Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. Картография



жүктеу 131,69 Kb.
бет1/62
Дата25.10.2023
өлшемі131,69 Kb.
#44016
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Картография емтихан ответтері КД-21


Картография



  1. Картографияның мәні

Картография (гр. chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән.
Картография- географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістікте орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т.б. картогафиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтіен ғылым. Картографиялық ұғымдарға аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен белгіленген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.
Картографияның негізгі салалары
1. Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картография проекциялары теоремасы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шарты белгілер жүйесі) теориялары
2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы
3. Картографиялық деректану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысты бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері),
4. Карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы
5. Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі
Картография –карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.
Тарихи қалыптасқан картаның үш түрі бар:
1)жалпы географиялық- дүние жүзі құрылымы мен қоғамды көрсетеді;
2)топографиялық, инженерлік, арнаулы карталар күнделікті өмірде, адам қызметінде қолданылады;
3)картографиялық зерттеу әдістері- картадағы құбылыстарды танып білу және талдау

  1. Картография құрылымы

Картография құрылымы жағынан күрделі пəндер жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамдас бөліктеріне – картатану, картография тарихы, математикалық картография, картометрия, картографиялық ақпарат тану, картаны жобалау жəне құру, картографиялық семиотика, картаны безендіру (картографиялық дизайн), картографиялық өндірістің экономикасы мен ұйымдастырылуы, картаны шығару, картографиялық зерттеу əдістері, картографиялық деректану, картографиялық топонимика пəндері кіреді.
Картатану – ғылым ретінде пəннің жалпы мəселелерін, пəнін, зерттеу əдістерін, картаны құру мен пайдаланудың əдіснамасын, географиялық карта жəне оның түрлерін, қасиеттері мен құрамдас бөліктерін, даму тарихын, пайдалану əдістерін зерттейді.
Картография тарихы картографиялық ойлар мен түсініктердің, картография өндірісінің даму тарихын, сонымен қатар, ескі картографиялық өндірісті оқытады.
Математикалық картография – жер беті мен ғаламдағы аспан денелерін жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық əдістерін зерттейді. Онда картографиялық проекцияларды құру дың теориясы мен əдістері жасалып, белгіленген шартқа сəйкес бұрмаланулардың таралуы мен картографиялық торға талдау жа са ла ды.
Картометрия – картадағы əртүрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын өлшеу жұмыстарын жүргізу əдістерін жасап шығарады.
Топография – географиялық жəне геометриялық əдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейтін картографияның бір саласы. Картаны жобалау жəне құру-карталарды зертхана жағдайында құру жəне саралау əдстерін жасап, оларды оқып-үйрену мəселелерін қарастырады. Ол өз кезегінде жалпы географиялық жəне тақырыптық карталарды жобалау мен құру мəселелерімен айналысатын бірнеше тараулардан тұрады.
Картографиялық семиотика – картография мен лингвистика ғылымының аралығындағы географиялық карталардың тілі болып табылатын картографиялық белгілер жүйесінің қасиетін зерттейді. Оның шегінде картографиялық шартты белгілердің шығу тегіне, жіктелуіне, қасиеттері мен қызметіне картографиялық кескіндеу əдістеріне қатысты көптеген мəселелер қарастырылады. Картографиялық семиотика синтактика, семантика, прагматика бөлімдерінен тұрады.
Картографиялық семиотика Картографиялық синтактика шартты белгілер жүйесін құру жəне пайдалану ережелерін, олардың құрылымдық қасиеттерін, карта тілінің граматикасын зерттейді.
Картографиялық семантика шартты белгілер мен картада кескінделетін нысандар мен құбылыстардың арасалмағын зерт тей ді. Картографиялық прагматика картаны оқитын оқырмандардың қабылдау ерекшеліктерін, коммуникация құралы ретіндегі шартты белгілердің ақпараттық құндылығын зерттейді.
Кейде картографиялық семиотиканың құрамына картографиялық өнімнің атқаратын қызметіне сəйкес кескіндеу мақамы мен құралдарын таңдау факторларын анықтау мəселелерін қарастыратын картографиялық стилистика бөлімі де енгізіледі.
Картаны безендіру картографиялық өнімдерді баспа жəне компьютерлік құралдардың көмегімен көркем жəне графиктік жобалаудың жəне олардың сызықтарын безендірудің теориясын, əдістері мен құралдарын дайындап, оны басып шығаруға даярлау мəселелерін оқытады.
Картографиялық өндірістің экономикасы мен ұйымдастыру – өндірісті жоспарлау жəне оңтайлы ұйымдастыру, картографиялық құралдар мен материалдарды, еңбек қорларын тиімді пайдалану, еңбек өнімділігін көтеру мəселелерін оқытатын картография мен экономикаға ортақ пəн.
Картаны басып шығару – карталарды, атластарды жəне басқа да картографиялық өнімдерді басып шығару технологиясын жасайтын техникалық пəн.
Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді (карталар, атластар, глобустар т.б.) мəдениет, білім беру, ғылым, өндіріс салаларында іс жүзінде пайдаланудың теориясы мен əдістерін жасайды. Бұл пəн картада кескінделген құбылыстарды тануды көздейтін картографиялық зерттеу əдісіне негіз болады.
Картографиялық деректану картаны құру барысында қолданылатын картографиялық деректерді (карталар, түсірілімдер, статистикалық жəне тағы да басқа деректер) жүйелеу мəселелер ін қарастырып, бағалау əдістерін жасайды.
Картографиялық ақпараттану картаны жинау, сақтау, жүйелеу жəне оларды талдау, бағалау, тұтынушыларға картографиялық өнім мен деректер туралы ақпараттарды ұсыну тарату мəселелерін қарастырып, əдістерін жасайды.
Картографиялық топонимика географиялық атаулар мен олар дың мағыналық маңызының картада дұрыс берілуі тұрғысын ан алғанда оқытады. Бұл пəннің міндеті картаға түсірілген атаулар мен терминдерді бір жүйеге келтіріп, стандарттау болып табылады.
Картографиялық пəндер жүйесі өзгермейтін бірқалыпты емес, ол тұрақты түрде үздіксіз дамиды. Ғылым мен техниканың өркендеуіне сəйкес картографияның жаңа саласы пайда болады. Бір саласы қарқынды дамыса, екіншісі тежеліп тоқырауға ұшырауы мүмкін. Мысалы, электронды есептеу техникаларының енгізілуіне байланысты картографиялық проекциялар техниканың көмегімен құрылып, математикалық-картографиялық үлгілеу теориялық жəне əдістемелік тұрғыдан алғанда қарқынды дами бастады. Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS ) қалыптасуына байланысты ғарыштық геодезия мен радиофизиканың аралығындағы мүдделер тоғысатын математикалық картографияның жаңа жерсеріктік позициялау бағыты пайда болды. Қорыта айтқанда, картография тірі ағаш сияқты тамырын тереңге тартып қарқынды дамып келе жатқан ғылым салаларының бірі болып табылады.
Картографияның жүйесіне тақырыбы жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар жалпы географиялық, геологиялық, топырақтық, экологиялық сияқты жаңа салалары дамуда.
Картаға түсіруді төменде көрсетілген əр түрлі негіздемелеріне қарай:

  • нысанына қарай - астрономиялық, жоспарлы жəне жер бетіндегі, жерішілік – құрылықты жəне мұхитты картаға түсіру;

  • əдісіне қарай жерүсті, аэроғарыштық жəне суасты;

  • масштабына қарай - ірі, орта жəне ұсақ масштабты;

  • жинақтау деңгейіне қарай-талдамалы, кешенді жəне синтетика лық;

  • автоматтандыру дəрежесіне қарай - қолмен, автоматт анд ырылғ ан (интербелсенді), автоматты;

  • жеделдігіне қарай базалық жəне жедел деп ажыратуға болады. Картаның тілі. Шартты белгілерді пайдалану картаны аэро жəне ғарыштық түсірілімдер, панорамалар, пейзаждар сияқты басқа да графиктік үлгілерден ажырататын негізгі қасиеттердің бірі болып табылады. Шартты белгілер географиялық картада кескінделген қоршаған ортада жүріп жатқан үрдістер мен құбылыстардың элементтерінің орналасқан орнын, сапалық жəне сандық сипатын, динамикасын көру арқылы есте сақтауға мүмкіндік беретін шартты түрдегі кескіні болып табылады.


жүктеу 131,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау