265
Топографиялық карталардың проекциялары. Біршама ірі
аумақты жазықтықты кескіндеу барысында кететін қателіктерді
азайту үшін оны картаға жеке бөліктерге бөліп түсіреді. 1:100
000 масштабтыдан басқа топографиялық карталарды құру үшін
Қазақстан мен ТМД, басқада бірқатар елдерде Гаусс пен Крюгердің
түзу бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясы қолданылады. Онда
элипсоидтың беті сфералық екі бұрыштарға (аймақтарға) бөлініп
содан соң əр қайсысы жазықтықта жеке кескінделеді. Оның əр
аймақтың ортасындағы (біліктік) меридиан мен экватор өзара перпен-
дикуляр түзу кескінделеді. Біліктілік меридианнан алыстаған сайын
бұрмалану біртіндеп артады. Бұрмалануды ең төменгі деңгейге дейін
азайту үшін аймақтың бойлықтары 6º шектеледі. Масштабы: 1:1 000
000 ұсақ масштабты карталарды құру үшін 6º аймақтар, 1:5 000 ірі
масштабты карталар үшін 3º аймақтар қолданылады. Жер шары 6º
60 аймаққа бөлінген. Бірінші аймақ гривничтің шығысындағы 0-6º
ш.б, екінші – 6º пен 12º
ш.б аралығын қамтиды. Гаусс пен Крюгердің
аймақтарының (зоналарының) шекарасы колонналардың шекара-
лары мен сəйкес келгенімен оларды санмен белгілеуде 30 бірлікке
айырма жасайды. Əрбір аймақ полюске қарағанда экватордағыдан
екі 30 есе кіші өте жіңішке жолақ тəрізді [7.7-сурет]. Меридиандар
мен параллельдер жазықтықта қисық сызық түрінде кескінделеді.
Біліктік меридианның картаның масштабындағы ұзындығы нақты
ұзындығына сəйкес келеді. Біліктілік меридианнан алыстаған сай-
ын бұрмалану біртіндеп артқаны мен экватор мен зонаның ең шеткі
меридианының қилысындағы бұрмалану көрсеткіші 0,0014-тен
аспайды. Бұрыштар мен ауданның бұрмалануы да шамалы.
7.7 сурет. Гаусс пен Крюгердің көлденең цилиндрді проекциясымен
құрылған карталарда 6º зоналардың жазықтықта кескінделуі
266
Халықаралық милиондық 1:1 000 000 масштабты кар-
талардың номенклатурасы. Географиялық карталардың мас-
шта бының, шартты белгілер мен мазмұнының алуантүрлі болуы
ХІХ ғасырдың соңында əртүрлі елдерді салыстыра отырып оқып
үйренуді қиындатты. 1891 жылы Берн қаласында (Швейцария)
өткен V Халықаралық конференцияда Вена университетінің про-
фессоры Альберт Пенк (1858-1945) бүкіл жер беті үшін бір проек-
циясы, шартты белгілері мен мазмұнының іріктелуі бір текті 1:1
000 000 масштабты карталарды құруды ұсынды.
Мұндай карталар Халықаралық милиондық масштабты карта-
лар деп аталады. Ол 1909-1913 жылдары арнайы ұйымдастырылған
кон ференцияларда қарастырылды. Халықаралық милиондық мас -
штабты карталарды құру жұмыстарын І жəне ІІ дүниежүзілік соғыс
тежегендіктен, іс жүзінде ол 1945 жылдан кейін қолға алын ды.
1962 жылы Біріккен ұлттар ұйымының миллиондық масштаб-
ты картаны құру жөніндегі техникалық комиссиясы аумақты жал-
пы оқыпүйренуді; экономикалық даму жоспарын құру кезінде;
əртүрлі тақырыптық карталарды құруға негіз болатын; 1:1 000 000
топографиялық карталардың масштабтық қатарын құруға негізге
алу мəселелерін шешуді көздейтін жаңа бағдарлама қабылдады.
Осы бағдарлама бойынша құрлық бетінің 1100-1150 1:1 000 000
масштабты карта құруға тура келеді. Гаусс пен Крюгердің тең
бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясымен құрылатын
Халықаралық миллиондық масштабты карталар барлық масштаб
қатарының карталарын құруға негіз болу қызметін атқарады. 1:1
000 000 масштабты картаның əр беті бойлық бойынша мериди-
андары 6°, ендік бойынша параллельдері 4° бөлінетін трапеция
түзеді. Ол Жер беті аумағын қамтитын картаның жеке беттерін
сауатты бөлуге негізделген. 1:1 000 000 масштабты картаны құру
барысында əр бетін жүйелеу мен санын айқындау ең қыйын əрі
күрделі мəселе екенін көрсетеді. Бір масштабты картаны санмен
белгілеу басқа масштабты картаның беттерін санмен белгілеумен
тығыз байланыста болуы тиіс. Бұл мəселені шешуге картаның
атауы мен санмен белгілеу жүйесі номенклатураны пайдалану
арқылы шешіледі.
Кең көлемді аумақты қамтитын топографиялық карталар
жеке беттерде кескінделеді. Кең көлемді аумақты қамтыған
267
топографиялық карталарды жеке беттерге бөлу жүйесі беттеу
деп аталады. Картаның əр беті параллельдер мен меридиандар мен
шектелетіндіктен кескінделген аумақтың жер элипсоидындағы
орны ішкі бұрыштаманың қиылыстарында нақты көрсетіледі.
Масштабы мен географиялық орнының ерекшелігін ескеріп
топографиялық карталарды жеке беттерінің атауын анықтау
қызметін атқаратын жүйе номенклатура деп аталады [7.8-сурет].
7.8 сурет. 1:1 000 000 масштабты картаның номенклатурасы жеке
беттерге бөлудің сызбасы
Халықаралық 1:1 000 000 масштабты картаның бұрыш-
тамаларына сəйкес меридиандары 6° бөлінетін каллоннадан,
268
параллельдері 4° бөлінетін қатардан тұрады. Екі меридианның
аралығындағы 6° меридиандар жолағын калонна деп атай-
ды. Каллонналар жолағын санмен белгілеу 180° шығыс
бойлықтан басталады. Батыстан шығысқа қарай араб санымен
белгіленетін калонналардың жалпы саны 60. Бірінші калонна
180° б.б пен 174° б.б аралығымен шектеледі. 60 калонна 174°
ш.б 180° ш.б аяқталады 4° параллеьдер жолағы қатар деп ата-
лады. Ол латынның бас əріптерімен белгіленеді. Катарларды
белгілеу экватордан солтүстік жəне оңтүстік полюстерге қарай
жүргізіледі. А қатары экватормен 4°, В қатары 4°-8° шектеледі.
Екі жарты шардағы толық қатардың саны 22 ден 44-ке дейін.
1:1 000 000 масштабты картаның атауы номенклатурасын
белгілеу 4° параллельдер жолағы қатардың əрпі мен 6° ме-
ридиандар доғасының жолағы калоннаның санынан тұрады.
Мысалы, 44°-48° с.е аралығын қамтитын 4° параллельдер
жолағы L қатары мен 78
0
-84
0
ш.б 6° меридиандар жолағы 44
калоннадағы Талдықорған қаласы орналасқан 1:1000000 мас-
штабты картаның бетінің номенклатурасы L-44 [7.8-сурет].
Полюске жақындаған сайын трапециялар біршама
жіңішкеретіндіктен 60-76° ендіктерде карталардың беттерін
4° параллельдер жолағымен меридиандар жолағы екі есе-
ленген 12° қосарланған трапецияларды құрайды. Ал 76-90°
ендіктерде картаның беттері 4° параллельдер жолағы мен ме-
ридиандар жолағы төрт еселенген 24° трапецияны құрайды.
Бұрынғы КСРО карталарының масштабтық қатарлары 1:10
000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000, 1:200 000, 1:500 000, 1:1
000 000 тұрды. Экономиканның даму қарқынына байланысты
болашақта карталардың масштабы іріленіп, жаңарып отырады
[7.2-кесте].
Егер санайтын болсақ, тек бұрынғы КСРО да ғана
барлық масштаб қатарларының бір-бір бетінің саны 1 790 000
немесе 80 м
3
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |