«KEGOC»АҚ Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің шешімімен мақұлданған
03.04.2014ж. №3 хаттама
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген
04.04.2014ж. №3 хаттама
|
«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі еңбеккерлерінің
карьерасын дамыту жөніндегі басшылық
2030 Халықаралық ішкі аудит стандартына тәжірибелік нұсқаулыққа сәйкес ішкі аудит басшысы кадрлық резервті қалыптастыруға, қызметкерлерді бағалау мен дамыту бағдарламаларына, қызметкерлерді басқарудың басқа да салаларына назар аударады.
«KEGOC» АҚ Ішкі аудиті қызметінің құрылымы мен штаты (бұдан әрі – ІАҚ және Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
Егер қайсыбір мәселені осы Басшылық құжат реттемейтін болса, ІАҚ Қоғамның мынадай нормативтік құжаттарын басшылыққа алуы тиіс:
- СТ KEGOC 00-307-08 Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ Кадр саясаты; - СТ КЕGOC 00-301-10 Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ қызметкерлерін басқару;
- Қ KEGOC 00-319-11 «KEGOC» АҚ әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалау қағидасы;
- СТ KEGOC 00-303-09 Ұйым стандарты. ҚЭБ қызметкерлерін бағалау, дамыту, мотивациялау және тұрақтау құзыреті жүйесіне қойылатын талаптар;
- Қ KEGOC 00-307-10 Қағида. Кадрлық резервті қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру;
- СТ KEGOC 00-302-09 Ұйым стандарты. Қызметкерді кәсіби оқыту мен кәсіби дамытуды ұйымдастыру.
4. Ішкі аудит үдерісінде ІАҚ қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін, лауазымдары мен сатылы лауазымдарын анықтайтын үш топқа бөлінеді:
- ІАҚ басшысы
- Аудиторлық тапсырма жетекшісі
- Ішкі аудитор
5. Әр ұстаным үшін ІАҚ туралы ережеде, Ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі ережеде және Лауазымдық нұсқаулықтарда:
- жұмыс тәжірибесіне;
- қосымша арнайы дайындығының болуына;
- құзырет деңгейіне қойылатын талаптар белгіленген.
6. Ұстанымдардың жоғарыда көрсетілген құрылымы ішкі аудитордың карьерасын дамытуды жоспарлауға мүмкіндік береді және лауазым бойынша көтерілу мотивациясын қамтамасыз етеді.
7. Ішкі аудитор оның тәжірибесі, сетификатының болуы және белгілі бір құзыреттілік деңгейлері есепке ала отырып, дамуы тиіс деп болжамдалады.
8. Қызметкерлер басқарушылық және қатардағы қызметкерлер деңгейінде біліктілік деңгейі мен ІАҚ-дағы ең аз деген қажетті жұмыс тәжірибесі бойынша ажыратылады. Төмендегі кестеде ІАҚ тиісті лауазымдарындағы ең аз деген қажетті жұмыс тәжірибесі және олардың лауазымдық сатысы туралы деректер келтірілген.
Жұмыс тәжірибесі
|
ІАҚ басшысы
|
АТ жетекшісі
|
Ішкі аудитор
|
|
Басшы
|
|
|
>2
|
|
Бас аудитор
|
|
>2
|
|
|
Аға аудитор
|
>1
|
|
|
Аудитор
|
9. Тиісті лауазымға орналасу үшін қажетті құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптар «KEGOC» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі ереженің 1-қосымшасында айқындалған.
10. Лауазымдардың жоғарыда көрсетілген құрылымы ішкі аудит жүйесінің артып келе жатқан рөлін көрсетеді және әр қызметкер үшін қызмет бойынша бұдан әрі ілгерілеу мүмкіндігін айқын нұсқай отырып, ІАҚ қызметкерлерін мотивациялауды қалыптастырады.
11. ІАҚ қатардағы қызметкерлері «Жұмыс тәжірибесі» бағанындағы көрсетілген мерзімде карьерлік баспалдақ бойынша аса жоғарғы деңгейдегі лауазымға дейін көтеріледі деп күтілуде. Аудитор аға аудитор деңгейіне дейін көтерілу үшін бір жыл жұмыс істегеннен кейін жақсы жұмыс тәжірибесін және қажетті құзыреттілік деңгейін көрсетуі тиіс, ал аға аудитор бас аудитор лауазымына дейін көтерілу үшін екі жыл жұмыс істегеннен кейін жақсы жұмыс тәжірибесі мен қажетті құзыреттілік деңгейін көрсетуі тиіс, бас аудитор Қызмет басшысы лауазымына дейін көтерілуі үшін екі жыл жұмыс істегеннен кейін жақсы жұмыс тәжірибесі мен қажетті құзыреттілік деңгейін көрсетуі тиіс деп болжамдалады.
12. Құзыреттілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда қызметкердің деңгей арқылы карьерлік баспалдақпен көтерілуіне, мысалы, аудиторды бас аудитор лауазымына дейін көтеруге рұқсат беріледі.
13. ІАҚ қызметкерлері лауазымдар деңгейіне құзыреттілік деңгейі талаптарын есепке ала отырып жеке карерьлік даму жоспарын жасайды («KEGOC» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі қағиданың 4-қосымшасы). ІАҚ қызметкерлерінің жеке даму жоспарларын ІАҚ басшысы бекітеді.
14. Аудитор лауазымынан бас аудиторға дейін, бас аудитор лауазымынан басшыға дейін автоматты түрде ауыстыру қарастырылмаған. Қызмет бойынша көтеруге лайық қызметкерлердің болуына қарамастан тиісті шешім тек ұйымдық құрылымда бос лауазым болған жағдайда және Аудит жөніндегі комитеттің мақұлдауымен ғана қабылданады.
15. ІАҚ басшысын тағайындау туралы шешім қабылдаған жағдайда ең алдымен «KEGOC» АҚ-ның Сабақтастық жоспарына енгізілген кандидаттар қарастырылады.
«KEGOC» АҚ ІАҚ басшысы О. Есетов
Достарыңызбен бөлісу: |