«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-сі « Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
Санаты
|
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-5
|
108 305
|
146 177
|
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй, байланыс телефоны:
8 /7212/43-29-22, 43-02-02, факс 43-20-97, dep.kense@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
1. №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы
(С-О-5 санаты, 1 бірлік, №5-3-2, Қарағанды қ., негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 29.01.2022 жылға дейін)
Функционалдық міндеттері: Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; бала кезінен 1 топ мүгедегіне күтім жасайтын тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді; қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді; жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына бір жолғы ақшалай өтемақыны; Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтарына біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны; субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын; инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемдерін тағайындау (немесе бас тарту туралы шешім қабылдау, төлемді өзгерту немесе мөлшерін өсіру, тоқтату, қайта төлеу, біржола тоқтату туралы) шешім қабылдау; ); Зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама талаптарының сақталуына өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының аумақтық бөлімшелерінен келіп түскен іс макеттерін әзірлеудің сапасын тексереді; Бөлімнің қызмет саласы бойынша есептерді, анықтамалар мен басқа да ақпараттық-талдау материалдарын жасауға қажетті мәліметтерді дайындайды; Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Заңмен бекітілген тәртіпте бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, жалпы қабылданған этика және мемлекеттік қызметкердің этикасын, сонымен қатар Департамент жұмысының тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін ұстанады. Департаменттің басшылығымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша білім. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын білу.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, №6-5, Қарағанды қ.)
Функционалдық міндеттері: Медициналық – әлеуметтік сараптаманың аумақтық бөлімдерінің (бұдан әрі – МӘСБ) сараптамалық қорытындысына шағымданған адамдарды қайта куәландыруды жүргізуге дауыс беру құқығымен тікелей қатысады. МӘСБ -ның шығарылған сараптамалық қорытындыларының негізділігі тұрғысынан науқастар мен мүгедектерді бақылау куәландыру рәсіміне дауыс беру құқығымен қатысады. Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын қалыптастыру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Медициналық - әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары мен МӘСБ мамандарына консультациялық, әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыруға қатысады. Медициналық ұйымдардың және әлеуметтік қорғау органдарының ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің облыс бойынша уақтылы орындалуы мәселесі бойынша жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Облыс бойынша МӘСБ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсандық және жиынтық жылдық есептерді жасауға тікелей қатысады. Ведомствоішілік және ведомствоаралық деңгейлерде медициналық-әлеуметтік сараптаманың әртүрлі мәселелері бойынша кеңестерді дайындауға және ұйымдастыруға, облыс әкімі жанындағы мүгедектер істері бойынша Үйлестіру кеңесіне қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың қалың жіктерімен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған этикасы мен этикасының, сондай-ақ департаменттің ішкі тәртіп қағидаларының талаптарын сақтайды. Департамент басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша білім. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2 қосымшасы сәйкес үлгідегі өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
|
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
|
|
Нысан
|
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені _____________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________
________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |