Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


бастады. ХVІ ғасырдан бастап портолондарды теңіз карталары  ауыстыра бастады.  Ұлы географиялық ашылулар кезеңіндегі картография-



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет71/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141

229

бастады. ХVІ ғасырдан бастап портолондарды теңіз карталары 

ауыстыра бастады. 

Ұлы географиялық ашылулар кезеңіндегі картография-

ның дамуы.

Негізінен ұлы географиялық ашылулар кезеңін Х. Колумб пен 

Ф. Магелланның саяхаттарынан басталады. Бірақ олардың сая-

хаты  Теңізде жүзуші Генрих деген атпен белгілі Португал хан-

задасы Энриктің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Еуропаның 

ең батысындағы Сан-Висенте мүйісінде Энрик космография, 

астрономиялық абсерватория, теңіз ареалы мектебін құрды. 

Үндістанға баратын теңіз жолын іздеу мақсатында 1416 жылы 

ол Африка жағалауын бойлай жүзген алғашқы экспедиция-

сын жіберді. Ол кезде Азияның басым бөлігі енген Үндістанға 

Еуропалықтар Үндістан мен Бирманы, Қытай мен Жапонияны, 

Индонезияны, Маллук  аралдарын жатқызған.  

Х. Колумб 1492 жылы Канар аралдары арқылы сапарға 

аттанғанда өзі баратын Үндістан деп құпиясы мол Сипан-

гу аралын (қазіргі Жапония) есептеген болатын. Оның сапары 

нəтижесінде Сан-Сальвадор, Куба аралдары, басқада көптеген 

жерлер ашылды. 

1513 жылы Васко Нунис Бальбоа Панама мойнағынан асып 

Тынық мұхитына шықты. 1524 - 1537 жылдар аралығында 

ағайынды Писсаро, Диего Альмагаро жəне Себастьян Белалькас-

тар Оңтүстік Американың батыс жағалауларын (Перу мен Чили) 

ашты. 


Дүниежүзін танып білу мен картаға түсіруде Ф. Магелланның  

экспедициясы маңызды қадам жасады. 

Жаңа жерлерді ашу сол аумақтардың кестелік кескінін 

жасаумен қатар жүрді. Орта ғасырлық портоландық немесе 

тұсбағдарлық карталар кезеңі мен  проекциямен құрылған теңіз 

карталарының аралығында мұхит арқылы жүзу үшін  жердің 

қисықтығы ескерілетін глобустар қолданылы. 

Африка жағалауына саяхат жасаған Португал экспедиция-

сына қатысқан танымал картограф жəне астроном Мартин Бе-

хайм өз глобусын 1492 жасады. Оның глобусында дүние жүзі 

Птоломейдің картасы бойынша кескінделіп, экспедиция бары-

сында жинақталған деректермен толықтырылған. 




230

6.3 сурет. ХVІ ғасырдың соңында Отрели мен Меркатордың 

атластарындағы жарты шарлар мен жеке аймақтарының карталары

ХVІ ғасырдың  басындағы  дүние  жүзі  туралы  географиялық 

түсінік Шепердің глобусында (1515) жақсы көрсетілген. Сол 

кезеңде глобустарды картографиялық проекцияларды құруға да 

қолдана бастады.   

ХVІ ғасырда Антверперде жұмыс істеген Аврам Отрелидің 

(1527- 1598) жəне латындандырылған Меркатор атымен танымал 

Герард Крамердің (1512- 1594) атластарында қолданылған Жер 

шарының  барлық  бөлігін  қамтитын  жаңа  картографиялық  про    -

ек    цияларды жасап шығарылды. Меркатор 1539 жылы  өз ең  бек   -

те рін       де  алғаш  рет  «Америка»  атауын  қолданды.  Бұл  ғалым ның 

ең  бектері картографияның даму тарихында тұтастай бір кезеңді 

қам  тиды. Ғалымның дүние жүзінің картасына арнал ған цилин-

др  лік проекциямен құрылған 15 беттен тұратын мыс тақ тай шада 

гра вюрленген карталары белгілі.  Меркатор  өлген нен кейін 1595 

жылы басылып шығарылған атласты құру бағы 

тын 


да жұмыс 

жасады. Бұл атласта ХVІ ғасырдағы орыс сызбасын қолдан-

ғандықтан, алғаш рет Ресей кеңейтіліп кескінделді.  Кейін   нен ат-

лас қайта басылып, 451 беттен тұратын 6 томға жетті  [6.3-сурет].

ХVІ ғасырдың соңында Отрели мен Меркатордың атластары-

нан басқа да арнайы карталар мен атластар пайда бола  бастады. 

Əртүрлі мемлекетте түсіру жұмыстары басталды. Олардың даму-

ына 1550 жылы  шыққан «Хорография» деген жалпы атпен белгілі 

Коперниктің шəкірті Ретрикус жасаған «Жіп пен тұсбағдарды 

пайдаланып түсіру жұмыстарын жүргізуге басшылық» атты 

 



231

нұсқаулары көмектесті. Притори ойлап тапқан мензул ХVІ 

ғасырдың соңында түсіру жұмыстарын күшейтті. 

6.2 ХVІІ-ХІХ ғасырда Батыс Еуропа мен Ресейде 

картографияның дамуы

Американың ашылуына жəне жаңа жерлерді жаулап алуға 

байланысты  нарықтың  кеңейюі картаға жəне оларды жетілдіруге 

деген сұранысты арттырды. Əсіресе навигацилық теңіз карта-

ларына тапсырыс күшейді. Осыған орай бойлықты нақтылау 

мақсатында 1675 жылы Лондон қаласы маңында Гривнич об-

серваториясы құрылып, онда астрономиялық жəне толысуларға, 

желдерге, магниттік ауытқуларға физикалық-географиялық 

бақылаулар жүргізілді.   

ХVІІ ғасырдың екінші жартысында картографиялық жұмыстар 

Францияда дами бастады. Бірақ тірек нүктелерінің координат-

тарын анықтауда түйінді мəселелер туындады. Сол кезеңдегі 

ғылымдағы ірі жаңалық Голландық ғалым В. Снелиустың 

1615жылы триангуляция əдісін табуы болды. Триангуляция əдісі 

меридиандар доғасының ұзындығын есептеуге жəне нүктелердің 

координатын анықтауға мүмкіндік берді. 

ХVІІІ ғасырда Францияда триангуляция жоспарлы сипат алды.  

Жердің нақты пішінін анықтау үшін əртүрлі ендіктерде орналасқан 

Перу мен Лапландияға екі экспедиция ұйымдастырылды. 

Жүргізілген есептеулер Жердің тік білігі бойынша сығылуына 

байланысты 1° меридиандар доғасының экваторға қарағанда 

жоғарғы ендіктерде  ұзын екенін дəлелдеді.  

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Францияда топография-

лық түсірулер қарқынды дамыды. Елдің картасын шығару (182 

беттен тұратын) ұзаққа созылып тек 1815 жылы ғана аяқталды. 

Птоломей карталарындағы перспективті суреттерді қисық 

сызықтармен ауыстыру арқылы Жер бедерін кескіндеуді 

жақсарту жұмыстары жүргізіліп олар біртіндеп күрделі, көрнекі 

əрі өлшеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы бола бастады. Қисық 

сызықтардың (штрихтардың) шкалаларын математикалық 

есептеуді  ХVІІІ ғасырдың соңында саксондық əскери топограф 

И. Леман ұсынды. ХVІІІ ғасырда көптеген биіктіктік белгілерін 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау