Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет15/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61

  
62
  
4-тарау
Ақпарат көздері
Жақсы ақпарат 
көзін тапсаңыз, мақала 
өзінен-өзі жазылады
а
қпарат
 
көзі
 
дегеніміз
 
– мақалаңызды құру элементтері. Жақ-
сы ақпарат көзін тапсаңыз, мақала өзінен-өзі жазылады. 
Ал  егер  жақсы  ақпарат  көзін  жоғалтып  алсаңыз,  мате-
риалыңыздың  қалай  баяндалғанына,  тақырыптың  маңыз-
дылығына немесе батыл берілуіне қарамастан, жариялауға 
жарамсыз болып қалады. 
Ақпарат  көзін  бағалау  кезінде  аса  сергек  болыңыз  әрі  өз-
өзіңізге  сын  көзімен  қарауды  да  ұмытпаңыз.  Сізге  беріп 
отырған ақпараттың анық-қанығын жақсы білетіндей ақпарат 
көзі лауазымды қызмет атқара ма, сенімді ме, әлде әншейін 
қауесетке сүйеніп жүргендер ме? Сіздің оқиғаны баяндау ба-
рысында  келтірген  дәлелдеріңіз  қатал  тексерістен  немесе 
тәуелсіз  тексеруден  өте  ме?  Нақтылайтын  ақпарат  көздері 
бір-бірінен  тәуелсіз  бе?  Егер  сіздің  мақалаңыз  белгілі  бір 
құжаттарға  негізделіп  жазылса,  ол  құжаттар  сізде  бар  ма? 
әлде ауызша естігеніңізге сүйеніп жаздыңыз ба? 
Ақпарат  көзінің  сенімді  болуы  өз  алдына,  жақсы  журна-
лист  ақпарат  көздерінің  ашықтығына  да  иек  арта  алады. 
Ақпарат  көздеріне  сүйене  отырып  салмақты  материал  жа-
зып  шығатын  болсаңыз,  аудитория  оның  сенімділігі  мен 
объективтілігі  жөнінде  өзіндік  пікір  қалыптастыра  алатын 
болады.  Қақтығыстар,  дау-дамай  және  айтыс-тартыс  тура-
лы материал дайындағанда ақпарат көзіне нақты анықтама 
беру  өте  маңызды.  Журналист  басынан  бастап-ақ  матери-
алды барынша сенімді етіп дайындап, өзін «бейтараптықты 
сақтамады» деген айыптан қорғауы тиіс. 


  
63
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Ақпарат көздерін 
орнымен көрсете білудің 
маңызы үлкен, басқаша 
айтсақ, оқырман өзінше 
түйін жасай алатындай 
болуы керек 
Ақпарат көзін анықтау үшін «Оны біз қайдан білеміз?» деген са-
уал туындайтыны заңдылық. Осы сауалды қою арқылы қарсы 
тарап ақпараттың сенімді екенін дәлелдеуді талап ете алады. 
Мысалы, біз «төбелес кезінде 12 адамның қайтыс болғанын» 
білеміз, оны бізге біреу айтты немесе өзіміз мүрделерді са-
нап  шықтық  дейік.  Ал  егер  ақпарат  көзі  қарсыласушы  екі 
тараптың  бірі  болса,  біз  оның  шынайылығына  қалай  көз 
жеткіземіз?  Үкіметтің  есебіне  сүйенсек,  биылғы  жылы  пісте 
өндірісі өскен. Алайда, үкіметтің есебіне құлай сенуге бола 
ма?  әлде  басқа  да  ақпарат  көздерімен  салыстыру  керек 
пе? Ең басты міндет – ақпарат көздерін оқырман өзі шешім 
қабылдай алатындай етіп көрсету.  
Репортаждарыңызды жоспарлау
Кез  келген  мақаланы  дайындамас  бұрын  ақпарат  көздерін 
сарапқа сала отырып, соған сай жоспар құру керек. Мақалада 
айтылатын жалпы ойды қарапайым бөлшектерге бөліп, аса 
маңызды және оңтайлы ақпарат көздерін, материалды жазу 
үшін қажетті құжаттарды, оқиғаның куәгерлерін және өзге де 
пікірлерді кесте жасап, соған орналастырыңыз. 
Ақпарат көздерімен жұмыс істеу барысында журналистиканың 
негізгі  принциптерін  басшылыққа  алумен  қатар,  ұдайы 
ақылға  салуға  тырысыңыз.  Алайда,  көп  ретте  уақыттың 
тапшылығынан,  мүмкіншіліктің  жоқтығынан  немесе  сыртқы 
қысым салдарынан негізгі ережелер елеусіз қалып қояды. 
 


  
64
  
 

Егер биографиялық очерк жазып жатсаңыз, әсіресе оның 
ішінде сынның элементтері бар болса, онда міндетті түрде 
сол  адаммен  сөйлесу  керек.  Немесе,  тым  болмағанда, 
сөйлесуге тырысу керек. Белгілі себептерге орай кездесе 
алмасаңыз немесе ол адам сізбен кездесуден бас тартқан 
жағдайда, мақалада ол туралы айтып кетіңіз. 
 

Егер қақтығысты жағдай туралы жазсаңыз, екі тараппен де 
сөйлесуге бар ынтаңызды салыңыз және сырттан тәуелсіз 
баға беретін ақпарат көзін табыңыз.
 

Егер белгілі бір қоғамдық оқиғадан алған әсеріңіз туралы 
мақала жазып жатсаңыз, онда көшедегі кездейсоқ адам-
дармен және  сарапшылармен сөйлескен жөн.
 

Егер сіз белгілі бір аймақтан мақала жазған болсаңыз, жеке 
өз атыңыздан қосымша толықтырулар енгізіп, оқырманды 
ойша  сол  жаққа  «алып  кетіңіз».  Оқырманды  журналист 
ретінде оқиға орнында жүргеніңізге сендіріңіз. 
 

Егер  мақала  қорытынды  есепке  немесе  құжатқа  негіз-
делсе,  қолыңыздан  келгеннің  бәрін  жасап,  ол  құжаттың 
түпнұсқасын алуға тырысыңыз немесе оның ресми құжат 
екенін  дәлелдейтін  ақпарат  көздерін  сайлап  алыңыз. 
Құжатқа қалай қол жеткізгеніңіз туралы шындықты оқыр-
маннан  жасырмаңыз:  мысалы,  «репортердің  қолындағы 
мына  құжатқа  сәйкес»  немесе  «басылым  қол  жеткізген 
құжатқа сәйкес».
4-тарау: Ақпарат көздері


  
65
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бұра тартпау, 
әділ болу және 
объективтілік 
халықаралық 
журналистиканың 
негізгі принциптері
Халықаралық  журналистиканың  негізгі  принциптері  әділдік, 
бейтараптық  және  объективтілік  екенін  есте  сақтаңыз.  Бұл 
міндеттерді  орындауға  ақпарат  көздерін  мұқият  таңдаған 
жағдайда ғана қол жеткізе алатыныңызды ұмытпаңыз.
 
Қосымша ұсыныс ретінде айтатынымыз, өз уақытыңызды ал-
дын ала жоспарлаумен қатар, ақпарат берушілердің уақытын 
да  үнемдеу  қажет.  Кез  келген  ақпарат  көзімен  кездесуге 
жақсы дайындықпен бару керек. Ең маңызды деген ақпарат 
көзін ең соңына қалдырмаңыз. Деректі нақтылау үшін неме-
се қосымша комментарий алу үшін хабарласқан уақытта ол 
жерде ешқандай да дерек көзі болмайтын болса, ең қиыны 
осы. Материалды өткізетін уақытыңызды тиімді пайдалану-
мен қатар, байланысуыңыз тиіс тұлғалардың тұрақсыз болып 
келетінін де естен шығармаңыз. 
 
Ақпаратты екі дереккөзден алу ережесі
Ақпарат көздеріне қатысты ең құнды ереже – қандай да бір 
мәліметтің  басуға  жарамды  екенін  анықтау  үшін  оны  кем 
дегенде  екі  сенімді  және  дербес  ақпарат  көзімен  нақтылап 
алған  жөн.  Бұл  бір  ақпарат  көзінің  мәліметті  екіншісінен 
алмағанын  немесе  екеуінің  қажетті  ақпаратты  бір  жерден 
алмағанын аңғартады. 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау