57
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Егер сенімсіз
болсаңыз, бәрін
басынан бастап,
сұрақты қайтадан
қойып көріңіз
Анықтама бермес бұрын ойланыңыз. Шынымен қажет пе,
әлде жеке пікіріңізді білдіру үшін керек пе? Материалды
жазу барысында шектен тыс толықтырулар жасамаңыз.
Ереже бойынша, материалды түсінікті және қызықты етіп
дайындаған дұрыс. Аздап драматизмді де қосуға болады,
бірақ аудитория әңгіменің не туралы болып жатқанынан
жаңылып қалмауы үшін тым беріліп кетпеу керек. Егер титтей
күмәніңіз болса, мақаланың салмағын арттыра түседі-ау де-
ген жайттарды енгізіңіз. Қажет деп таппаған жағдайда неме-
се қысқарту қажет болса, редактор оны алып тастауы мүмкін.
Ал егер жоқ болса, редактор оны өз ойынан қоса алмайды.
Бекграунд (Тарихи анықтама)
Журналист мақаланы түсініп жазу үшін жеткілікті матери-
алы бар екеніне сенімді болуы керек. Егер өзіңіз бірдеңені
түсінбей қалсаңыз, оны аудиторияның түсінуі тіптен мүмкін
емес. Егер күмәнданып тұрсаңыз, сұрақты қайтадан қойыңыз.
Аудитория да автордың өзі сияқты мәселенің мән-жайын
жете түсіне бермеуі мүмкін екенін репортер әрдайым есінде
сақтауы керек. Сол себепті аудиторияға контекст түсінікті
болу үшін әңгімеде жеткілікті ақпарат бар екеніне көз жеткізу
керек.
Адамдардың аты-жөнін толығымен көрсетіңіз және мүмкіндік
болған жағдайда барлық акронимдердің толық атауын
беріңіз. Белгілі бір мемлекетте жұмыс істейтін болғандықтан,
репортер ел премьер-министрінің аты-жөнін жатқа білуге
міндетті. Бірақ, мақаланы интернеттен немесе бұқаралық
ақпарат құралынан (тарату немесе газет қосымшасын сату)
оқуға кіріскен басқа мемлекеттің оқырманы оны білмеуі
58
мүмкін. Қандай да бір тұлғаның белгілі бір партияның мүшесі
екенін де оқырман шатаспай білуі керек. Ол үшін алғашқы
сөйлемдерден-ақ партияның толық атауы, оның оңшыл не
солшыл екені, діни немесе этникалық бағыттағы ұйым екені,
социал-демократиялық немесе консервативтік бағытты ұста-
натыны анық-қанық көрсетілуі керек.
Мұндай нақтылық аудиторияның Али Бегтің қалаға сырттан
келген тігінші емес, ерлер көйлегін сататын саудагер екенін
тап басып білуге; оның бизнесмен екенін немесе біреуге
қызмет жасайтынын түсінуге көмектеседі. Оның жас шама-
сы қаншалық? Отбасы бар ма? Осының барлығы жеткілікті
ме немесе оқырманға мақаланы жақсы түсінуіне көмектесе
ме? Мүмкін аудиторияның есіне кейбір жайттарды салып от-
ыру керек шығар. Мысалы, «сол қолымен соққы жасаудың
шебері, атақты баскетболист...», «полиция қызметкерін ұр-
ғаны үшін сотталып, түрмеден бір жыл бұрын ғана босап
шыққан депутат» деген сияқты.
Кез келген сұрақтың алдыңыздан шығуы мүмкін екенін біліп,
оларға жауап беруге дайын болыңыз. Бір мақаладағы екі
адамның аты-жөні бірдей болса, олардың арасында туыстық
қатынас бар ма, жоқ па, оны көрсетіңіз. Егер оқиға ауылдық
3-тарау: Мақаланың құрылымы
59
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
«Қайткенде аудиторияға
түсінікті етіп
жасаймын?» деген
сұрақтың жауабы –
мақсатқа жетудің кілті
жерде болса, астанадан қаншалықты алыс екенін көрсетуге,
солтүстікте, оңтүстікте немесе батыста орналасқаны туралы
да мәлімет беруге тырысыңыз. Егер оппозициялық партия
мәлімдеме жасаса, оппозициялық партияның ықпалды саяси
партия екенін немесе ұсақ топтардың бірі екенін ескертіңіз.
Кейде мақала жазу барысында «шөлде орналасқан қалашық»
(көпшілік оның қайда орналасқанын білмеуі мүмкін), «өнер-
кәсіптік қалашық» немесе «оңтүстіктегі қала» деп көрсеткеннің
артықтығы жоқ. «Қайткенде аудиторияға түсінікті етіп жа-
саймын?» деген сұрақтың жауабы – мақсатқа жетудің кілті.
Қызықсыз немесе қажетсіз толықтырулардан аулақ болыңыз.
Бірақ, оқырманға сюжеттің дамуын бақылауына мүмкіндік
беріңіз. Ақпаратты аз да емес, көп те емес, бастысы оқырманға
қажет мөлшерде толығымен беріңіз.
ЖАТТЫҒУЛАР
Газетті оқып шығып, мақалалардың қысқаша баяндауын қарап
шығыңыз да, түрлі бағыттағы мақалаларға қатысты төмендегі
сұрақтарға жауап беріңіз:
Журналист мақаланы бастап-аяқ жазып шығу үшін қанша
сөз немесе абзац пайдаланған?
60
Бұл жаңалық кіріспесінің классикалық үлгісі ме, болған
жағдайды суреттейтін кіріспе сөйлем бе, әлде басқа ма?
Кіріспе сөйлемде алты негізгі сұраққа жауап бар ма?
Интернеттен өзіңіз қызмет ететін басылымды және өзіңіздің
мақалаңызды бақылап отырыңыз. Түрлі мақалаларды не үшін
оқитыныңызды саралап көріңіз. Неліктен қайсыбір мақала
сізді қатты қызықтырғаны соншалық, соңына дейін оқып шы-
ғасыз да, ал енді бірін көз жүгірте қарай саласыз? Қандай
жағдайда ұсақ-түйек детальдар мақаланы қызғылықты етеді
немесе керісінше, қай кезде олар жалықтырып жібереді?
Өзіңіз жасаған қорытынды мен әріптестеріңіздің қорытын-
дысын салыстырыңыз. Ойларыңыз бір жерден шықты ма,
жоқ па, соны анықтаңыз.
3-тарау: Мақаланың құрылымы
61
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Пойнтер институтының сайтында мақаланы жазу, дұрыс құ-
рау және редакциялауға қатысты көптеген «көмекші» мате-
риалдар бар:
www.pointer.org/subject/asp?id=2
Достарыңызбен бөлісу: |