Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «___» _______ № ____
қаулысымен бекітілген
«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта медициналық көмек көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс- қимылдарды) бастауға негіздеме стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталында көрсетілетін қызметті алушының тіркелуін тексереді – орындау уақыты 5 (бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазып, дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын ауызша хабарлайды – орындау уақыты 5 (бес) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс- қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс- қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы;
2) дәрігерлердің қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазу.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері.
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс- қимылдардың) ретін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталында көрсетілетін қызметті алушының тіркелуін тексереді – орындау уақыты 5 (бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазып, дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын ауызша хабарлайды – орындлу уақыты 5 (бес) минут.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс- қимылдардың) ретін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушының порталда авторизациялануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау және сұраныс жіберу - (10 (он) минут);
2) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің дұрыс болмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама - (20 (жиырма) секунд);
3) порталда сұраныс өңделіп, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге негіздерін тексеріп, бұзушылықтар анықталса қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады - (10 (он) минут);
4) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама беріледі - (10 (он) минут).
10. Осы регламентің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасын қоса, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібінің және көрсетілген қызметті беруші мен көрсетілген қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) ретінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі және парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1 шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету мен сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2 шарт - порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы) сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
7) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және көрсетілетін қызметті беруші өңдеу үшін автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне «электрондық үкімет» шлюзі арқылы электрондық құжатты (сұрау салуды) жіберуі;
9) 3 шарт – электрондық құжаттың (сұрау алудың) мемлекеттік қызмет көрсету негiздерiне сәйкестiгiн көрсетілетін қызметті берушiнiң (өңдеуі) тексеруi;
10) 6 процесс – бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
11) 7 процесс – көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама беріледі.
Бұл ретте порталда электрондық форматта көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті таңдау кезде кестеге сәйкес дәрігердің бос уақытын таңдау мүмкіндігі берілді.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Алматы қаласы әкімдігінің http://almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://almatyzdrav.kz. интернет - ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті «электрондық үкiмет» порталы арқылы көрсету кезінде функционалдық іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер
|
«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiне
2-қосымша
|
«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
А. Көрсетілетін қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер
«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Б. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер
Достарыңызбен бөлісу: |