8
№60 (3185) 13 тамыз 2019
zangazet@mail.ru
СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
Редакторлар кеңесінің
төрағасы – президент
Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
050012, Алматы қаласы,
Х.Досмұхамедұлы көшесi
(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.
Қабылдау бөлмесi:
292-43-43; 292-79-61 (факс);
Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсе
факс: 8 (7172) 52-02-11
E-mail: zanreklamaastana@mail.ru
«Заң газеті» аптасына 2 рет –
сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.
Жеке таралым 5455 дана
Апталық таралым 10910 дана
Тапсырыс №119 Индекс 65921
Газет Қазақстан Республикасы бойынша
таралады
Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан
оқи аласыздар.
Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн
редакция жауап бермейдi.
Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi
жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-
лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм
iшiнде қа былданады.
Газеттi есепке қою туралы
№16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-
да Қазақстан Респуб лика сының Мәде ниет және ақпарат министрлiгi
берген.
Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация»
ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы,
Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС
баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27,
8 (727) 51-78-31
Меншiк иесi:
«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»
ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI
Бас редактор
Айнұр СЕМБАЕВА
Бас редактордың
орынбасары
Сәкен ҚАЛДЫБАЕВ
Нөмiрдiң кезекшi редакторы
Мөлдір БЕГІМБЕТ
Нұр-Сұлтан Айша Құрманғали
8 707 851 91 13.
Алматы
Нұрбол Әлдібаев
8 701 357 66 84.
Айтақын Бұлғақов
8 705 111 37 21.
Атырау
Құралай Қуатова
8 701 678 90 77.
Ақмола
Қалкөз Жүсiп
8 701 300 14 74.
Түркістан Шадияр
облысы
Мекен бай ұлы
8 775 733 56 65.
МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:
Мысалы, он тоғызыншы ғасырда
ғы зар заман поэзиясы қоғамдық құн
дылықтардың, отбасылық дәстүрлердің
өзгерісіне қарсы бағытталған. Жаңа
лықтарды осы поэзияның өкілдері қа
былдамады. Бірақ, кейін мойынсын
ды. Жартылай отырықшылық, кешенді
шаруа шылыққа көштік. Менің әкелерім
сондай ортада өсіп шыққан адамдар еді.
Ең бастысы, осы отбасының егіншілік,
сауда, малшаруашылығына бағытталған
жаңа моделінен Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов сынды Алаш қайрат
керлері өсіп шықты. Бұл өзін өзі ақтаған
үлгі болды.
– Байқасақ, қазір сондай елге
тұтқа болар тұлғалар аз. Бұл отба-
сындағы ұлттық құндылықтардан
алыстап кетудің салдары дегіңіз
келеді ғой...
– Иә... Бұл отбасылық үлгіні Совет
үкіметі жойды. Жалпы кеңес одағы кезін
де отбасы үлкен соққы алып, жеті аталық,
бір аталық қауым өз миссиясынан ажырап
қалды. Бүкіл жауапкершілікті мемлекет өз
мойнына алып алды. Шынын айтқанда,
бұл отбасылық жүйені күйретіп жіберді.
Барлық мәселені мемлекет шешетін бол
ды. Үкімет пен партия аман болсын деп
отбасын ешкім ойламады. Отбасының
әлсіреуі мемлекетке де қажет болды.
Өйткені, жеке тұлғалар отбасынан өсіп
шығады ғой. Ал, мемлекетке тек қыз
мет істеуші тұлғалар ғана керек болды.
Міне, осындай қарамақайшылықтан
өттік. Соған қарамастан біз әлі бірталай
дәстүрлерімізді сақтап отырмыз. Бірақ,
кеңес кезінде алған соққы әлі есеңгіретіп,
есімізді жинатқызбай тұр. Осының сал
дарынан біздің қоғамымызда неше түрлі
қарамақайшы жағдайлар орын алуда.
– Расында, әйел ерге, ер жерге
қараған уақыт болып тұр. Ер-аза-
маттар неге бүгінгідей шарасыз
күйге түсті?
– Бұған әр түрлі факторлар ықпал етті.
Соның бірі қазақ азаматтарының меншік
иесі бола алмай отырғаны. Бұрын олар
бай болатын. Кеңес үкіметіне дейін олар
дың отаротар қойы, үйірүйір жылқысы,
табынтабын сиыры бар еді. Қазіргі
уа қытта қазақ азаматтарының көпшілі
гі меншік иесі емес. Жетпіссексен па
йызында байлық жоқ. Ал, меншігі жоқ
азаматтар отбасына үлгі бола алмайды.
Мойнына жауапкершілік ала алмайды.
Соған байланысты әйелдің де, балалар
дың да рөлі өзгеріп кетті. Екіншіден,
қазақ отбасында патриахалдық дәстүрлер
бар ғой. Мәселен, әкесінің өзін сыйлатуы.
Меншікке байланысты ол да бұзылды.
Мемлекеттен талап етейін десе мемлекет
«біз жауап бермейміз» дейді. Елбасының
өзі «өз күндеріңді өздерің көріңдер, баяғы
кеңес заманы емес» деді. Ал, кеңестік
психологияға үйреніп қалғандар әлі сол
әдеттен арыла алар емес. Бала туды ма
мемлекеттен көмек сұрайды, екіүш бала
туды ма мемлекеттен үй талап етеді. Не
гізінен капитализмге өткеннен кейін мем
лекет мұндай мәселелерді шешуді мойына
алмайды. Ол тек мүгедек, өз бетімен күн
көре алмайтын қарттар үшін жауапты. Ал,
аяқ қолы бүтін, дені сау адам өзі еңбек
теніп, күн көрісін өзі қамдауы керек.
– Алайда, өз күніңді өзің көр деу
үшін мемлекет «балық бермесе де
қармақ беруі керек қой»...
– Ойыңызбен келісемін. Негізінде
мемлекет ойын ережелерін дұрыс қалып
тастыруы керек.
– Қалай?
– Мысалы меншікті әртараптандыру
керек. Оның бір қолға жиналуына мүм
кіндік бермеуі керек. Меншікке ер аза
маттардың қатыстылығын көбейту керек.
Үлкен, ірі кәсіпорындарда азаматтардың
акция лары немесе жер иеліктері, не бол
маса малы болу керек. Айталық Теміртау
заводы жұмыс істеп тұр ма, сол жерде
туыпөскен менің осы өндірісте акциям
болу керек. Мысалы Жолымбет кен орнын
менің әкем құрды ма, сол үшін отыз екін
ші жылы сотталды ма, онда оның акциясы
баласы – менің меншігіме өтуі керек. Мен
сонда өзімді қожайын ретінде сезінемін.
Осы мемлекеттің әрбір ісіне менің жаным
ашиды. Өйткені, менің жерде, малда, өн
дірісте үлесім бар. Ал, әкемнің жағдайы
сондай болғандықтан оны әйелі де, бала
сы да сыйлайды. Өйткені, әкесі жауапты,
мұны ол көрсетіп тұр.
– Ол үшін қор нарығы дұрыстап
құрылуы керек шығар?
– Әрине, ол үшін меншік нарығы,
меншік қатынастары заңмен реттелуі
керек. Меніңше, біз осыған болашақта
келеміз. Өйткені біз өтпелі кезеңнен
өттік, Қазақстанда этностар көп болды.
Қазақтардың саны енді ғана жетпіс
пайызға артты. Жергілікті ұлттың саны
жетпіс бес пайыздан асса онда ол өзінің
нақты орнын, нақты тілін, мәдениетін
орнықтыра алады. Бұл этнографияның
заңдылығы. Қазір біз межеге бес процент
қана жетпей тұрмыз. Оған жеткеннен
кейін уайымдайтын ештеңе қалмайды.
Барлығы өзінен өзі реттеліп, қазақтың
пайдасына шешіледі. Өзге ұлттар қазақ
ша сөйлеп, мәдениетімізді қабылдайды.
Біздің санымыз белгілі дәрежеде сапа
туғызады.
– Айтқаныңыз келсін! Десе де
қазір бізде маңызды экономикалық
нысандардың көпшілігі жекешеленіп
кетті емес пе? Олардан қарапайым
халыққа тиіп жатқан үлес бар деп
ойлайсыз ба?
– Бізде қазір меншікті ат төбеліндей
топтар басып қалған. Соған байланысты
бәсекелік меншік жоқ. Ал, қай елді бол
масын дамытатын бәсекелестік. Сексен
пайыз меншік болса, ол бірбірімен бәсе
кеде болады. Сіз дүкен ашсаңыз, мен де
дүкен ашам. Сіз мектеп ашсаңыз, мен де
мектеп ашам. Сіз зауыт салсаңыз, мен
де соған әрекет жасаймын. Сіз малдың
санын жүзге жеткізсеңіз, мен одан асы
руға тырысам. Халықтың негізгі бөлігінде
меншік болса, онда бірбірімен бәсекелес
тік арқылы экономиканы жандандырады.
Біртіндеп осыған келеміз деп ойлаймын.
– Қазір көп әйел алуды насихат-
таушылар көп. Бұл халықты сақ-
тау дың бірден бір жолы ретінде
дәріптелуде. Шынында солай ма?
Тарихты қарап отырсақ, кейбір
мемлекеттердің түбіне осы көп
неке жеткен сияқты.
– Көп әйел алушылық қазақты сақтай
ды деген бос сөз. Бұл дәстүр сақталған
қоғамда, оны еркек те, әйел де мойындап
тұрған уақыттың өзінде қазақтың төрт
бес пайызы ғана көп әйел алған. Көп
әйел ұстау деген оңай емес. Ол өте үлкен
проблема туғызады. Көп адам содан қа
шады. Өйткені, әр әйелде жеке ауыл болу
керек. Біздің аталарымыз өз меншіктерін
сақтап, шаруашылықтарын жүргізу үшін
көп әйел алған. Ол кезде әйелдің саны
қойдың санымен байланысты болған.
Өйткені, қойдың саны бір отардан асып
кетсе, сіз амалсыз екінші ауыл құруыңыз
керек. Екінші ауылды басқаратын әйел
адам. Малға да иелікті әйел жасаған.
Тіпті қонақ келіп қалса да соятын қойды
әйел таңдайтын болған. Отағасы бұл
ретте әйел қойды әкеліп бата сұрай ма,
сұрамай ма, деп оның қасқабағына қа
рап отыр ған. Яғни, көп әйел алушылық
адамның дәулетіне, шаруашылығына
байланысты шешілетін шаруа болған.
Оны бүгінгі күні дәріптеудің еш қажеті
жоқ. Ал, әмеңгерлік мәжбүрлікпен өзінен
өзі іске асып жатты. Бұл жетімжесірді
жатқа жіберіп, жылатпау үшін қабылда
натын шешім болған.
– Жуырда Елордада ұрпақ тәр-
биесін ұлттық құндылықтарға
негіздеп жүргізу мақсатында «Қа-
рашаңырақ» жобасының тұсауы
кесілгенін білеміз. Сол жиында
өзіңіз үлгі еткен Махалла атты
қауымдық бірлікке кеңірек тоқтала
кетсеңіз.
– Қазаққа ең жақыны – өзбек. Біз бұл
халықпен рухани тұрғыда етенеміз. Осы
ел шығыстық дәстүрлердің бірқатарын
сақтаған. Сондықтан біз экономикалық
жағынан қанша жерден алда болсақ та,
рухани жағынан олар бізден әлдеқай
да озық тұр. Өйткені, олар шығыстық
дәстүрлерді сақтаудың арқасында орыс
тың ықпалынан алыс болды. Оларда
мәселен, Махалла қауымдастығы бар. Бұл
біздің пәтер иелерінің кооперативтерінің
аналогы. Белгілі деңгейде, қауымды, пә
тер иелерін басқаратын бұл құрылым өте
ықпалды тетік. Өзбектерде оны ақсақал
дар басқарады. Олар бүкіл кварталдың
тіршілігін бақылап отырады. Мәселен,
өзбек азаматтарының жартысына жуығы
сырттан ақша табады. Өйткені елде жұ
мыс жоқ. Бірақ солардың отбасылары
елде тұрып, өз күндерін көріп жатыр.
Қазақтың жарты азаматы сыртта жүрсе
біздің отбасыларымыз не болар еді?
Шыны керек, көптеген шаңырақ ортасына
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тарих ғылымының докторы:
«МЕНШІГІ ЖОҚ АЗАМАТТАР
ОТБАСЫНА
ҮЛГІ БОЛА АЛМАЙДЫ
»
түсер еді. Өйткені, бізде отбасыға қамқор
болатын қауым жоқ.
Өзбектерде Махалла қауымдастығы
еразаматтары сыртқа кеткен отбасылар
да туындаған мәселелерді шешіп, оларға
қамқорлық жасап отырады. Мысалы
ұлықызы жүгенсіздік жасаса Махалла
солармен айналысады. Көршілеріне
барып «мынаның қызы түнде жүр, ұлы
бұзықтық жасады, неге?» деп, себептерін
айқындап, ескерту жасайды. Немесе
ақшадан таршылық көріп, жағдайы на
шарласа, материалдық көмек көрсетеді.
Сондықтан, шетке шығатын еразамат
тар отбасыларын соларға тапсырып,
алаңсыз кете береді. Махалланың ортақ
шайханасы болады. Бұл ауылаймақтың
тойтомалағы өтетін жер. Жалдау ақысы
төленбейді. Тек тамағыңызды апарып,
тойыңызды өткізе бересіз. Бізге де пәтер
иелері кооперативтерін осылай құрып,
оларға қауымның барлық мәселесін ше
шетін нақты тетіктер ұсыну керек.
– Той демекші, бізде расында
бұл шараның шығыны көп қой. Қыз
берген жақ бір, келін алған жақ екі
шашылып, соның салдарынан қа-
рызға батып жатады. Кейде осын-
дай қиындықтар жас отбасының
құрылмай жатып бұзылуына алып
келетіні де бүгінгі күннің ащы шын-
дығы. Қайтпек керек?
– Бұл ретте де бізді құтқаратын өзі
міздің төл дәстүріміз. Негізінде қазақ
ғұрпында той қыз бала жағында, оны
ұзатқан кезінде ғана болған. Оған қырық,
елу шақты адам барып, барлық жоралғы
сонда жасалған. Сол жерде қыз бала
отау үйінен ұзатылады. Үйге арнап жігіт
кигізін, қырық жеті малын береді. Жігіт
жағында үлкен той болмайды, тек бет
ашар жасалып,отқа май құйылады. Сөйтіп
келінді кіргізіп алады. Құттықтаушылар,
отызқырық күн бойы келе береді. Өй
ткені, олар барыcкеліс бір айлық, бір
жұмалық жерлерде тұрады. Неге бізге
осы үлгіні қолданбасқа? Бұл жігіт жақ пен
қыз жақтың тойға шығаратын шығынын
азайтады. Жастардың тұратын баспана
сын қамдауға мүмкіндік береді. Бұдан
әрі мемлекетке қарайтын, мемлекеттің
бізге қарайтын жағдайы жоқ. Біз дәстүрлі
капиталистік қарымқатынастарға өтіп
келе жатырмыз. Өттік десе де болады.
Мемлекеттен бір бала деп жәрдемақы,
бес бала таптым деп үй сұрау дұрыс емес.
Бала туылды ма, оның болашағын ойла
уымыз керек. Осы ретте біздің дәстүрлі
қазақ қоғамының құндылықтарына сүй
ену арқылы көптеген мәселені шешуге
болады. Өйткені, олар ықылым заманнан
бері қазақты небір нәубеттен аман алып
қалған. Жалпы ұлтты сақтайтын оның
оның әдетғұрпы, салтсанасы. Осы құн
дылықтардан ажырамай, оларды бүгінгі
күннің жасампаздықты жетелейтін үрдіс
терімен байытып, өміріміздің ұстанымы
на айналдыру қажет.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»
– Жеті атаны заңдас-
тыру жайлы не айтасыз?
Қоғамда осыған қатысты
да талқылаулар бар...
– Мұндай заң қабылдау
өте қауіпті. Өйткені, мұндай
заң қабылданса, оны жүзеге
асыратын ереже де жасалады.
Олардың қатарында жазалай
тын функциялар да қарасты
рылады. Бізде заңды тексеруші
органдардың өзі бірінші бұза
ды. Мысалы екі жас үйленіп
жатыр. Бірекі полицей ақша
тапқысы келіп, тойға кірді де
жұбайлардың жеті атадан асқа
нын дәлелдеңдер деді. Мұндай
жағдайдың орын алуы әбден
мүмкін. Өйткені, олар заңның
орындалуын қадағалаушы. Ал,
сіз генеологияны, шежірені
қалтаңызға салып жүрмейсіз
ғой. Осы жерде кәдімгі заң
бұзушыға айналып, тойыңыз
дың шырқы бұзылады. Жеті
атаны сақтаған дұрыс. Ол ша
руашылықты жүргізу үшін де
қажет. Өйткені, қазіргі уақытта
бірбіріне жалданып жұмыс
істегісі келмейді. Ал, жеті ата
туыстық тәртіппен жұмысқа
жұмылдыру мүмкіндігі. Ал,
былай ешқайсысы бірбірін
мойындамайды.
...меншігі жоқ азаматтар отбасына үлгі бола алмайды. Мой-
нына жауапкершілік ала алмайды. Соған байланысты әйелдің де,
балалардың да рөлі өзгеріп кетті. Екіншіден, қазақ отбасында па-
триахалдық дәстүрлер бар ғой. Мәселен, әкесінің өзін сыйлатуы.
Меншікке байланысты ол да бұзылды. Мемлекеттен талап етейін
десе мемлекет «біз жауап бермейміз» дейді. Елбасының өзі «өз
күндеріңді өздерің көріңдер, баяғы кеңес заманы емес» деді. Ал,
кеңестік психологияға үйреніп қалғандар әлі сол әдеттен арыла
алар емес. Бала туды ма мемлекеттен көмек сұрайды, екі-үш
бала туды ма мемлекеттен үй талап етеді. Негізінен капитализмге
өткеннен кейін мемлекет мұндай мәселелерді шешуді мойына
алмайды. Ол тек мүгедек, өз бетімен күн көре алмайтын қарттар
үшін жауапты. Ал, аяқ қолы бүтін, дені сау адам өзі еңбектеніп, күн
көрісін өзі қамдауы керек.
(Соңы. Басы 1-бетте)