«Балдырған» тобы
Сабақтың тақырыбы: «Жаса, жайна Астана»
Сабақтың мақсаты: 1.Астана туралы білімдерін кеңейту.
2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту, жүйелі сөйлеу қабілетін арттыру.
3.Адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, бейне таспа, Астана суреттері.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ «Жұлдызыңды жарқырат»
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап тәсілі, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау сратегиясының элементтері топтастыру, бес жол өлең, білемін, білдім, білгім келеді.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
2.Жаңа сабақ: Отаным
-Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ерекше болады. Себебі, сабақ сайыс түрінде өтіледі. Сайыстың тақырыбы «Жұлдызыңды жарқырат»
3-топқа бөлінеміз.
1-топ «Білгірлер»
2-топ «Алғырлар»
3-топ «Тапқырлар»
3.Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақты дұрыс шешсек сабағымыздың аты шығады.
1.Кішкене ғана тоны бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
2.Өзі қу, өзі айлакер
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
3.Біреуге найза түйрейді
Өзі де содан күйрейді (ара)
4.Жер астында жездемнің қамшысы жатыр (жылан)
5.Бейғам елді іздейді
Малдан күдер үзбейді (қасқыр)
6.Өзі жап-жас мұрты бар
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде
Түкті тонын шұп-шұбар (мысық)
қ о й
т ү л к і
а р а
ж ы л а н
қ а с ы р
м ы с ы қ
Бүгінгі жаңа сабағымыздың аты «Отаным»
-Отан туралы әңгімелесеміз.
-Отан деген сөзге қалай түсінесіңдер?
-Отан қандай болады?
қалам
Ата-ана
елім
Отан
бауырым
жерім
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Отанымыздың астанасы Астана қаласы. 1991 жылы біз тәуелсіз мемлекет болдық. Өз еліміздің рәміздері бар. Мемлектіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев. Отанымыз оңтүстіктен солтүстікке 1600 км, шығыстан батысқа дейін 3000 км-ге созылып жатыр.
4. Бейне таспа көрсету.
Астана қаласының жерлерін көрсету.
5. Топпен жұмыс.
Қазақстан
Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Әр топ елтаңба, ту, әнұран туралы түсінік береді.
6.Кітаппен жұмыс.
137-бет оқу. Хормен оқу, тізбектей оқу. Мәтіннің мазмұнын айтқызу.
7. Суретпен жұмыс.
8Топтарға тапсырма: 1 минут уақыт ішінде жазып шығу.
Білгірлер тобына
Қалалардың аттарын жаз.
Алғырлар тобына
Өзендердің аттарын жаз
Тапқырлар тобына
Көлдердің аттарын жаз.
9. Отанымыздың байлығы. 1 минут ішінде жазып шығу.
Білгірлер тобы
Аңдардың аттарын жаз.
Алғырлар тобы
Өсімдіктердің аттарын жаз
Тапқырлар тобы
Ағаштардың аттарын жаз.
10. Терісі бағалы аңдар. 1 минут ішінде жазып шығу.
Қасқыр, жолбарыс, түлкі, қарсақ суреттерін көрсетіп түсіндіріп өту.
11. Бес жол өлең.
1. Отан
2. кең, әсем
3. береді, қорғайды, көркейеді
4. Біздің еліміз өте бай.
5. жерім.
12.Тапсырма.
Білгірлер тобына.
1. Суда туады, суда жүреді (бақа)
2. Бақа қыста немен коректенеді? (қыста ұйықтайды)
3. Өрмекшінің неше аяғы бар? (8)
4. Өсімдіктің неше тобы бар? (3)
5. Қасқырдың баласын қалай атайды? (бөлтірік)
Алғырлар тобына.
Қандай аңның қалтасы бар? (кегуру)
Пингвин құс па, құс емес пе? (құс)
Арқасымен алма жинайтын жануар? (кірпі)
Қандай қар тез ериді? (таза әлде лас) (лас қар)
Аюдың баласын қалай атайды? (қонжық)
Тапқырлар тобына.
1. Қоңыздың неше аяғы бар? (6)
2.Қыс бойы ұйықтайтын аң? (аю)
3. Қандай құс ең биікте ұшады? (бүркіт(
4. Ең жүйрік аң? (гепард)
5. Қоянның баласын қалай атайды? (көжек)
13. Білемін Білдім Білгім келеді.
Отан Терісі бағалы аңдар
Астана
Қала
Өзен
Көл
14.. Бағалау
15. Мадақтау.
Жеңген топқа мақтау қағазын тапсыру.
№10 орта мектебі.
Дайындаған: Мұханова А.М.
Қостанай 2008 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |