47
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
маңызды деректер алғашқы абзацта қысқа әрі нұсқа түрде,
түсінікті тілмен баяндалады. Осыдан кейін ғана материал-
ды баяндау басталады. Ол жерде автор азат жолдарға бөлу
арқылы тақырыпты ашып, маңыздылығына қарай дәйектерді
орын-орнымен хабарлайды.
Төңкерілген пирамида
Жаңалықты баяндаудың танымал формасы «төңкерілген
пирамида» деген атаумен белгілі. Олай деп аталатын се-
бебі, сызбаға түсірген уақытта төңкерілген пирамидаға
ұқсайтынын көресіз, яғни маңызды ақпарат жоғарыда болып,
маңыздылығы одан кейінгі жайттар ретімен төменге түседі.
Мұндай принцип оқырманның да, редактордың да талабына
сәйкес келеді. Бұл стиль оқырмандардың уақытын үнемдейді.
Ақпараттың басына көз жүгірте отырып, оқырман оны ары
қарай оқу қажет пе, жоқ па, соны түсінеді. Кіріспе сөйлемде ең
маңызды мәселе айтылады. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-
40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып,
оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады. Егер
бұл сөйлем өзіндік жаңалығы бар ақпарат болған жағдайда
оны сәтті деп есептеуге болады. Қысқаша баяндаудан кейін
журналист мақаладағы негізгі деректерді келтіріп, көтеріліп
отырған мәселеге қатысы бар тұлғалар мен ұйымдар туралы
мәлімет беріп, түпкілікті ойын түсіндіруге кіріседі. Талқылау
тудыратын сұрақтарын қояды.
Мақалаға үңілген сайын журналист түпкі мүдделерді тереңі-
рек қарастырып, мәселенің мән-жайын барынша ашып,
алғашқы перспективаны егжей-тегжейлі екшейді. Мақаланың
салмағын арттыру үшін қатысушылардың ойларын кеңейтіп
келтіреді.
48
Баяндаудың түрлі тізбектері жинақтала келіп, мақала қоры-
тындыланады. Көп жағдайда мақала белгілі бір адамның
айтқанын сөзбе-сөз келтіре отырып, екіұшты сұрақ тастаумен
тәмамдалады. Алайда, қорытынды сөйлем жаңа ақпарат не-
месе жаңа тақырыпқа кіріспе болып кетпеуі керек. Қысқасы,
соңғы сөйлемде қорытынды ой жеңіл ғана жеткізілуі тиіс. Де-
генмен, көп жағдайда соңғы сөйлемнің қысқартуға душар бо-
латынын, кейде тіпті тұтасымен алынып тасталатынын да
естен шығаруға болмайды.
3-тарау: Мақаланың құрылымы
49
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Мақаланың құрылымы
Газет мақаласын
қысқаша баяндау
Түсіндіру
Күшейту
Қоры-
тынды
Мақала құрылымының бұл түрі формальды түрде мақаланың
мақсаты оқырманға жұмбақ жасыру еместігін мойындай-
ды. Керісінше, деректерді жылдам, объективті, нақты және
жеңіл түрде жеткізуді көздейді. Тәжірибелік тұрғыдан қарас-
тыратын болсақ, мақала құрылымының бұл түрі редакция-
лауды жеңілдетіп, мақалаға берілген орын шектеулі болған
жағдайда оны қысқартуға да мұрсат береді. Қысқасы, мұндай
мақала кез келген жағдайға бейімдеуге ыңғайлы болады.
50
Алты сұраққа
толыққанды жауап
берген журналистика –
жақсы журналистика
Редактор сізге 800 сөзден тұратын материал дайындауға
тапсырма берді делік. Алайда, тосыннан күтпеген жағдай бо-
лып қалды. Мәселен, мемлекет басшысына қастандық жа-
салды немесе үлкен жарылыс болды. Редактор мұндай аты-
шулы оқиғаны тез арада нөмірге дайындау үшін жылдам
әрекет етеді. Ал бұл сол нөмірде шығатын басқа материал-
дар үшін басылым бетінде орын аз болатынын білдіреді (кей-
де мүлдем болмай қалуы да мүмкін).
Егер баяндау төңкерілген пирамида әдісімен берілген болса,
онда мақаланы соңынан жоғары қарай қысқарту қиындық ту-
дырмайды. Тұтас бір абзац қысқарып кетсе де, одан мәтінге
зиян тимейді. Қанша қысқарса да, материал түсінікті болады
және мазмұнын жоғалтпайды.
Мәтіннің дұрыс құралғанына көз жеткізгіңіз келе ме? Ондай
мәтін алты сұраққа жауап беруі керек.
3-тарау: Мақаланың құрылымы
51
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Алты сұрақ
Туындаған сұрақтарға анық-қанық жауап берілсе, журналис-
тиканың жақсы болғаны. Сұрақтың қойылып, бірақ жауап-
сыз қалуынан асқан қателік жоқ. Материалдың қысқаша
мазмұнын баяндайтын абзацта барлық сұрақты түсінікті
тілмен қойып кетуге үнемі мүмкіндік бола бермейді. Бірақ,
журналистиканың міндеттері бар емес пе? Расында да,
шын мәнінде басты сұрақтар ең алғашқы бірнеше абзацта
көрсетілуі керек. Қысқаша баяндаудың сәтті үлгісі әдетте 25-
40 сөзден аспайды.
Кім, не, Қайда, Қашан, неге, Қалай?
Жоғарыда қойылып отырған сұрақтардың белсенділігіне на-
зар аударыңыздар. Қалай болғанда да, журналистика әлемде
болып жатқан оқиғаларды аудиторияға жеткізумен айналы-
сады. Айрықша жайттар бола ма, қалыпты тенденциялар
бола ма, журналистің міндеті-болған жағдайды аудиторияға
жеңіл әрі түсінікті етіп жеткізу.
52
Мысалды мұқият оқып шығыңыз:
ОППОЗИЦИЯ МЕН ҮКІМЕТ ЧЕРНОГОРИЯНЫ
ДҮР СІЛКІНДІРГЕН КІСІ ӨЛІМІНЕ
ҚАТЫСТЫ БІР-БІРІНЕ АЙЫП ТАҒУДА
Авторы: Неделко Рудович, Подгорица
Көрнекті журналистің өліміне қатысты екі күдікті
тұтқындалғанына қарамастан, бұл осы оқиғаға орай Чер-
ногория үкіметі мен оппозицияның арасында туындаған
ақпараттық қақтығысқа нүкте қоя алмады. 27 мамыр күні
болған Дуско Йовановичтың өлімі ел ішінде қорқыныш пен
қорғансыздық сезімін ұялатып, оппозициялық партиялар
мен үкімет арасындағы жікті тереңдете түсті. Оқиғаны
тергеп-тексеру барысында өткен түні жекпе-жектен
әлемге аты мәшһүр спортшы Дамир Мандич пен оның ба-
уыры Альмир қамауға алынды.
40 жастағы Йованович Подгорицадағы ДАН апталық
газетінің редакторы. Тәуелсіздікті қолдайтын коалицияны
сынға алып жүрген журналист түн жарымда өз кеңсесінің
алдында өлтірілген.
Йованович өзінің көлігіне отыра бергенде терезелері қараң-
ғыланған бір көлік алдын кес-кестеп, көлік ішіндегі белгісіз
біреу журналистке оқ жаудырған. Бұл көлік кейін із жасы-
рып үлгерген.
Журналистің өлімі ел премьер-министрі Мило Джуканичтің
мазасын қашырып отыр. Себебі, оппозиция журналистің
арнайы тапсырыспен өлтірілгенін алға тарта келіп, мұны
3-тарау: Мақаланың құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |