші  адамның  мәнеріне 
салмаңыз. Сұрақты дұрыс түсінгісі келетін адамның кейпіне 
еніңіз. «Оны сіз қайдан білесіз?» деген сұрақ айыптау сияқты 
естілуі мүмкін. Алдыңыздағы адам сізге білгенін айтуы үшін 
барынша жұмсақ сөйлеуде тұрған ештеңе жоқ. Дереккөздің 
мұндай  мәліметтерді  қайдан  және  қалай  білгеніне  қызығу-
шылық танытыңыз. әңгімелесушіні қорқытып алмай, байып-
пен  сұрасаңыз,  өз  білгенін  айтып  отырғанын  немесе  басқа 
біреулерден естіп білгені екенін оп-оңай біліп аласыз.   
5-тарау: Сұхбат алудың техникасы


  
85
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Сұхбат берушіні 
тығырыққа тірегіңіз 
келсе, пікірге емес
дәйекке сүйеніңіз 
Сұхбат  берушіні  тығырыққа  тірегіңіз  келсе,  пікірге  емес, 
дәйекке сүйеніңіз. 
Басқа  хабарламалар  мен  дерек  көздерінде  себептері  мен 
нәтижесі  жөнінде  мүлде  басқа  қырынан  айтылып  жатқан 
уақытта  қандай  да  бір  тұлғадан  оқиғаның  қалай  болғанын 
сұрайтын  болсаңыз,  ол  адамның  сөзіне  ерекше  мән  беріп, 
көз  алдында  мәртебесін  жоғарылатасыз.  әркімнің  пікірі 
әртүрлі  болатынын  естен  шығармаңыз,  демек  дереккөздің 
оқиға болған уақытта қайда болғанына назар аудару керек. 
Бір  куәгер  ұшақтың  жерге  сол  қанатымен  соғылғанын  айт-
са, екіншісі оң қанатымен соғылды деуі мүмкін. Бұл, әрине, 
ол  куәгерлердің  ұшақтың  алдында  тұрғанына  немесе  арт 
жағында болғанына байланысты.
 
Кез келген әділ деген адамның да ақпараттың анық-қанығына 
жетуге жәрдемесетін деректер мен бір қарағанда елеусіздеу 
нәрселерді айтуды ұмытып кетуі мүмкін екенін есте сақтаңыз. 
Бұл толыққанды мәлімет алудың тағы бір тәсілі (әрі ақпарат 
көзінің әртүрлілігін қамтамасыз ететін нәрсе).   
Егер мұқият тыңдап отырсаңыз, бұл да алдыңыздағы адамның 
әлденені  ойдан  шығарып  отырмағанын  аңдауыңызға 
көмектеседі.  Ол  үшін  басынан  бастап,  рет-ретімен  айтып 
беруді өтініңіз. Дереккөзге қарапайым әрі дерекке негізделген 
сауалдар қойыңыз және сұрақты қойып алып, өзіңіз алдымен 
жауап бермеуге тырысыңыз. Бір сәт үнсіз отыруына мүмкіндік 
беру арқылы сұхбат берушінің барынша ойластырылған әрі 
шынайы жауап беруіне қол жеткізуге болады. Егер бір нәрсе 
түсініксіз болса немесе дұрыс емес секілді көрінсе, онда ар-
тынан сол сұрақты тағы да қойып, қайтадан жауап алуға ты-
рысу керек.   


  
86
  
Қою шаңның арасына 
жасырынған қылаудай 
болсын өтірікті көру 
үшін сын көзбен қарап, 
зеректік таныту 
аса маңызды 
Қою шаңның арасына жасырынған қылаудай болсын өтірікті 
көру  үшін  сын  көзбен  қарап,  зеректік  таныту  аса  маңызды.  
Асығыс  шешім  қабылдамаңыздар.  Өмірдің  сіз  ойлағаннан 
да  күрделі,  сонымен  бірге  әлдеқайда  қызық  екенін  естен 
шығармаңыз. 
Сұхбаттың әдістемесі
 

Сұрақты қойғаннан кейін дереккөздің сөйлеуіне мүмкіндік 
беріңіз. Өзіңіз сөйлей берсеңіз ақпарат ала алмайсыз. 
 

Сіздің көңіл аударуыңыз ақпарат берушінің өзін маңызды 
адам етіп сезінуіне жол ашады, кейде тіпті ол өзін бағалы 
адамдай сезінуі мүмкін. Ал мұндай сезім екінің бірінде бо-
лады. Адамдарға ыждағаттылықпен қараңыз (бірақ ол жа-
санды емес, табиғи болуы тиіс), сондай-ақ алдыңыздағы 
адамды сөзінен жаңылдырмаңыз.
 

Өз  өзіңізді  қолға  ұстай  отырып,  қайғысына  ортақтық 
білдіріңіз.  әңгімелесуші  адамның  ұстанымымен  келіспе-
сеңіз де, оны түсінетіңізді көрсетуіңіз керек. 
 

Кейбір  адамдар  ұдайы  әңгімеден  тыс  қалып  жатады. 
Оларға  жақтырмай  қарап,  бар-жоғын  елемейді  неме-
се  пікірі  ескерілмейді.  Мұндай  адамдарға  ерекше  назар 
аударсаңыз, олар ашылып, білгенін айтып, қолдан келген 
көмегін аямауы мүмкін.  
5-тарау: Сұхбат алудың техникасы


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау