53
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
премьердің адамдарды жасаған деген мәлімдеме таратты.
Оппозиция бұған үкімет мүшелерінің қатысы бар екенін
айтуда. 29 мамыр күні оппозицияның ұйымдастыруымен
Йовановичті еске алуға арналған қаралы шеру өтті. Ше-
руге қатысушылар Подгорицадағы үкімет үйінің жанынан
өтіп бара жатып, «Мило – қанішер!» деп ұрандатты.
Басқарушы коалиция болса, журналистің өлімі биліктің
тұрақтылығын шайқалту үшін арнайы тапсырыспен
жасалғанын айтады.
Көпшілік көкейіндегі «үкімет кісі өлтірді ме?» деген күмән-
ді қайткенде де сейілтпек болған елдің ішкі істер министрі
Драган Джурович қылмыстық іс ашылмайтын болса,
отставкаға кететінін мәлімдеді. Сондай-ақ, кісі өліміне
тапсырыс берген және қылмысты жасаған адамдар тура-
лы ақпарат бергендерге 1 миллион еуро көлемінде сыйақы
берілетінін жеткізді.
Джуканович кісі өлімін «Черногориедегі бейбітшілік пен
тұрақтылыққа шабуыл» деп бағалады. «Мұны қылмысты
жасап алып, жауапкершілікті басқаларға аударғысы
келгендердің әрекеті деп бағалау керек. Бұлай болғаны
кімге тиімді? Осы мәселені таразылап алған жөн» деді ол.
Ішкі істер министрі Франция, Британия, Германия және
Америка полициясына осы істі ашу үшін арнайы сарапшы-
лар жіберу жөнінде өтініш жасады.
(Бұл мақаланың қысқартылған түрі)
54
Бұл «жаңалық» та, «көңіл көтеретін» мақала да емес, түн
ішіндегі өлімге қатысты екі күдіктінің қамауға алынуы тура-
лы жаңалықтарға жасалған анализ ғана. Бірақ, соның өзі де
нақты құрылымды қажет етеді. Осы мақаланы мысалға ала
отырып, төңкерілген пирамида ережелерінің қаншалықты
орындалғанын сарапқа салып көрейік. Оқиға болған орын
алғашқы абзацта көрсетілген. Кейін баяндау кеңейтіліп,
мақалада аты-жөні аталған азаматтардың лауазымы көрсе-
тілген, ақпаратта тепе-теңдікті қамтамасыз ету принципі сақ-
талған. Байқасаңыздар, қысқаша баяндаудан мақаланың
қысқаша мазмұны көрініп тұр.
Қысқаша баяндаманың басқа түрлері
Қысқаша баяндау қарапайым және қауіпсіз болса да, кейде
мақалаңызды түрлендіріп, жаңалық енгізгіңіз келеді. Мұндағы
мақсат – назар аударту немесе еліктіру. Ал алты сұрақтың
жауабы кейіннен беріледі. Таза жаңалықтың кіріспе сөйлемі
очерк немесе көркем-публицистикалық мақала үшін онша
қолайлы болмауы мүмкін. Бірақ, солай екен деп шешіміңізді
көп соза берсеңіз, аудиториядан айырылып қаласыз. Бұл
тәсіл кейде «шегерілген соққы» деп аталады.
Мысалы:
Соңғы бес жылда Ослабскінің халқы үрей құшағында өмір
сүрген еді. Ақырында үкімет аймақтың халқын қорғауға
бағытталған әрекеттерді қолға алды.
3-тарау: Мақаланың құрылымы
55
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
«Үрей» деген сөз аудиторияны елітуі мүмкін. Бірақ, алты
негізгі сұрақ жауап беруді қажет етіп отыр. Демек, жаңағыдан
кейін мынадай сөйлем құрауға болады:
Алғашқы эвакуациялау кезінде бес жүздей ауыл тұрғыны
қауіпсіз аймаққа көшірілген болатын. Кеше әскери бөлімше
жарты жыл бұрынғы қақтығыстан кейін жарылмай
қалған миналар мен снарядтарды жойды.
Мұндай авторлық жаңалықты да орнымен пайдаланған жөн.
Онда да қысқаша баяндаудан гөрі әлдеқайда қызықты бол-
са ғана.
Кейде қалыпты жағдайды өзгертіп, қысқаша баяндауға бө-
лекше атмосфера бергіңіз келуі мүмкін. Ондайда мынадай
сөйлем құрауыңызға болады:
Қирап қалған көшелерден өлім иісі сезіледі, қою қара түтін
де сейілмеген. Түндегі жаппай атыстан қалған көрініс бұл.
Өткен түні басталған қарулы қақтығыс үздіксіз он екі
сағатқа созылды.
Кейде елдің назарын аударта түскіңіз келеді:
«Бұлай болуы мүмкін емес», – деді генерал айдың-күннің
аманында болған бүліншіліктен ес жия алмаған күйі.
Ол жау снарядының соққысынан аман қалған қаланың
қирандысын аралап шығып, жүздеген адамның жарала-
нып, оншақтысының қаза болғанын өз көзімен көрді. Қала
орталығындағы қирап қалған ғимараттарға да назарын
аударды.
56
Кез келген жағдайда ақпарат тез және түсінікті түрде тара-
тылуы керек, ал балама кіріспе сөйлемнің құрылымы қысқа
және тайға таңба басқандай болғаны дұрыс. Қысқа жаза білу
– үлкен талант.
Мәселенің мән-жайын аша түскен сайын мақала шынайы
әрі шындыққа жанасымды болып шығады. Бірақ, бұл ұсақ-
түйектің бәрін тергіштей беру керек дегенді білдірмейді. Егер
ерекше бірдеңені түсіндіру қажет болмаса, әншейін әдемі су-
реттеу үшін ғана анықтама берудің қажеті жоқ. Оқиғаны су-
реттеуден гөрі іс-әрекеттің негізінде жазған әсерлі. Кейде мі-
нездеме беріп, сипаттау әдісі объективтілік пен бейтарап-
тықты тасада қалдырып қояды.
Төмендегі екі сөйлемді салыстырыңыз:
Делегаттардың айқай-шуы намысына тиген төраға ашу-
ызаға мініп, дереу бұйрық беріп, залды босатты.
Төраға қолындағы балғасымен үстелді қойып қалды да, де-
легаттардан айқайды доғарып, мәжіліс залынан шығып
кетуді талап етті.
Екінші сөйлем шын мәнінде мәселенің қалай болғанын ай-
тып беріп тұр.
3-тарау: Мақаланың құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |