Оқулық сапасын қайтсек жақсартамыз? бет бет м ектеп оқулықта ры жиі өзгеріске



жүктеу 1,26 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата11.01.2020
өлшемі1,26 Mb.
#26242
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

4

№60 (3185) 13 тамыз 2019

zangazet@mail.ru



ТАРАЗЫ

Қаперіңізде жүрсін!

Елімізде зияткерлік меншік құқығын қорғау 

бағытындағы жұмыстардың ауқымы кеңейіп, 

жауапкершілігі де артып келеді. Зияткерлік 

меншік тек экономика, сауда салаларына ғана 

емес, сондай-ақ, ауылшаруашылық өнім-

дерін және шикізат өндіру немесе әлеуметтік, 

құрылыс салаларына, мәдени өмірге, әдебиет 

және толып жатқан шығармашылық салала-

рының бәріне де қатысты. Бүгінгі таңда на-

рықтық экономика қарыштап дамыған сайын 

зияткерлік меншік құқығын мейлінше қорғау 

қажеттілігі туындауда.

Қазір ел нарығында өзгелердің меншіктері 

саналатын тауарлардың жасалған көшірмелері 

баршылық. Бұдан зияткерлік меншіктің құқығы 

бұзылып, салық төленбей, адам өміріне төнетін 

қауіп-қатер арқылы мемлекетке үлкен зиян 

келеді. Соның ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, 

киім-кешек, гигиена-санитариялық бұйымдар, 

құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар, ба-

лалар ойыншықтары, тіпті әшекей бұйымдары 

да кездеседі. Бұл заттар адам ағзасын улап

аллергиялық ауруларға соқтырады, тіпті, мүге-

дек болып қалу қаупін тудырады. Сол себепті, 

МЫҚТЫ ЕЛ БОЛУ 

ТАРИХЫҢДЫ 

ТАНУМЕН АСТАРЛАС

БІЛГЕН ЖӨН!



СОТТЫ 

ҚҰРМЕТТЕМЕУ 

ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ 

СОҚТЫРАДЫ

«Азаттық алумен іс бітпейді. 

Тәуелсіздікті  сақтап  қалу  үшін 

заманға сай амалың болуы керек 

екен.  Біз  тәуелсіздігінен  айы-

рылып  қалған  елдердің  тағды-

рынан  тиісті  қорытынды  шыға-

рып, тағылымы мол сабақ алдық» 

деген еді Тұңғыш Президентіміз 

Нұрсұлтан Назарбаев елдің ертеңі 

туралы сөз қозғағанда. 

Егемендікті алу қаншалықты 

қиын болса, оны ұстап тұрудың 

жауаптылығы  одан  бірнеше  есе 

ауыр. Мұның маңызын қарапай-

ым  халықтан  гөрі  жас  мемле-

кетіміздің басында тұрған жандар 

тереңірек  сезінсе  керек.  Оның 

үстіне,  бүгінгі  дамудың  бұған 

дейінгі ілгерілеуден табиғаты да, 

тұрпаты да бөлек. Қазір білімнің 

салтанат құратын, ойы озықтың 

үстемдік ететін кезі. Содан болар, 

өркениетті  елдердің  өзі  табиғи 

байлықтың мол қорын тапқаннан 

идеясы көп, ақылы асқан маман-

дарды қалыптастырған анағұрлым 

пайдалы екенін түсіне бастады. 

ығыстырып, рухани құндылыққа 

басымдық беруінің мәні осында 

болса керек. 

Тұңғыш  Президенттің  жаңа 

біз мысал еткен ұлттық код жайлы 

сөзі көпшіліктің өткеніне көз жі-

беріп, бары мен жоғын түгендеуі-

не түрткі болғаны даусыз. Жоспар 

десе жаңашылдыққа ұмтылаты-

нымыз бар. Ал, рухани жаңғыру-

дың  мақсаты  –  жаңаны  ескімен 

байланыстырып, ұтымды нәтиже-

ге қол жеткізу. Мысалы, өзге сала-

ларды былай қойғанда, қазақстан-

дық  соттың  бұрынғы  құқықтық 

негіздерден  алары  көп.  «Бола-

шаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

мақаласы сол өткенімізді танып, 

оны бүгінгі түйткілдерді шешудегі 

басты құрал етуімізге мүмкіндік 

туғызды.

Соңғы жылдары отандық сот-

тағы  жүктеменің  тым  көбейіп 

кет кені ешкімге жаңалық емес. Ел 

ішіндегі даукестікті төмендетіп, 

сот  жұмысын  азайту  үшін  қан-

дай амалдар жасалмады. Ақыры, 

бұл мәселенің шешімі қазақтың 

байыр ғы құқықтық қағидаларын 

қолдану арқылы реттелетіні бел-

гілі  болды.  Өйткені,  қазақтың 

би лер  соты,  ақсақалдар  кеңесі 

аға йын  арасындағы  татулықты 

сақтауға  негізделген.  Шектен 

шық қанды өзара өткізілген жиын-

да талқылап, сабасына түсіретін 

би лер пәрменінің мықтылығына 

кейде таң қаласың. Ресей патша­

лығы қазақтардың би сотын жой-

мақ  болып,  өз  заңдарын  енгізе 

бастағанда зиялылар бірден қар-

сылық танытқан. Соның ішінде 

сот  жүйесін  зерттеген  Шоқан 

Уәлиханов  өз  еңбегінде:  «Қа-

зақтарда  құрметті  би  атағы  ха-

лық тарапынан қандай да сайлау 

жолымен немесе халықты билеп 

отырған өкіметтің бекітумен емес, 

тек сот рәсімін терең білетін, оған 

қоса шешендік өнерін меңгерген 

қазаққа  ғана  берілген.  Би  атану 

үшін қазақ халық алдында әлде-

неше  шешендік  сайысқа  түсіп, 

өзінің  заң­жораны  білетіндігін, 

шешендігін  танытатын  болған» 

деп билердің ел арасындағы бе-

деліне тоқталып, елге жат заңның 

залалы боларына батыл болжам 

жасаған.  Әрине,  өркениетке  қа-

дам  басқан  елдің  халықаралық 

заңнамалар өлшеміне сай болғаны 

да  жөн.  Дегенмен,  байырғы  қа-

зақы құқықтың басымдықтарын 

түгендеп,  билер  кеңесін  құруы-

мыз, бітімгершілікке жан бітіруге 

тырысуымыз рухани жаңғыруға 

жасалған батыл қадам. 

Қазір  әрбір  сотта  медиация 

бұрыштары,  медиация  кабинет-

тері  ашылып,  мекемелерде  ме-

диация орталықтарының жұмыс 

істеуіне жан­жақты қолдау көр-

сетіліп  жатыр.  Бұл  қуанарлық, 

құптарлық  үрдіс.  Осы  арқылы 

тараптарды татулыққа шақырып, 

ортақ келісімге келтіре алсақ, кез 

келген дауды келісіммен, бітімгер-

шілікпен бітіре алсақ ұлттық құн-

дылығымызды  жаңғыртқанмен 

пара­пар іс болар еді. Қазақстан-

дық  соттың  рухани  жаңғыруға 

қосқан өлшеусіз үлесі мұнымен 

шектеліп қалмайды.

Дәурен ХАМИЕВ,

Ақтөбе қаласы 

мамандандырылған 

әкімшілік сотының судьясы

ҚАЗАҚСТАНДА СОТ БИЛІГІ БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТ-

ТІК БИЛІКТІҢ ДЕРБЕС ТАРМАҒЫ. ОЛ БАРЛЫҚ ҚҰЗЫР­

ЕТІН РЕСПУБЛИКА АТЫНАН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ. ТӘ­

УЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІ ЕЛІМІЗДІҢ 

САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 

ҚОҒАМДЫҚ  ҚАТЫНАСТАРДА  ТУЫНДАЙТЫН  ТҮЙТ-

КІЛДІ ТҰСТАРДЫ РЕТТЕУГЕ ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ. 

даған заманда «сүзгі» адамның ішінде болуы 

керек. Ішкі сүзгі сыртқы ықпалдардан сақта-

нудағы жүрек таразысына жүгінудің маңызын 

көрсетеді» деген болатын. Жоғарыда аталған 

экстремизм­терроризм бабы бойынша бас бос­

тандығынан айырылған отандастарымыз ин-

тернет арқылы жалған идеологияның құрбаны 

болғандарын мойындап отыр.

Бәрімізге белгілі, ҚР Тұңғыш Президенті 

–  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  тапсырмасымен 

Сириядағы  соғыс  аймағынан  отандастары-

мызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» 

операциясы  қолға  алынды.  Ол  Елбасының 

халықаралық  аренадағы  жоғары  беделінің 

және еліміздің бейбітшілік бастамалары мен 

қағидаттарының негізінде жүзеге асты. Бұл 

жөнінде астанада Сыртқы істер министрінің 

орынбасары  Ержан  Ашықбаев  пен  Ұлттық 

қауіпсіздік  комитеті  департаментінің  бас-

шысы  Бақытбек  Рахымбердиев  қатысқан 

брифингте  айтылған  болатын.  Ұлттық  қа-

уіпсіздік  комитеті  департаментінің  басшы-

сы  Бақытбек  Рахымбердиевтің  айтуынша, 

«Жусан­1»  операциясы  бірнеше  ай  бойы 

жүргізіліп, оны ұйымдастыруда талай қиын-

дықтар орын алған. Жалпы, «Жусан­1» опе-

рациясы аясында елге 6 ер адам, 11 әйел және 

30 бала қайтарылды. 

Сондай­ақ, Сирияда әлі де еліміздің 380­ге 

тарта азаматы қалғаны және олардың үштен 

екісі  әйелдер  екенін,  сонымен  қатар,  олар-

мен бірге қосақтасып 400­500 бала жүргені 

анықталған. 

Сондықтан, мамырдың жетісі мен тоғызы 

аралығында Мемлекет басшысы Қасым­Жо-

март Тоқаевтың тапсырмасымен «Жусан­2» 

операциясы жүзеге асырылды. Сириядан тағы 

отандастарымыз  елге  жеткізілді.  Бұл  жолы 

туған еліне оралғандардың саны – 231 адам. 

Оның 59­ы әйел, 156­сы балалар. Соның ішін-

де 18­і жетім балалар. Қазақстан азаматтарын 

Сириядан  қайтаруға  бағытталған  «Жусан» 

арнайы  операциясының  үшінші  кезеңінде 

Сириядан 67 әйел адам, 171 бала қайтарыл-

ды. ҰҚК өкілі Сирия мен басқа да қақтығыс 

аймақтарына кеткендердің көпшілігі интернет 

арқылы шетелдік «жалған уағызшылардың» 

арбауына түсіп қалғанын айтады. 

Бұл кезекте Елбасымыз Н.Назарбаевтың 

мақаласында айтылған «ішкі сүзгінің» адам 

өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқара-

тынын байқауға болады. Және де Елбасымыз 

бастаған  «Жусан»  операциясын  Мемлекет 

басшысы Қасым­Жомарт Тоқаевтың жалғас­

тыруында үлкен сабақтастық жатыр. Жалпы, 

елімізде билік транзиті болып жатқаны белгілі. 

Міне, осы процесте бұрынғы саяси және ру-

хани үдерістегі жақсы дүниелердің жалғасты-

рылғаны орынды.

Қорыта келгенде айтайын дегеніміз, елі­

міздің өсіп­өркендеуін, қоғам дамуын, елдің 

бірлігін,  қоғам  тыныштығын  қамтамасыз 

ететін басты фактор – қоғамның мәдени және 

әлеуметтік тұрақтылығы. Қоғам тұрақтылығы-

на бәріміз өз үлесімізді қосып келеміз және ол 

жалғасын табатынына сенімдіміз. 

Алмасбек ШАҒЫРБАЙ,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану 

және дінтану институты

дінтану бөлімінің аға ғылыми 

қызметкері, PhD доктор

ТАУАР ТАҢБАСЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА 

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін 

немесе тауар шығарылған жердің атауын не-

месе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін 

қызметтерге арналған, оларға ұқсас белгіле-

мелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен 

фирмалық атауды заңсыз пайдалану Қазақстан 

Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық ту-

ралы кодексінің 158-бабына сәйкес әкімшілік 

жауапкершілікке тартуға соқтырады. 

Аталмыш құқықбұзушылықтар анықталған 

жағдайда, яғни, тауар белгісі, қызмет көрсету 

белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе 

біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қыз-

меттерге арналған, оларға ұқсас белгілемелер 

заңсыз бейнеленген тауарлар тәркілене оты-

рып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкер-

лiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк 

субъектiлерiне – елу, ірі кәсiпкерлiк субъек-

тiлерiне – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөл-

шерiнде айыппұл салынады.

Тауар таңбасын заңсыз пайдалану эконо-

миканың дамуына тосқауыл болатын қауіпті 

құбылыстардың бірі. Сондықтан, бөтен тауар-

дың таңбасын заңсыз пайдаланып, жауапты 

болғанша, заңды жолмен жүрген абзал.



Н.ДАЙРАБАЕВ,

Сырдария аудандық Әділет 

басқармасының басшысы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ПАЙЫМ

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – 

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ 

КЕПІЛІ

ҚОҒАМНЫҢ ҮШТЕН БІР БӨЛІ-

ГІН ҚҰРАЙТЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ДА-

МУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСАТЫН  

– ЖАСТАР. ОЛАЙ БОЛСА, КЕМЕЛ 

КЕЛЕШЕГІМІЗ  ЖАСТАРДЫҢ  ҚО-

ЛЫНДА ЕКЕНІН ЕСКЕРСЕК, ОЛАР 

ҒЫЛЫМҒА ДА ӨЗ ҮЛЕС ТЕРІН ҚО-

СУЫ ТИІС. СОЛ СЕБЕПТІ АЗАМАТ-

ТАРДЫҢ  ӨЗІН­ӨЗІ  ЖАН­ЖАҚТЫ 

ДАМЫТЫП  ОТЫРУЫ  БҮГІНГІ 

ЗАМАН ТАЛАБЫ. АТА­БАБАЛАРЫ-

МЫЗ  БҰЛ  ЖАҒДАЙДЫ  ЕРТЕДЕН 

ЕСКЕРІП, ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ 

«БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАДЫ, БІЛІМДІ 

МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ» ДЕП НАҚЫЛ 

ҚАЛДЫРЫП КЕТКЕН. 

Өкінішке қарай, соңғы жылдары елімізде 

экстремизм мен терроризмнің дертіне шал-

дыққандардың  қатары  көбеюде.  Құзырлы 

органдардың мәліметіне сүйенетін болсақ, бү-

гінгі таңда мыңға жуық ел азаматы экстремизм 

және терроризм бабы бойынша темір торға 

тоғытылған. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын 

100 адамға көбейіп отыр. Санасы уланып, ота-

нын тастап, Сирияға кетіп қалған отандаста-

рымыз тағы бар.

Осындай  келеңсіздіктің  алдын  алу  мақ-

сатында  Алматы  қалалық  Қоғамдық  даму 

басқармасы Мониторинг және талдау орта-

лығының жұмысы өз нәтижесін беруде. 2018 

жылы наурыз айында бекітілген «Қазақстан 

Республикасында діни экстремизм мен тер­

роризмге қарсы іс­қимыл жөніндегі 2018 ­ 2022 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» 

бойынша  халық  арасында  мемлекеттің  дін 

саласындағы саясатын ақпараттандыру және 

түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жылына 

орталық  тарапынан  600­ден  аса  кездесулер 

өткізіледі.

Бұл орайда, «Қазақстан – 2050» Страте-

гиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 

бағыты» атты Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев  «Бүгінде,  интернет  пен  жоғары 

технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқын-

Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында туындайтын даулар-

ды өркениетті түрде, заң талаптарын басшылыққа ала отырып, сот 

төрелігін жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктері арқылы шешу 

– демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық дамудың, аза-

маттардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын 

тиісті дәрежеде қорғаудың, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығы-

ның басты көрсеткіштері. Ендеше, сот билігіне құрметпен қарау әр 

азаматтың міндеті.

Өздері тап болған қандай да бір даудың заң жолымен шешілуіне 

наразылық танытатындар да табылады. Бұл олардың ең бірінші 

кезекте құқықтық сауатының таяздығынан. Өйткені, жеке басының 

мүддесін заңнан үстем қоятындар баршылық. Бұл оның құрмет пен 

жауапкершілік сезімінің төмен екенін, заңға бағынбауға бейім тұра-

тын эгоизмін, қоғамды сыйламайтынын білдіреді. Әйтсе де, судьялар 

өз жұмысында тек баршаға ортақ заң үстемдігін басшылыққа алаты-

нын түбегейлі түсінгені абзал.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының 

мәртебесі туралы» заңның 3­бабына сәйкес, сотқа немесе судьяға 

құрметсіздік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

Сондықтан, тараптар сот отырысында белгілі бір тәртіпке бағыну 

қажеттігін ұмытпағаны абзал. Ең бірінші кезекте өзіне, айналасын-

дағыларға, процесті жүргізіп отырған судьяға құрметпен қарағаны 

жөн. Себебі, сотты құрметтеу – заң үстемдігін құрметтеу деген сөз.

Сотқа  деген  құрметсіздік  білдірген  тұлғаларға  қатысты  жа­

уапкершілік тек ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде ғана емес, ҚР 

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде де қарастырылған. 

Мысалы, аталған кодекстің 653­бабында сотқа деген құрметтемеу­

шілік үшін жауапкершілік көзделген. Яғни, процеске қатысушы-

лардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі 

қарауы мүмкін болмаған жағдайларда, олардың шақыру қағаздары, 

хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себеп-

терсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне 

бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты 

құрметтемеушілік, сондай­ақ, сотты және судьяны құрметтемеушілік 

туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер /әрекетсіздік/ – ескерту 

жасау  ға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 

салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп 

соғады.

Сот отырысы  залындағы тәртіпті бұзушының іс­әрекетінде қыл-



мыстық жауапкершіліктің белгілері анықталса, сот оларға қатысты 

құжаттарды, прокурорды ескерте отырып, алдын ала тергеу орга-

нына жолдай алады. Бұл жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 

410­бабында көрсетілген. Аталмыш бап бойынша, сот талқылауына 

қатысушыларды қорлау, сотты құрметтемеу – бір жүз алпыс айлық 

есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөл-

шерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге 

қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге 

қамаққа алуға жазаланады.

Сотқа келген әрбір адам өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, 

құқықтық мәдениетті сақтауы қажет.

Аида МЫРЗАҒҰЛОВА, 

Қармақшы аудандық сотының бас маманы,

 Заңгерлер одағының мүшесі  

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Елбасының  «Бола-

шаққа бағдар: рухани 

жаңғыру» деп атала-

тын  бағдарламалық 

мақаласының мазмұ-

ны да жаңа заманның 

талабымен өзектес.

Мемлекеттің  ер-

теңіне қатысты пікір 

айтылғанда ең бірін-

ші дамыған, озық ел-

дердің тәжірибесіне көз тігеріміз 

анық. Өйткені, біздің түпкі мақ-

сатымыз – дамыған озық елдердің 

қатарына қосылу. Бірақ, жетістік-

ке жедел жеткен елдердің жүрген 

жолын  қайталау  бұл  мәселенің 

жалғыз  шешімі  емес.  Әр  елдің 

өз  салты,  менталитеті  бар.  Бір 

мемлекеттің  өркендеуіне  ықпал 

еткен  жоспар  біздің  еліміздің 

та нымына  мүлде  қайшы  болуы 

мүм кін.  Сондықтан,  Қазақстан-

ды Мәңгілік елге айналдырудың 

кілті өзіміздің мүмкіндіктерді ес­

кере отырып жасалған бағдарға 

тәуелді. Осы ретте Елбасы Нұр-

сұлтан Әбішұлы «Жаңа тұрпатты 

жаңғырудың  ең  басты  шарты  – 

сол ұлттық кодыңды сақтай білу. 

Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр 

жаңғырыққа  айналуы  оп­оңай» 

деп дұрыс аңғарған. Шынында да, 

өзгелерді мойындататын мықты 

ел болу тарихи тамырыңды тану-

мен астарлас. Бүгінгі жаңғырудың 

саяси қадамдарды, экономикалық 

басымдықтарды  екінші  қатарға 




жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау