Оқулық сапасын қайтсек жақсартамыз? бет бет м ектеп оқулықта ры жиі өзгеріске



жүктеу 1,26 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата11.01.2020
өлшемі1,26 Mb.
#26242
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

3

№60 (3185) 13 тамыз 2019

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

Сауалнаманы әзірлеген Мөлдір БЕГІМБЕТ, «Заң газеті»

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Ойталқы

Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, Ұлттық аударма бюросының атқарушы 

директоры:

Аятжан АХМЕТЖАН, «Қазбілім» орталығының директоры:

ОҚУЛЫҚ САПАСЫН ҚАЙТСЕК ЖАҚСАРТАМЫЗ?

Бұл бір рет қана оқылып қоя салатын дүние емес, ұдайы 

жаңартып, жетілдіріп отыруды талап етеді.  Себебі тех-

нология өзгерген сайын, оқулық құрастыру талаптары да 

және қоғамның, оқушылар мен ұстаздардың талап-тілек-

тері де өсіп келе жатыр.  

Біз де ата-анамыз. Кейде оқулықтарды ашып, ата-ана 

ретінде кейбір нәрселерге көңіліміз толмауы мүмкін. Ата-ана 

көзіне көрініп тұратын қате болса, бұл оның сапасы тым 

төмен екенін білдірсе керек-ті. Ал, шын мәнінде оқулыққа баға беретін ата-ана емес, оған 

баға беруші кәсіби орта болуы тиіс. Оқулықтың сапасы жақсаруы үшін, бұл процеске қа-

тысатын барлық маман – ол авторлар, педагог ғалымдар, баспагерлер бір-бірімен тығыз, 

қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет.

Ол тек түрлі авторлардың, ғалымдардың жұмысынан алынып, 

мектеп деңгейіндегі мазмұнға ыңғайлап құрастырылатын, ық-

шамдалған көшірме.

Дамыған елдер тәжірибесіне негізделгенде, оқулықты сол ма-

мандықтың кемінде екі білгір ғалымы мен сол пәнді балаға оқыта-

тын, әрі мектепте он жылдан артық сабақ берген, үздік шәкірт 

тәрбиелеген кемінде екі педагог бірлесіп жазулары керек. Себебі, 

кей ұғымдардың оқушыға қалай түсінікті боларын сол ғылымның 

педагогы жақсы біледі. Мысалы, бiздiң химия оқулықтарында 

оқушыға металл, бейметалды ажыратуды үйретпестен бұрын 

қышқыл, негiз, тұзды өтедi. Мұнда оқушы тұз дегенiмiз – қышқыл қалдығы және металдан 

тұратын қосылыс дейдi. Ал, металдың не екенiн бiлмесе, қалай тұзды жазады? Оқулық – 

ұстаз бен шәкірттің көмекшісі, сырлас досы. Ол ешқашан да олқы болмау керек, оқулықтың 

олқылығы опық жегізеді.

ОҚЫРМАН ХАТЫ

ҚҰРЫЛТАЙ

28.09.2017 жылы Алматы қаласындағы «Сая­

хат» автобекетінің жанында өз автокөлігім­

мен тұрғанымда М.Нүптекеев автокөлікпен 

келді. Жанында жүргізушісі бар. Екеуі мені 

күштеп автокөліктеріне отырғызып, Алматы 

қаласының «Думан» шағын ауданына апар­

ды.  «Думан»  шағын  ауданындағы

 

мешіттің 



жанындағы  бір  үйден  автокөлікке  Дархан, 

Даурен деген екі жігіт отырды. Барлығы жа­

былып мені бір қоймаға апарып, ұрып­соғып, 

қорқытты.  Мұрат  деген  жігіт  пышақпен 

қорқытып «бауыздап тастаймын, М.Нүптеке­

евтің 5 жылқысын төлейсің, 5000 АҚШ дол­

ларына бағалап автокөлігіңді тартып аламыз, 

нотариусқа барып сенімхат жазып бересің» 

деп  қорқытқан  соң,  олардың  еш  нәрседен 

тайынбайтынына көзім жеткендіктен, нота­

риус арқылы сенім хат жазып беруге мәжбүр 

болдым.  Олар  мені  қорқытып,  сенім  хатты 

жылқысы  ұрланған  М.Нүптекеевтің  өзіне 

емес Мұрат деген жігіттің атына жаздырып 

алды. Менің қандай жағдайда қол қойғаным­

ды, сенім хаттағы қойған қолымды жай кезде 

қойған қолыммен салыстыра отырып, сарап­

тама жасау жолымен анықтауға болады.

Мен болған жағдай туралы жанұяма айтқан 

жоқпын, «автокөлігімді соғып алып, жөндейтін 

жерге өткізіп қойдым» дедім. М.Нүптекеев 

және  басқалары  менің  автокөлігімді  басқа 

бір  адамға  сатып  жіберіп,  ақшасын  бөлісіп 

алыпты.


30.11.2017  жылы  кешке  жақын  М.Нүп­

текеев тағы да адамдарымен келіп мені тағы 

қорқытып, қоқан­лоққы жасап, жеке куәлігімді 

сұрап, автокөлікті басқа адамға сату жөнінде 

құжат  жасауды  талап  етті.  Мен  автокөлікті 

ешкімге сатпайтынымды айттым, олар мені 

қорқытып, отбасыма тыныштық бермейтінін, 

маған жазым жасайтынын айтты. Мен олардан 

қатты қорқып, Алматы қаласы Медеу АІІБ­

на арыз бердім. Ретін тауып олардың барлық 

сөздерін  диктофонға  жазып  алдым.  Медеу 

АІІБ­нің Бекжан деген тергеушісі аталған факт 

бо йынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389­бабы 

1­бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Алайда, 

тергеуші қылмыстық іс бойынша тергеу амал­

дарын жүргізудің орнына «бұл жағдай азамат­

тық дау ретінде шешілуге жатады деп» бірден 

кесіп  айтты.  Менің  арызымда  көрсетілген 

мән­жайлар бойынша тергеу амалдарын жүр­

гізбеді. Мен адвокат жалдағаннан кейін ғана 

тергеуді жүргізе бастады. Бірақ, тергеуші «бұл 

азаматтық дау» деп айтқанынан қайтпады.

Мені  адамдардың  топ  болып  қорқытқа­

нына, ұрып­соғып бопсалағанына ешбір мән 

бермеді. М.Нүптекеевті ылғи бөлек шақырып 

алып, сөйлесіп жатады. Оның АІІБ­не неше 

рет заңсыз кіргенін бейнекамерадан көруге 

болады. Одан кейін іс Жетісу аудандық поли­

циясына өтті. Тергеуші азамат Әбдіжаппар мен 

Тергеу бөлімі бастығының орынбасары Дамир 

деген жігіт те істі әлі созып отыр. Диктофон­

дағы  дауыстарға  сараптама  жасалып,  онда 

кімдердің  дауысы  екені  анықталған.  Бірақ, 

менің қатысуымсыз автокөліктің кімге, қалай, 

қанша ақшаға сатылғанын анықтаған жан жоқ. 

Істі сотқа жіберуге не кедергі, түсінбеймін», 

– деп шырқыраған оқырманымыз осылайша 

нақақтан­нақақ «жазаланып» отырғанын жет­

кізді. 

«РЭКЕТТЕРДІҢ» ЗАМАНЫ 

ҚАЙТА КЕЛГЕН БЕ?

НЕМЕСЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ЖЕМІСІ

ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ 



АТАЖҰРТҚА 

ДЕМАЛУҒА КЕЛДІ

Биылғы балалар құрылтайы көрікті Бурабайдың баурайындағы 

«Балдәурен» республикалық балалар оқу­сауықтыру орталығында 

«Туған  жер  –  алтын  бесік»  тақырыбымен  өтті.  Оған  Моңғолия, 

Қытай, Өзбекстан, Қызғызстан және Германиядан үш жүзге жуық 

жеткіншек қатысты. 

Бурабайдың әсем табиғатын тамашалап, саф ауасымен тыныстау­

ға келген балалардың дені өз орталарында оқу озаты және түрлі 

дарын иелері атанғандар. Ауысымның ашылу рәсімінде Қазақстан 

Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орын­

басары Марат Әзілханов «Осы шара он жыл қатарынан өткізіліп 

келе жатыр. Қазақ баласы қай мемлекетте жүрсе де, оның жалғыз­ақ 

Отаны бар, ол – Қазақ елі. Шараның негізгі міндеті – әлемнің әр 

қиырында жүрген қазақ балаларына атажұрттың тарихын, тамаша 

дәстүрлерін, әдемі әдет­ғұрпын, әуезді тілін, мәнді мәдениетін таны­

ту. Міне, сонда ғана балалардың бойына халқымыздың өзімен бірге 

сан ғасыр бойы жасасып келе жатқан ұлттық қадір­қасиетін сіңіре 

аламыз. Сіздердің алтын қазықтарыңыз – қазақ елінің қасиетті топы­

рағы», – деп шараның мән­маңызына тоқталды.

Шарада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орын­

басары Арғын Оспанов, «Отандастар» қорының вице­президенті 

Мағауя Сарбасов пен Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілі­

гінің кеңесшісі Кирилл Тиллябев халықаралық балалар құрылтайы­

ның тиімді тұстары жөнінде өз ойларын айтты.

– Ресей Федерациясында ресми есеп бойынша бір жарым мил­

лионға жуық қазақтар жергілікті жұртпен тату­тәтті тіршілік етуде. 

Олардың  туып­өскен  жері  Ресей  топырағы  болғанымен,  тарихи 

Отаны – Қазақстан, – деді Кирилл Тиллябев. – Біз ежелден достық 

қарым­қатынастағы елміз. Осы балалар мемлекеттеріміздің арасын­

дағы шынайы достықты одан әрі бекіте түсетін болады.

«Балдәуренде» тынығуға келген қандастарымыздың балалары 

өздерінің алғашқы әсерлерімен бөлісті. Соның бірі  Ресейдің Иванов 

облысынан келген мектеп оқушысы Әмина Жақсылықова «Балдәу­

рен» республикалық балалар оқу­сауықтыру орталығы өзіне ұнайты­

нын және осында үшінші рет келіп отырғанын сөз етті. 

– Мен Ресейден келдім. Біз Иванов облысының Иванов қаласында 

тұрамыз. «Балдәуренге» үшінші рет келіп отырмын. Маған «Балдәу­

рен» балалар орталығы қатты ұнайды. Осы жерде әртүрлі елдерден 

келген қазақ балаларымен таныстым. Егер мүмкіндік болып жатса, 

мұнда тағы да келер едім, – дейді Әмина Жақсылықова.  

Ал, Моңғолиядан келген  9­шы сынып оқушысы Айдана Досым­

бек «Балдәурен» ана тілін жетілдіруге көмектесетінін жеткізді.

– Мен Моңғолия астанасы Ұлан­Батырда тұрамын. Онда қазақ 

мектептері жоқ. Мен моңғол тілінде дәріс беретін мектепте оқимын. 

Бірақ, Моңғолиядағы қазақтар өзара ана тілімізде сөйлесеміз. Қа­

зақстанда біздің көптеген туыстарымыз тұрады, олардың көпшілігін 

танимын. «Балдәуренде» алғаш рет болып тұрмын, маған қатты 

ұнады, тағы да келгім келеді. Біз 24 бала келдік. Менің осы лагерьге 

баратынымды естіген сыныптастарымның басым көпшілігінің кел­

гілері келді, – дейді Айдана Досымбек.

Германиядан келген Айша Құлғарина 4­ші сыныптың оқушысы 

екен. Бірнеше тіл біледі. Өскен соң Қазақстанға ораламын дегенді 

айтты ол. 

Екі апталық жазғы демалыс маусымында шетелден келген қазақ 

балаларының белсенді демалуына, әртүрлі мәдени және спорт ша­

раларына қатысуына, ең бастысы – ана тілін меңгерудегі білімдерін 

шыңдауына мүмкіндіктер жасалады.



Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ



АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН 

КЕЛГЕН  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ПАРЛА-

МЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ДӘУРЕН ӘДІЛ-

БЕКОВ  КӨКШЕТАУ  ҚАЛАСЫНДА  ОБЛЫСТЫҚ 

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН, АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ 

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ХАТШЫЛАРЫМЕН 

ЖӘНЕ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Облыстық  мәслихатта  өткен  кездесуде  сенатор  мемлекеттік 

бағдарламалар мен әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы, об­

лыстың жеті өңіріне жасалған жұмыс сапарынан түйгендері туралы 

айтты.  Степногорск қаласы мен Есіл, Ерейментау, Зеренді, Атбасар, 

Аршалы аудандарындағы мемлекеттік бағдарламалардың арқасын­

да өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын дамытып отырған бірқатар 

шаруашылықтардың  жұмысын  айта  келе,  мемлекеттік  қолдаудың 

тиімділігін атап өтті. 

– Бұл жолғы сапарымыз кезінде әріптестім Рәшит Әкімов екеуіміз 

облыстың жеті ауданында болдық. Атқарылып жатқан жұмыстар бар, 

бірақ іске қолбайлау болып отырған жайлар да кездеседі. Біз ең алдымен 

сондай жайларға назар аударып, алдағы уақытта оған Үкімет назарын 

аудартатын боламыз, – дейді сенатор Дәурен Әділбеков

Сенатормен кездесуде өңірлерден келген мәслихат хатшылары мен 

бизнес өкілдері өздерін толғандырған біраз жайларды ортаға салды. 

Бұланды аудандық мәслихатының депутаты Шахман Құсайынов Ма­

кинск қаласындағы бірқатар тұрғын үйлер жылу құбырына қосылмаған­

дықтан,  орталықтандырылған жылудан қағылып отырғанын жеткізді. 

Оның айтуынша, тарату желісі құрылысының жобалық­сметалық құжат­

тамаларын әзірлеу үшін облыстық мәслихаттан тиісті қаржы бөлініпті. 

Ал, құрылыс жұмыстарын толық жүргізу үшін шамамен 1 миллиард 

теңгеден астам қаржы қажет екен. Бұған республикалық бюджеттен 

қаржы тартылмаса, жергілікті бюджет көтермейді.

Бұдан бөлек, депутаттар тарапынан Зеренді ауданында орын алып 

отырған электр энергиясына және қолданыстағы бірқатар заңнама­

ларға қатысты мәселе көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Бұл ауданда 

электр желілері мен таратушы құрылғылар әбден тозғандықтан, жиі 

істен  шығып  жатады.  Бұның  бәрі  тұрғындардың  орынды  ренішін 

туғызуда. 

Сенатор кездесуге келген жергілікті мәслихат депутаттарынан орын 

алып отырған мәселені ғана емес, оны шешу жолдарын да сұрап, олар­

дың ұсыныстарына құлақ түрді. Қойылған сұрақтардың барлығы бақы­

лауға алынып, әрi қарай қарастырылатынын, мәселені шешуге жауапты 

құзырлы органдарға жеткізілетінін айтты.

Қ. КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ



(Соңы. Басы 1-бетте)

Оларға Бақытгүл Оқасова екеуміз қарсы 

шығып, Тастеев Алмасбекті ауылдан күштеп 

көшіру  заңға  қайшы  екенін,  бұлай  еткен 

жағдайда оның конституциялық құқының бұ­

зылатынын, жер аудару тек қана соттың құзы­

рында екенін айттық. Бірақ, көпшілік бәрібір 

Тастеев Алмасбекті ауылдан күштеп көшіріп 

жіберді» дейді ары қарай арыз иесі. 

Осылайша, өз тентегін өздері жөнге сал­

мақ болған ауыл халқы А.Тастеевті «етегін 

кесіп елден шығарғандары» аздай, енді оның 

жақындарына  қысым  көрсете  бастайды.  

«Жиналыстан  кейін  А.Мәметов  мені  үйіне 

шақырды.  Мен  оның  үйіне  барып  едім,  ол 

үйде М.Нүптекеев, Е.Майтыбаев, Қ. Әшім­

баев  және  мен  танымайтын  Дәурен  деген 

жігіт  бар  екен.  Олар  «Тастеев  Алмасбекті 

ауылдан күштеп көшіреміз, М.Нүптекеевтің 

2011 жылы ұрланған жылқысын сен төлейсің, 

5 жылқы үшін 5000 АҚШ долларын бересің 

немесе астыңдағы автокөлігіңді бересің», – 

деп қорқытты. А.Мәметов менің ар­намысыма 

тиетін сөздермен балағаттап ұрмақшы болды, 

қорқытты. Мен М.Нүптекеевтің жылқылары­

ның ұрлануына еш қатысым жоқ екенін, оны 

малды ұрлаған адамдардан өндіріп алатынын, 

мен ақша да, автокөлікті де бермейтінімді айт­

тым. Аяғында мен Райымбек АІІБ­не А.Мәме­

товтің  заңсыз  әрекеті  туралы  арыз  беруге 

мәжбүр болдым. 

Бірақ,  жоғарыда  аты  аталған  адамдар 

ұялы телефон арқылы хабарласып, ылғи мені 

қорқытып, «бала­шағаңды жазым жасаймыз, 

күн көрсетпейміз, сүйегіңнің қайда қалғанын 

туыстарың таппай қалады» деп қыр соңымнан 

қалмай қойды. Осылайша, құқыққорғау орган­

дарынан еш қорғаныш таба алмай, жанұямның 

қауіпсіздігі үшін Тасашы ауылынан Алматыға 

көшіп  кеттім.  Қазіргі  кезде  пәтер  жалдап 

тұрып жатырмын». 

Өкініштісі, кейіпкеріміз Алматыға көшіп 

келгеннен  кейін  де  жоғарыда  аты  аталған 

адамдардан құтыла алмапты.  

«Асхат  Мәметов  «машинаңды  тартып 

аламыз» деп ескерткеннен кейін, мен олар­

мен сөйлескен кезде диктофонымды қосып, 

олардың  сөздерін  жазып  алып  отырдым. 



Р.S

  

Арыз иесінің айтуынша, жоғарыдағы М.Нүптекеевтің (2011 жылы) 



жылқысын ұрлаған адамдар Алматы облысы Райымбек аудандық сотының  2012 

жылғы үкімімен жазасын алыпты. Олай болса, ауылдастары Советбек Тастеевке 

неге сонша шүйлікті? Әлде бүгінгі қоғамның «інісі жаза басса, ағасы жазалану керек» 

деген жазылмаған заңы бар ма?! Құқыққорғау органдары қайда қарап отыр? Әлде, 

сонау 90-шы жылдардағы «рэкеттердің» заманы қайта келді ме? Әлділер әлсіз-

дерге күш көрсетіп, мәселені заңның емес, білектің күшімен шешетіндей жағдайға 

жеткеніміз бе? Әлде құқыққорғау органдары қылмыстық саясатты ізгілендіру 

дегенді «қылмыскерлерді тайраңдатып қою» деп түсіне ме? Cұрақ көп, жауап жоқ.

Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

КЕЗДЕСУ


ӨҢІРДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР 

ОҢ БАҒАСЫН АЛДЫ



ТАҒДЫР ТАЛҚЫСЫМЕН ӘЛЕМНІҢ ӘР ӨҢІРІНЕ 

ТАРЫДАЙ ШАШЫЛЫП КЕТКЕН ҚАНДАС ҚАЗАҚТАР-

ДЫҢ БАСЫН ҚОСАТЫН ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ 

ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ  МҰРЫНДЫҚ  БОЛУЫМЕН 

БАЛАЛАР ҚҰРЫЛТАЙЫ ОН ЖЫЛДАН БЕРІ ТҰРАҚТЫ 

ТҮРДЕ ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ ЕКЕН. ОҒАН ӘЛЕМНІҢ ӘР 

ЕЛІНЕН ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ ҚАТЫ-

СЫП,  АТАЖҰРТПЕН  ТАНЫСАДЫ,  ЖАҢА  ДОСТАР 

ТАБАДЫ. 


жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау