66
Жалпы алғанда, «екі дереккөзден алу» ережесіне сай келме-
се, ол мәліметті нақтыланған ақпарат ретінде жарияламаған
дұрыс. Қолыңызда бір ғана ақпарат көзі болған жағдайда,
бірақ өзіңіз ол ақпаратты беру маңызды деп шешсеңіз не-
месе оның сенімділігіне күмәніңіз болмаса, онда «А ақпарат
көзінің айтуынша» немесе «А ақпарат көзі нақтылауынша»
деп сілтеме жасай отырып хабарлаңыз. Дерек дау тудыруы
мүмкін екенін байқасаңыз, мұны жасырмаңыз. Керісінше, бұл
мәселеге қатысты әр адамның пікірі әртүрлі болуы мүмкін
екенін айтыңыз.
Жалғыз ақпарат көзін қолдану үшін алдымен ақпараттың
сенімділігіне және деректердің дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Мұндай жағдайда ақпарат көзі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
әрине, бір адам ақпаратты толық білуі де мүмкін, бірақ толық
сенімді болыңыз. Себебі, кейде олай болмауы да мүмкін. Ең
дұрыс шешім – екі немесе одан да көп ақпарат көзін қолдану.
Дерек көздерін сәйкестендіру
Ақпарат көздерін сәйкестендірген уақытта барынша жан-
жақты мінездеме беруге тырысыңыз, оқырман дерек көзінің
сенімді екеніне өзі көз жеткізе алатындай болсын. Бұл де-
рек көзінің білікті маманның қолынан шыққанына негіз бар
екенін анықтап, оның объективтіліктен ауытқуына себептің
бар-жоғын да біліп алу керек деген сөз.
4-тарау: Ақпарат көздері
67
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бұл мәселеге неғұрлым мұқият қарасаңыз, жазған мақалаңыз
соғұрлым шындыққа жанасымды болып шығады. Кейбір
жағдайларда жекелеген мән-жайды ашып көрсетуге тура
келеді. Мәселен, дерек көзінің дәл осы мәселеге қатысты
қаржылық немесе кәсіби мүддесі бар ма, сынға алынып
отырған адам мен дерек көзінің арасында көп уақыттан бері
шешілмей келе жатқан кикілжіңдер жоқ па, өзге де түсініксіз
жайттар жоқ па, міне, осының барлығын оқырман үшін
түсінікті етіп көрсету керек.
Егер үкіметтің саясатын сынға алған болсаңыз, «коммен-
татор Хасан Али айтты» деген дәйексөз «...деді «Трибун»
басылымының жетекші шолушысы Хасан Али» дегенге
қарағанда әлдеқайда нақты болып келеді. Немесе үкіметті
жақтайтын пікірде «...деді осы аймақ бойынша тәуелсіз са-
рапшы Рэндэл Брейтвейт» деп берілсе, бұл екіұшты ойға
қалдыруы мүмкін. Ал егер «Рэндэл Брейтвейт – үкіметті
аймақтағы мәселелер жөнінен ұдайы хабардар етіп отыра-
тын кеңесші» деп берілсе, оның салмағы басқа болады.
68
Ақпарат ресми
көзқарасты білдіретін
болса, оны тексермей-
ақ қоюға болады деген
түсінік тумауы тиіс
Сенімге лайық дерек көздері
Ресми құрылымда жұмыс істейтін, нақтылы оқиға бойынша
жан-жақты хабардар адамның пікірі жақсы дерек көзі болып
есептеледі. Мысалы, Қорғаныс министрі қорғаныс саясатына
қатысты жайттарды жақсы білетін ең беделді дерек көзі болса,
сол министрлікте жетекші шенеунік болып жұмыс жасайтын
азамат туралы да осыны айтуға болады. әрине, ол адамның
аты-жөні көрсетілуі тиіс. Алайда, дәл сол сарапшы қаржылық
қиындықтар мен халықаралық қатынастар жөнінде пікір айта
алмауы мүмкін. Сол себептен, мүмкіндігінше түсініктеме бер-
ген адамның аты-жөні мен лауазымын атап көрсетіңіз. Мыса-
лы, қорғаныс министрі Стенли Смит деген сияқты.
Ресми мәлімдеме мен беделді азаматтардың аузынан шық-
қан сөздің бәрі маңызды деректерге құрылмауы мүмкін, кейде
тіпті мұндай мәлімдемелер қайсыбір жайттарды бүркемелеу
үшін берілуі де мүмкін. Ақпарат ресми көзқарасты білдіретін
болса, оны тексермей-ақ қоюға болады деген түсінік тума-
уы тиіс. Бұл арада материал объективті және сенімді болу
үшін ғана қарама-қарсы пікір іздеуге болмайды. Мәселен,
қорғаныс министріне оның жақтаушылары жүзеге асырып
жатқан әскери науқанның барысы туралы сауал қоятын
болсаңыз, бұл аса сенімді емес дерек көзі болып табыла-
ды. Өйткені, ресми қызметіне орай ол шындықты айта алма-
уы мүмкін немесе үкіметтің мүддесін көздеу тұрғысында тек
жағымды тұстарын сөз етуі мүмкін.
4-тарау: Ақпарат көздері
69
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Репортер немесе куәгер
Репортердің өзі немесе баяндалып жатқан оқиғаны өз көзімен
көрген немесе құлағымен естіген куәгер де маңызды дерек
көзі бола алады. Хабарламадан репортердің тікелей куәгер
болғаны анық көрініп тұруы керек. Олай болмаса, дерек көзі
туралы айту керек: «IWPR тілшісі жарылыс болған орынға
20 минуттан кейін келген. Корреспондент Саид Джамал
бес адамның мүрдесі жатқанын және оншақты полицейдің
жиналғандарды орнынан қозғалтуға тырысып жатқанын ха-
барлады».
Дерек көзіне сілтеме жасалмаған хабарлама
Ақпарат ешқандай талас тудырмайтын жағдайда дерек кө-
зін көрсету міндетті емес. Мысалы, тарихи дерек берілген
жағдайда: «1654 жылы Миталистан тәуелсіз мемлекетке ай-
налды». Бірақ, көптеген тарихи деректердің даулы болып
келетінін де естен шығармаған абзал.
70
Ресми дерек көздері
Тікелей атқаратын міндетінің негізінде қолында ақпарат
қоры бар, бірақ лауазымды қызмет атқармайтын адам да
ресми ақпарат көзі бола алады. Полицейді қауіпсіздік ту-
ралы мақалаға орай, мемлекеттік азаматтық қызметкерді
мемлекеттік саясат туралы жазылған мақалада, БҰҰ не-
месе ҮЕҰ қызметкерін сол бағытта жұмыс істеп жүрген
гуманитарлық сұрақтар бойынша ресми ақпарат көзі деп
атауға болады. Кейбір жағдайларда дерек көзін көрсетпеуге
уәде беруге тура келеді, дегенмен басқа уақытта ресми де-
рек көзінің толық аты-жөні мен лауазымды тұлғаның қызметін
атап көрсету керек. Мұндайда шатасуға да, шатастыруға да
жол бермеңіз.
Ең бастысы, дерек көзінің ақпаратты толық білетініне негіз
болуы керек. Мысалы, «Экономика министрінің орынбаса-
ры Абдель Бассер Мохаммади баға өткен жылға қарағанда
20%-ға төмендеген деп хабарлады» деп жазсаңыз, бұл жай
ғана «шенеунік былай деді» дегенге қарағанда салмақтырақ.
Егер шенеуніктер аты-жөнін атамаса, олардың атқаратын
қызметі туралы толығырақ жазыңыз. Егер жоғарыдағы мы-
салда келтірілген министрдің орынбасары да аты-жөнін
айтудан бас тартса, онда «Экономика министрлігіндегі
жоғарғы шендегі лауазымды тұлға» деп алған жөн, бұл
«лауазымды тұлға...» деп жай ғана атап өткенге қарағанда
салмақты. Егер дерек көзі біреу болса, ешқашан оны көпше
түрде жазбаңыз.
4-тарау: Ақпарат көздері
Достарыңызбен бөлісу: |