106
Тура дәйексөз. Мохаммади былай деді: «Біздің көптеген
мамандарымыздың шетелде жұмыс істеу тәжірибесі бар.
300 миллион доллардың он бес пайызы коммерциялық
фирмаларға белгілі мөлшерде салым жасап жүрген
қорға бөлінген. Олар жол бизнесіне қатысты жобаларға,
атап айтқанда жұмыс істеп тұрған жанармай құю станса-
ларына, жөндеу жасайтын құрал-жабдықтар мен басқа
да қажеттіліктерге жұмсалады. Сонымен қатар, донор-
лар технологиялық комиссиядан өтіп, қаржыландыруды
жеңіп алатын болса, жеке секторға инвестициялана-
тын басқа қаржыға да алғашқы болып қол жеткізеді.
Миталистанның мамандары осы жоба бойынша менед-
жер ретінде жұмыстарына қайта оралатын болса, бірден
жаңағы қаржыны игеру құқығына ие болады. Біз бұл жоба-
ны жүздеген миталистандық маманның жарты жыл ішінде
жол жобасы бойынша елге отбасыларымен қайта оралып,
өз бизнестерін қалыптастыруы үшін пайдаланбақпыз. Ресми
түрде 37 жобаны бекіттік, олардың ішінде алтауы бизнесте
жұмыс істеп жатқан болуы мүмкін».
Жанама дәйектеу. Мохаммадидің айтуынша, бағдарламаға
бөлінген 45 миллион АҚШ долларына иелік етіп отырған бар
инвестициялық қор Миталистан тұрғындарының бизнесін
жүргізуге бағытталған 37 бірлескен жобаны бекіткен. Жол
бағдарламасына, соның ішінде жанармай стансалары мен
жөндеуші шеберханаларға арналған алты жоба қазіргі кезде
құрылып, өз жұмысын бастап та кеткен.
7-тарау: Дәйексөздер келтіру
107
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Тырнақшаның ішіне
тек қана ақпарат
берушінің сөзі
алынуы керек
Дәйексөздің қысқартылған жанама түрі ұзақ және зеріктіретін
тура дәйектеуге қарағанда анық және түсінікті. Тура
дәйексөзде жанама дәйектеумен салыстырғанда сөз саны
үш есеге артық. Көлемді дәйексөздерді шамадан тыс қолдану
оқырман үшін түсініксіз болатыны өз алдына, бос орынды
толтыра алмай жатқандай әсер қалдыратыны тағы бар.
Дәйексөздерді тексеру және редакциялау
Редакциялау кезінде дәйексөздің мағынасын өзгертіп, айтыл-
ған сөздің мәнін бұрмалаудан аулақ болыңыз. Дәйексөзді көп
түземей, жеңіл қолдануға болатын тұстарда жанама түрде
беріңіз. Тырнақшаның ішіне тек қана ақпарат берушінің сөзі
алынуы керек.
Егер қандай да бір күмәніңіз болса, дереккөзден қайтадан
сұрап алған дұрыс. Алайда, оның да өзіне тән қиындықтары
бар. Дайын мәтінді оқып берген уақытта ақпарат беруші
бұрынғы берген түсініктемесінен бас тартуы немесе өзге де
алаяқтық жасауы мүмкін. Бұл репортерді ыңғайсыз жағдайға
қалдырары сөзсіз. Сол себептен, ең дұрысы, ақпарат беру-
шіге редакцияның саясатына орай дәйексөзді сөзбе-сөз кел-
тіре алмайтыныңызды түсіндіріп, негізгі деген деректерді
ғана тексеріп алған жөн. Қалай болғанда да, ақпарат беруші
сіздің еш қатесіз беруге тырысқаныңызды сезінуі тиіс.
108
Авторлық
материалыңызды
әріптестеріңіздің
жазғанымен салыстыру
тәуекелге бас тіккенмен
бірдей: өз мақалаңыздың
жауапкершілігі өзіңіздің
мойныңызда екенін естен
шығармаңыз
Баспасөз мәслихатынан кейін журналистер топталып тұрып
алып, «Қалай деп айтып еді?» деп талқыға салатын жағ-
дайлар жиі болады. Бұл өте қауіпті болуы мүмкін. Түптеп кел-
генде, «еріншек» репортердің жаман әдетінің кесірінен кеткен
қа-телікті басқа бұқаралық ақпарат құралдары қайталап та-
ратып жіберуі ықтимал. Дегенмен, журналистердің бір-біріне
бұлайша көмектесуі жиі болып тұрады. Және кейде мұндай
жағдай өз жазбаларыңызды басқа әріптестеріңіздікімен са-
лыстыру арқылы тексеруге де көп жәрдемдеседі. Соған
қарамастан, абай болғанның айыбы жоқ. Өйткені, авторлық
мақаланың жауапкершілігі сіздің мойныңызда. Мұндайда,
әрине, баспасөз мәслихатындағы жайттарды таспаға түсіру
алу сізді көп проблемадан құтқарады (осы тараудың соңында
ол туралы айтатын боламыз).
Егер нақтылы сөздерді өзгерту мүмкін болмаса, көп нүкте,
тік жақша және өзге де тәсілдерді қолдану арқылы тура
дәйексөзді қысуға болады.
Көп нүкте сөйлемнен кейбір сөздердің алынып тасталғанын
білдіреді, мысалы: «Сот шешімі жасалған қылмыстарға сай
емес», – деп мәлімдеді прокурор. «Айыпталушы... 20 жыл
7-тарау: Дәйексөздер келтіру
109
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
бас бостандығынан айыру жазасына лайықты». Нүктенің ара-
сына ашық жер қалдыру керектігін ескеріңіз (Microsoft Word-
тағы автоматты түрде қоятын үш нүкте қызметіне жүгінбеген
жөн).
Төрт нүкте бір немесе одан да көп сөйлемнің қысқартылғанын
білдіреді. Мысалы: «Біздің алдымызда бүгінгі таңда екі күрделі
міндет тұр – Иракты қайта жандандыру және Ауғанстанды
қалпына келтіру. ...Бірақ, әлі көп жұмыс атқарылуы керек»,
– деп мойындады Конгресс комитетінде Колин Пауэлл. Төрт
нүкте қойылған кезде алғашқысы сөйлемнің аяқталғанын
білдіретін тыныс белгісі ретінде қойылады, одан кейінгісі
бөлініп жазылады.
Тік жақша түсіндіру мақсатында редакциялық түсініктеме
берілген кезде қойылады. Мысалы: «Адам құқығының аяққа
тапталғанын куәландырушылар болғанына қарамастан, Ба-
тыс Мааренцаға [Миталистанның президенті Шепи] қолдау
көрсетуді жалғастыруда», – деп хабарлады мәскеулік шолу-
шы Алексей Барышников.
«sic» (лат. «так») белгісін қолдану оқырманды грамматикалық
жағынан дұрыс құралмаған сөйлем мен қолапайсыз сөз
тіркесінің жазбада немесе жазбаша берілген мәтінде
шын мәнінде болғанын білдіреді. Оған баспаның немесе
редактордың қатесі деп қарауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |