44
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Көптеген веб-сайттарда журналистердің ар-намыс кодексіне
байланысты анықтамалық материалдар бар. Мысалы:
www.uta.fi/ethicnet
www.presswise.org.uk
www.ifj.org
Сонымен қатар, Журналистік үздік сапа жобасына да назар
аударыңыз:
www.journalism.org
Тізім үшін және мәтіндер үшін журналистика кодекстері:
www.asne.org/index.cfm?id=387
Қосымша:
www.poynter.org/column.asp?id-32&aid=16997
Нью-Йорк Таймс үшін:
www.nytco.com/pdf/NYT_Ethical_Journalism_042904.pdf
Ассошиэйтед Пресс үшін:
www.apme.com/index.shtml
Рейтер үшін:
about/reuters.com/aboutus/editorial
2-тарау: Халықаралық
стандарттар
45
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
3-тарау
Мақаланың құрылымы
Газет жинақталғанға
дейін (біздегідей,
яғни Кабулдағыдай)
мақалалар өте мұқият
жинақталуы тиіс
К
әсіби
мақалалар
жазғанда
әдетте
жалпыға
ортақ
халықаралық
стандарттар негізіндегі құрылымдар пайдаланылады. Ол
ақпаратты ашық, қысқа және түсінікті етіп ұсыну үшін қажет.
әр мемлекеттің дәстүрі әртүрлі, сол себепті қандай да бір
стильді екіншісіне қарағанда жақсырақ деудің қисыны жоқ.
Бірақ, төменде көрсетілген жаңалық жазу стилі жалпыға
ортақ халықаралық масштабта, соның ішінде ағылшын тілді
мемлекеттерде кеңінен қолданылады.
Негізгі принцип – оқырманға артықшылық берілуі. Яғни,
ақпарат жазылған уақытта оны халықтың оқитыны ескерілуі
тиіс дегенді білдіреді. Болған оқиғаны ашық баяндау керек,
жазылған жайт қоғамның назарын аудартып, сол ақпаратты
оқуға деген ынталарын оятуы тиіс. Жақсы жазылған жаңалық
сонысымен ерекшеленеді. Оқырман нені оқығысы келеді не-
месе олар нені білуі керек? Неге олар дәл осы жаңалықты
оқып жатыр?
әдебиет пен кинода көпшілік көңілдерінің көтеріңкі болғанын
қалайды. Жазушы оқырманның көңілін көтеру үшін жазу
шеберлігін пайдалана отырып, сюжет құрады. Біртіндеп
дамып, оқырманды еліте түсетін сюжеттің міндетті түрде
шарықтау шегі болады. Аудитория туындының сапасын
бағалау үшін арнайы уақытын сарп етеді. Ал жаңалықтың
жөні бөлек. Мұнда адам ақпарат алғысы келеді және негізгі
ойды бірден білгісі келеді.
46
Жаңалықты оқуға деген тәуелділік сезімі мен адамның
өзінің қатысы аудитория үшін оң көрсеткіш және бұл
тележаңалықтардағы жағымды фактор болып есептеледі.
Дегенмен, басты мақсат – ақпаратты тарату. Басылым-
дар мен веб-сайттарда жаңалықтарды оқырманның соңына
дейін оқитынына немесе мақаланы басынан аяғына дейін
қарап шығатынына кепілдік жоқ. Автор мұны ескеруі ке-
рек. Басылымды немесе веб-сайттағы материалды оқып
отырған адамды сыртынан бақылап көріңіз. Бұл жердегі
принцип кітап оқығандағыдан ерекше. Басылымды қолына
алған оқырман бетті, мақалалардың тақырыбын және өзіне
ұнаған жаңалықтың алғашқы сөйлемін тез қарап шығады.
Оқырман басылымды бірінші бетінен бастап соңғысына
дейін қарап отырып, өзін қызықтырған мақалалардың бірін
соңына дейін оқиды. Немесе көз жүгіртіп қарап шығады. Ба-
сылымда немесе веб-сайттарда оқырманның көзіне түсетін,
оның назарын аудартатын мақалалар көп болады. Деген-
мен, басылымдардың саны көп екенін, ал веб-сайттардың
санында есеп жоқ екенін де естен шығармаған жөн. Он-
лайн мақалаларды көз жүгірте жылдам-жылдам қарап
шығуды меңзейтін «серфинг» деген сөз тегіннен-тегін айты-
ла салмаған.
Оқырмандардың назарын аудару деген міндеттің үдесінен
шығу үшін мақаланың құрылымына қатысты ережені сақтау
керек. Халықаралық журналистиканың жазылмаған заңы
бойынша, ең маңызды нәрсе – кульминация, яғни шарықтау
шегі. Ол мақаланың ең басында немесе кіріспеде көрсетілуі
керек. Мұны «мақаланың кіріспе сөйлемі» деп те атайды. Ең
Жаңалық жазудың
басты мақсаты –
ақпарат тарату
3-тарау:
Мақаланың құрылымы