(Соңы 2-бетте)
МЫҚТЫ ЕЛ БОЛУ
ТАРИХЫҢДЫ ТАНУМЕН
АСТАРЛАС
БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ
СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
Ойталқы
ОҚУЛЫҚ САПАСЫН ҚАЙТСЕК ЖАҚСАРТАМЫЗ?
4-
бет
2-
бет
М
ектеп оқулықта-
ры жиі өзгеріске
ұшы рап, баспадан
жа ңадан шыққан нұсқа-
ларының өзі қоғамның,
ата-аналардың сынына
тап болып жатады. Сапа-
сы сын көтермейтін оқу-
лықтардан қалай арыла-
мыз және бұл олқылықты
түзеудің жолы қайсы?
Неліктен, оқулыққа қа-
тысты шағым көп айты-
лады?
ОҚЫРМАН ХАТЫ
(Соңы 3-бетт
е)
(Соңы 8-бетте)
№60 (3185) 13 тамыз 2019
WWW.ZANMEDIA.KZ
Қоғамдық-саяси, құқықтық газет
zangazet@mail.ru
ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ
АТАЖҰРТҚА
ДЕМАЛУҒА КЕЛДІ
(Соңы 3-бетте)
«РЭКЕТТЕРДІҢ» ЗАМАНЫ
ҚАЙТА КЕЛГЕН БЕ?
НЕМЕСЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ЖЕМІСІ
3-
бет
Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:
– Біріншіден, оқулық құрастыру және оқулыққа баға беру талаптары мен
ережелеріне зер салу керек. Себебі, оқулықты бағалау, оны экспертизадан
өткізу жұмысында нақтылық, объективтілік аз. Оқулықтың жолы болып,
жақсы автор табылса, оқулық жақсы. Автор нашар болса, оның сапасын
жетілдірудің, әділ бағасын берудің тетігі жоқ.
Екіншіден, оқулық құрастыруға қызығушылығы бар мамандарды оқыту
және олардың біліктілігін арттыру бағытында да қосымша жұмыс істесе
артықтық етпейді. Оқулық жазу да өзінше бір бөлек ғылым. Педагогика-
лық ғылыми дәрежесі бар мамандардың бәрі оқулық авторы болып кете
алмайды. Бұл да бір күрделі мәселе. Сондықтан, оқулық жазуға тартыла-
тын мамандарға қазіргі оқулық құрастыру технологияларын, оқулық жазу
әдіс-тәсілдері, оқулық психологиясы секілді мәселелердің барлығын терең
зерттеп, авторлар ортасына жыл сайын жаңартып, беріп отырса игі бо-
лар еді.
Аятжан АХМЕТЖАН, «Қазбілім» орталығының директоры:
– Оқулық мәселесін шешу үшін оқулық жазу құқығын баспадан
алып, ғылым академияларының біріне берген абзал. Себебі, баспа,
ол – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, яғни, олардың басты
көзқарасы сапа емес, сауда. Көздегендері білім емес, ақша. Солай
болады да. Себебі, олардың негізгі бағыты – бизнес жоспарын
орындау. Сол үшін бағдарлама, оқулық кешенін негізі жауапкершілігі
бар, мемлекеттік мекеменің құзыреттілігіне беру керек. Ақиқаты
да осы, жауапкершілік болмаған жерде сапа жайлы айтудың өзі
қиын.
Бірінші, алғашқы мәселе – оқулықты жеке автор емес, арнайы
комиссия жазуы керек. Орта білім саласының маңызды құжаттарын
талдау және зерттеу институты болса… Әрі олар автор емес,
құрастырушы болуға тиіс. Себебі, оқулық – авторы бар әңгіме, роман
емес, ол диссертациялық жұмыс емес.
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ,
тарих ғылымдарының докторы:
«МЕНШІГІ ЖОҚ
АЗАМАТТАР ОТБАСЫНА
ҮЛГІ БОЛА АЛМАЙДЫ
»
– Жамбыл Омарұлы, бәсекеге қабілетті ұлт болып қалып-
тасуымызда отбасының рөлін ешбір институт алмастырмақ
емес. Өйткені, салт-дәстүріміздің озығын бүгінгі күннің игілік-
ті талабымен үйлестірген шағын мемлекеттегі тәрбие біздің
асыл мұраттарымызға қол жеткізетін бірден бір мүмкіндік.
Қазіргі қазақ отбасылары осы үдеге сай деп айта аламыз ба?
Бұл ретте нені жоғалттық, нені таптық?
– Жалпы этнограф, антрополог, тарихшы ретінде қазақ отбасы
дағдарыс жағдайында деп ойлаймын. Себебі, қазақтың дәстүрлі отба-
сының өзінде бірнеше даму кезеңдері бар. Он сегізінші ғасырда, яғни
«шүберекке түйілген жан болыпты, ұйықтап жату жігітке ар болыпты»
деген жаугершілік заманда отбасының сипаты бөлек болды. ХІХ ға-
сырдың ортасында біз отырықшылыққа көшіп, кешенді шаруашылық
құрдық. Осыған байланысты отбасының болмысы өзгерді. Бұл өзгері-
стер оңай жүзеге асқан жоқ.
«Менің өтінішхат беру себебім, 2017
жылдан бері заңсыздыққа тап болып келемін.
Інім А.Тастеевтің келтірген залалын менен
өндірмек болғандардың күш көрсетіп, көлі-
гімді тартып алғанына да екі жыл болды. Екі
жылдан бері сол тартып алынған көліктің са-
лығын, айыппұлын да мен төлеп келе жатыр
мын. Ал, арыз жазып, көмек сұрағаныммен
Алматы қаласының Медеу, Жетісу аудандық
полиция бөлімдерінің тергеушілері бірбіріне
сілтеп, істі әлі созып отыр», – деп жазады
арыз иесі Советбек Тастеев.
ӘДЕТТЕ ӘДІЛДІК ІЗДЕГЕН АДАМ СОТҚА НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ
ОРГАНДАРЫНА ШАҒЫМДАНАДЫ ЕМЕС ПЕ? АЛАЙДА, КЕЙІНГІ КЕЗ-
ДЕ ТАҒДЫРЫ СЕРГЕЛДЕҢГЕ ТҮСКЕН ХАЛЫҚ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚҰРАЛДАРЫНА КӨБІРЕК ЖҮГІНЕТІН БОЛҒАН. БІРІ ТИІСТІ ОРГАНДАР
ӨЗ МІНДЕТІНЕ ЖҮРДІМ-БАРДЫМ ҚАРАДЫ ДЕП ШАҒЫМДАНСА, ЕКІН-
ШІСІ ДӘРМЕНСІЗ ЕЛДІҢ СӨЗІН ТІЛШІЛЕР СӨЙЛЕЙДІ ДЕП СЕНЕДІ.
«ЗАҢ ГАЗЕТІНІҢ» РЕДАКЦИЯСЫНА ХАБАРЛАСЫП, АРАША СҰРАҒАН
КЕЛЕСІ ХАТТА ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНАН ҚАЙЫР БОЛМАҒАН
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРІН-БІРІ ҚАЛАЙ «ЖАЗАЛАП» ЖАТҚАНЫ
СӨЗ БОЛАДЫ.
«05.09.2017 жылы Алматы облысы Рай-
ымбек ауданы Тасашы ауылында ауыл әкімі
А.Қасымжанұлының және ауыл жастары-
ның ұйымдастыруымен жиналыс өткізілді.
Жиналыста Ж.Қарабалаев, Совет Ходанов,
Д. Ермекбайұлы, А.Мәметовтер сөз сөйледі.
Асхат Мәметов жиналыста көпшіліктің көзін-
ше арнамысыма тиетін жаман сөздермен
балағаттап, «Сен ұрысың» деп ұрмақшы бол-
ды. Ауыл әкімі араға түсіп, оны әрең қойды-
рды. Сол сияқты Н.Бүйенбаев, А. Рысқұлов,
М.Нүптекеев, Д.Әбенов және Т.Алпысбаевтар
сөз сөйлеп, менің інім Тастеев Алмасбекті
ауылдан көшіруді талап етті.
АҚТАУ ҮКІМІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
КҮЛ АСТЫНАН КҮМІС
ІЗДЕГЕНМЕН ПАРАПАР
Кешегі кеңестік жүйеден қалған кеселдің әсері болар, кез келген күдіктіден қылмыскер жасап шығарып, жазалау қасапха-
насының аранына тастап жіберіп, сол арқылы шен өсіріп, шекпен кию әдеті уақыт озса да ізімізден өкшелеп, қалмай келеді.
Құзырлы орган басшыларының «тәртіп сақшылары халықтың қауіпсіздігі үшін күндіз-түні аттан түспейді» деген тәрізді жат-
танды ұрандарының бір бүйірінде статистика тәрізді қылмыстық қудалау органдарына айтқанын орындаттырмай қоймайтын
алып күштің бұғып жатқанын заңнан бейхабар адамдардың ә дегеннен түсіне қоюы неғайбыл.
АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ