7
№60 (3185) 13 тамыз 2019
zangazet@mail.ru
Алматы қаласы
Тел.: 8(727) 292-29-27,
292-40-89, факс: 8 (727) 292-29-92
E-mail:
zanreklama@mail.ru
Нұр-Сұлтан қаласы
Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.
Тел.: 8 (7172) 52-02-11
ЖАРНАМА
БӨЛІМІ:
«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М.Горь-
кий көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162)
25-77-17.
«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар қ., Естай
көшесі 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04
«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл кө-
шесі, 11. Тел.: 8 (7112) 42-00-71.
Қалиасқаров Нұрлан
Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішов
көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.
Тел.: 8 (7152) 46-02-57, ұялы тел.: 8 (777)
572-29-91, 8 (701) 315-54-59.
ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН
ОРЫНДАР:
Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-
танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов-
Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07,
ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.
«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин
көшесі 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы
тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.
ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.:
87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru.
Ершова Людмила ЖК, Шымкент қ., Жел-
тоқсан көшесі, 20 б.
«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА),
директоры Кривилова Татьяна Ивановна.
Шымкент қ., Г.Иляев көшесі, 47 (Шаймер-
денов к. бұрышы) RBK банктің жанында,
Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp : +7-705-
705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com
«Юридическая фирма «Консультант»
ЖШС Орал қ., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.:
8 (7112) 50-88-05.
«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба
даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.
ИП «Сагидоллина Б.», 1 Теміржол вокза-
лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы.
ardawka_94@maіl.ru, Тел: 87058762218.
«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған қ.,
ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282)
24-29-66, 87058147221.
ЖК Гавриленко И.И., Қостанай қ.,пр.
әл-Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс:
8 (7142) 53-63-21.
«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызыл-
орда қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89,
ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78
ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкел-
ді көшесі 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.:
87017268772, 87054422939.
ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-
зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қа-
бат. Тел.: (87152) 46-74-77.
«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым
Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО,
102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы
тел.: 8701 920 45 38.
ЖК «Выдай», Өскемен қаласы, 60. Тел.:
8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.
ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы
көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 4-қабат,
419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы
тел.: 8707-705-9222 Emaіl:kaldybayeva@
maіl.ru.
ӘРТҮРЛІ
БАНКРОТТЫҚ
8. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық
сотының (МАЭС), мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Байзақов к., 273Б, 2019
жыл 30-шілдедегі ұйғарымымен «Alatau Service Technologies» ЖШС
ұйымына, БСН 071040022471, банкроттық туралы іс қозғалды.
2. Төлеби ауданы әкімдігі «Төлеби аудандық сәулет және қала
құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Төлеби аудандық құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен «Төлеби ауданы-
ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік меке-
месі болып қайта ұйымдастырылады.
Барлық арыз-шағымдар хабарландыру шыққан күннен бастап екі ай
ЕЛДЕН-ЖЕРДЕН
7. 2019 жылғы 6-тамыздағы № 58 «Заң газетінде»
жарияланған «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
денсаулықты сақтау басқармасы» КММ «Фтизиопуль-
манология облыс орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері бос
лауазымына конкурс жариялау туралы «Солтүстік Қа-
зақстан облысы әкімдігінің денсаулықты сақтау басқар-
масы» КММ хабарламасына өзгерістерді енгізу туралы
Білімге қойылатын біліктілік талаптары және еңбек
өтілі туралы абзацы келесі редакцияда жариялансын:
медицина саласында жоғары білімінің (санитари-
ялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейін
бойынша);
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес
әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе
«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау ме-
неджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011
жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада
оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру»,
«Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және
кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің
болуы;
денсаулық сақтау саласында басшылық лауа-
зымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
не экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес
әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғам-
дық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау
менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәре-
жесінің болуы;
денсаулық сақтау саласында басшылық лауа-
зымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
9. Ақсу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30-шілдесіндегі № 317 қау-
лысы негізінде «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемле-
кеттік мекемесі, «Ақсу ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесін қосу жолымен «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылуына
байланысты талап-шағымдарды осы хабарландыру жарияланған күн-
нен бастап 15 күннің ішінде 040100, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы,
Желтоқсан көшесі, № 5, тел.: 8 (72832) 21159, мекенжайы бойынша
қабылдайды.
10. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2019 жылғы 1-тамызда Нұр-Сұлтан қ.,
Иманов көшесі, 11 мекенжайында 2019 жылдың 6 айларына қаржы есептемесіне шолу
қызметін сатып алу бойынша өткізілген тендер қорытындысының өткізілмегендігін
жариялайды.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 55-99-79 телефоны бойынша алуға
болады.
11. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2019 жылғы 8-тамызда Нұр-Сұлтан қ., Иманов
көшесі, 11 мекенжайында несиелік мамандары мен қаржы институттары-әріптестерінің
кәсібін жүргізудің салалық ерекшеліктеріне оқытуды өткізу (ЕДБ, ЛК, МҚҰ) бойынша қыз-
метін сатып алу бойынша өткізілген тендер қорытындысының өткізілмегендігін жариялайды.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 55-99-79 телефоны бойынша алуға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ардагері
Зейнолла Мұхамединұлы МАҚАШЕВТЫҢ
қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындары-
на қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Құрметті оқырман!
«Заң газеті» және
«Юридическая газета»,
«Заң», «Фемида»
басылым дарына жазылу жалғасып жатқанын
естеріңізге салғымыз келеді.
Төл басылым да рыңыздан қол үзіп
қалмаңыздар!
жеке тұлғалар үшін – 65921
заңды тұлғалар үшін – 15921
жеке тұлғалар үшін – 65928
заңды тұлғалар үшін – 15928
«Заң газеті»
«Заң» журналы – 75849
«Фемида» – 75858
«Юридическая газета»
Жазылу индекстері:
zanreklama@maіl.ru
Біздің басылымдарға
«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» ЖШС
дүң гір шек тері және Алматы қаласын дағы «Дауыс»
жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға болады.
Баспасөз — 2020
ішінде ҚР, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Әйтеке
би көшесі, №28 мекенжайы бойынша қабылданатындығы хабарлана-
ды. Тел.: 8-(72547) 6-10-47.
3. Төлеби ауданы әкімдігі «Төлеби аудандық ауылшаруашылығы
және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлу жолымен
қайта ұйымдастырылып, «Төлеби аудандық ауылшаруашылығы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Төлеби аудандық жер қатынаста-
ры бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылуына байланысты
барлық арыз-шағымдар хабарландыру шыққан күннен бастап екі ай
ішінде ҚР, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, Әйтеке
би көшесі, №28 мекенжайы бойынша қабылданатынын хабарлайды.
Тел.: 8 (72547) 6-11-65.
6. Ақтөбе облысы МАЭС-ның 31.07.2019 ж. ұйғарымымен Казтепло-
энергомонтаж» ЖС-не, БСН 950640001879, оңалту рәсімі қолданылға-
ны туралы азаматтық іс қозғалды.
Әжібай би Болпышұлы қазіргі Ақтөбе,
Атырау облыстарының аумағындағы Жем,
Сағыз, Ойыл өзендері бойын қалмақтардан
босату ұрыстарына қатысқан. 1749 жылы
жұттан малды аман сақтап қалу үшін елін
Жайықтың оң жақ бетіне көшіруге Ресей әкім-
дерінен рұқсат алған.
Әжібай би Ресейдің қол астына өтуге қарсы бол-
ды, атамекенін сақтап қалуға ұмтылды. Содан болар,
Тевкелев, Левшин жазбаларында Әжібай би есімі жиі
аталады. Оны ел арасында әулие ретінде де қастер-
лейді. Бейіті Жем өзенінің аяғындағы Бақашы көлінің
маңында (Құлсары). Сәңкібай батырдың замандасы.
Тама Есет батырдың қызы Ботагөз батыр осы Әжібай
бидің келіні.
Құрал Тоқмырзаұлының «Әулие Әжібай би неме-
се дала данышпандары» деген кітабында Әжібай би
туралы жақсы жазылған. Ол әйгілі Әйтеке биден бата
алған. Осы жағдайға байланысты кезінде «Алматы
ақшамы» газетінде «Би батасы» атты мақала жарық
көрген болатын.
1700 жылдың тамыз айында «Нұр-Ата» тауы-
ның баурайындағы қыстағында қатты науқастанып
жатқан Әйтеке бидің көңілін сұрауға Сыр бойынан
арнайы келген ағалы-інілі өрімдей екі жас, Кете Бол-
пыш бидің ұлағатты ұлдары еді. Болпыш Әйтекемен
бір дастарқаннан дәм татып, сыралғы досқа айналған
кісі. Жоғарыда айтқан Болпыштың қос перзенті
келгенде, Әйтеке бидің денсаулығы күрт төмендеп
кеткен кезі екен. Дегенмен, өзі аса қадір лейтін Бол-
пыштай замандасының қос тұяғы алыстан ат сабыл-
тып келді деген соң, әлгі екеуін алдына шақыртады.
«Қарақтарым, мен жинамай өзі келіп, өзі артта қалып
бара жатқан дүние жетеді осы үй де, қалаған дарыңды
алың дар!», – дегенде, келгендердің жасы үлкені
Әжібай: «Біз дүние үшін келген жоқпыз. Әкеміз Бол-
пыштың, Сізге, Алладан саулық тілеген сәлемін алып
келдік. Егер, мүмкін болса ақ ба таңызды алсақ!»,
– дейміз. «Ен деше, жайыңдар алақан дарыңды!», –
деп асқынған дерттің құрсауында қал ған, қайран,
қайыспас мұзба лақтың бар күшін жинап, соңғы рет
саңқ еткені:
«Біреу күн сәулесіне малынса, біреу ай сәулесіне
зәру шақта екеуің бірдей атқа мініпсіңдер.
Атқа мінгенің азапқа да мінгенің.
Азапсыз ердің аты шықпас.
Азап дегенің тынымсыз еңбек.
Өйткені, сен жетем, сен алам деген
асылдың бәрі алыста,
Таңсықтың бәрі тасада тұрад әрдайым.
Ең дәмді деп татқаның, өз еңбегіңмен тапқаның.
Сонда ғана еңбегің дәулетің,
беделің сәулетің бола алад.
Сонда ғана шыраққа айнала аласың.
Жанған шырақ жарық берер.
Жарық берген шырағын халық көрер.
Тек лап етіп жанып,
жалп етіп сөнуден сақтасын, өздеріңді!
Еңбексіз өткен өмір де бір,
ерте келген өлім де бір.
Еңбегің жанса қуанарсың.
Бірақ қуаныш келсе таспа,
Қасірет келсе саспа.
Жетпей жатып болдым деме,
Толмай жатып толдым деме.
Жетпей жатып болдым деген,
Толмай жатып толдым деген,
Төменде күйбеңдейд.
Ал, төменде күйбеңдеген
төбенің басын көрмейд.
Қолдан келген биікке ұшар.
Асқақ ұшсаң абайлап қон.
Өйткені, төбеге шықсаң күндейтін,
Төменде қалсаң тілдейтін
жамағайын-сымақтар да
Толып жатыр бұл өмірде.
Сондықтан төбең көкке жетсе де,
Табаның жерде тұрғанын ұмытпа!
Жоғарыға ұшқан даңққа бөленер.
Бірақ, ауру батпандап кіріп,
Мысқылдап шықса,
Даңқ мысқылдап кіріп,
батпандап шығатынын ұмытпа!
Даңқ жүрген жерде әзәзіл боп нәпсі жүреді.
Даңқ өзі келмесе артына шырақ алып түспе.
Шырақ алып іздегенің нәпсіге бой алдырғаның.
Шикі тері илесең ұлтан болад,
Нәпсісін тежей білген сұлтан болад,
Нәпсі тойымсыз.
Аспандағы құсты да жердегі жем
ұятқа қалдырад.
Тойымсыз нәпсі де әр-азаматты
ұятқа қалдырад.
Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді,
ер-азамат білгірлігімен жетеді.
Кейде сен жетпеген биікке өзге бұрын жетеді.
Ондай жағдайда, өзіңнен биіктегіні күндей көрме,
өзіңнен төмендегіні жүндей көрме.
Жарлылық пен байлықтың қандайы да
жазылмаған ешкімнің мәңгілік маңдайына.
Сұрғылт тұман торламаған аспан жоқ,
сор мен шерге шырмалмаған данаң жоқ.
Даңқтың жолы даңғыл емес,
абыройдың жолы арналы емес.
Дана мен кемеңгерді күндеуші көп,
өйткені, құнарсыз жеміске құрт та жуымайды.
Үнемі жақсыларды жанай жүргейсіздер.
Өзен теңізге қарай ағады.
Жақсы, жұрт мақтаған,
ел жақтағанға қарай барады.
Жақсының нәрін ал, тәлімін ал,
сосын бақиға кеткенше сыйлап өт!
Нәрін ішкен бұлаққа тас лақтырма, құм атпа!
Ұлының жеткен биігіне жетем деп ұмтыл.
Бірақ, әлмисақтан келе жатқан:
«Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл!»
дегенді зерделе.
Өрең жетпейтінге ентелеме,
жетпегеніне өкпелеме.
Әйтпесе, қаз боп алшаңдағысы келген қарға
аяғын сындырады дегеннің керін құшасың.
Не босқа үрген төбетті бөрі әкетедінің
кебін құшасың.
Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген
сондайдан шыққан.
«Жібек тозса есекке жабуға да жарамайды!»
деген бабаларым.
Уақытымның озған, сөзімнің тозған кезіне
тап келдіңдер.
Көне сөзден әрі озбады деп, лапылдап,
Лаулап жанбады деп сөге кетпегейсіздер,
тастүлектерім!
Кәрі де бол, жас та бол, сыйлас бол көппен тіріде.
Қалады бір күн алтын бас қазылған көрдің түбінде.
Жүрген жерлерің бәрі жазық болсын.
Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын!
Бірің ту ұстаған қолбасшы,
бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар, қанатта-
рым!
Тұяқтыда тұлпар атаныңдар,
қанаттыда сұңқар атаныңдар, шырақтарым!
Бердім батамды, Аллаһу әкбар!».
Сөздің пірі, өзі ірі, айыртілді Әйтеке бидің қы-
дырлы батасы дарып, Әжібай ұзақ ғұмыр жаса ған.
Қара қылды қақ жарған би атанып, 110 жасқа жетіп,
бақиға аттанған. Інісі Арал жаужүрек батырлығымен
ел есінде қалып, 107 жыл өмір сүрген. Ағалы-інілі
екеуіне «Бақашы» қоры мынан топырақ бұйырып, бір
күмбездің ішінде қатар жатыр.
«Бақашы» қоры мының тарихы туралы былай
айтылады.
Бақа теріп жеп күнелтіп жүрген кембағал кемпір
екен. Құба қалмақты қуып, осы тұстан Әжібай мен
Арал бас таған нөпірлі топ өткенде: «Қарақ тарым,
мен, сендерді зарығып күттім ғой!», – деп, хас батыр
Аралдың тұлпарының шылбыры нан ұстаған. Содан
бұл кейуана «Қыдырға» баланған. Сөйтіп, қорым
кейіннен ел аузында «Бақашы» атанған екен.
Заманымыздың заңғар жазу шысы Әбіш Кекіл-
бай ұлының бағзы бабасы есімі руға айналған Жаңай
әулие де осы «Бақашы» қорымында жатыр. Қорым-
ның күн шығыс жағында, қозыкөш жерде Пір-Бе-
кеттің кіндік қаны тамған айбынды «Ақмешіт» тұр.
Осы Ақмешіттің имамы Ислам қажы Мырзабекұлы,
Әбілхайыр ханның бәйбішесі Бопай ханымның
бейітін Орынбор жерінен іздеп тауып, топырағын
әкеліп, дәл Әжібай мен Арал кесенесінің жанына
жерлеген.
Н.БАҚТЫҒАЛИЕВ,
Темір аудандық сотының төрағасы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
ТАҒЫЛЫМ
«ДАҢҚТЫҢ ЖОЛЫ ДАҢҒЫЛ ЕМЕС»