Балқантау селолық округінің
әкімі Р.Г.Смагуловтың 2014 жылға
атқарылған жұмыстарымен алда
тұрған міндеттері туралы есебі.
Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа экономикалық саясатты қамтитын «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын жария етті. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдамамен ерекшеленеді. Биылғы Жолдауда басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Экономика үшін ауыр кезеңдерде инфрақұрылымды дамыту, экономиканы жандандыру үшін ең тиімді құрал болып саналады. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бұл тарихи Жолдау, өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға ғана нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті.
Бұл - әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін, келешекте ұрпақ үшін маңызды құжат. Өйткені, Жолдаудың әрбір жолында – миллиондаған халықтың әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты Президентіміздің қамқорлығы мен қолдауы айқын сезіледі.
Стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы еліміздің әр саласында инфрақұрылымдарды дамыту, сонмен қатар, шикізат өндіру, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, аймақтардың өзара байланысуы, шағын және орта бизнесті өрістету, жаңа инвестициялар тарту, индустриалдық-инновациялық жобаларды жаңғырту бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыру қажеттігіне тоқталып, нақты орындалу жолдарын ұсынды.
Елбасы айқындаған осы жеті бағыт бойынша селолық округі бойынша кең ауқымды жұмыстар жасауымыз қажет. Бұл біздің міндет және жауапкершілік. Оған біздің мүмкіндігіміз де бар, күш-қуатымз да жеткілікті.
Балқантау селолық округі әкімдігінің 2014 жылғы негізгі атқарылған жұмыстар Ел басының Қазақстан 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына және осыдан туындайтын облыс, аудан әкімдігінің биылғы есеп беру негізінде қойылған мәселелер және проблемаларға сәйкес жүргізілді.
Жалпы селолық округі әкімдігіне 2014 жылы 13 миллион 484 мың тенге қарастырылған болса оның 11 миллион 803 мың теңгесі тікелей әкімдік аппаратын ұстауға, 1 милион 800 мың теңге басқадай бағдарламаларды жүзеге асыруға қарастырылып осы қарастырылған қаражат бүгінгі күнге толық игерілді.
2014 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлінген 998 мың теңге толық игеріліп ауыл орталығына осы қаражатқа 2 балалар ойын алаңы салынып, іске қосылды. 2015 жылға осы бағдарлама бойынша 10,25 мың теңге қаралған, ол Қарабұлақ селосында су жүйесін жөндеуге жұмсалмақ.
Село көшелерін көгалдандыру және санитарлық тазалығын қалыпты ұстау мақсатында 50 түп ағаш отырғызылып күтімге алынса, 4000 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.
Балқантау селолық округінде 1112 адам тұрады. Еңбекке жарамды тұрғындардың арасында 452 адамның тұрақты жұмысы бар. Биылғы жылы 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2014 жылы 3 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатары азайып келеді. 16 отбасы балаларға жәрдем ақы алды. Халықты жұмыспен қамтуда округтегі шаруа қожалықтарының алар орны ерекше. Ауылда жұмыс істейтіндердің негізгі бөлігі округтегі 24 шаруа қожалықтарының құрамында.
Селолық округ бойынша мал басының өсіміне қол жеткізуде. Жалпы халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы төмендеген жоқ. Бүгінгі күні селолық округі бойынша ірі қараның басы 3200 басқа, қой-ешкі 24398 басқа, жылқы 856 басқа жетіп малдың өсуі байқалды. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің ауырудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. 2014 жылы барлық мал түліктері сібір жарасына, ірі қара, ұсақ малдар бруцеллез, туберкулез, жылқы малдары маңқаға қарсы егіліп, тексерістен өткізілген, бруцеллез ауыруына анықталған малдар уақтында жойылып актілер жасалған. 2014 жылғы мал түліктерінен туған төлдер бірдейлендіріліп компьютерлік дерек қорына енгізілді, тиісті қаражат толығымен жиналып, есеп шотқа салынды. Ауыл тұрғындарымен шаруа қожалықтары жылдың әр мезгілінде, «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне ұйымшылдықпен қатысып, өз өнімдерін қала жұртшылығына саудалайды. Негізінен өнімдерін делдалдар арқылы өткізіп, өздеріне керекті жағдайларын жасайды. Биылғы жылы «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындары 5 рет қатысты. 2014 жылы аталып өтілген «Қарқаралы қаласының 190 жылдық» мерекесі ұйымшылдықпен өтуіне Балқантау селолық округінің тұрғындары және шаруа қожалықтары өз үлестерін қосты.
Селолық округі бойынша 29 шаруа қожалығы есепте тұр, оның ішінде 10 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады. 2014 жылы 10 шаруашылық 4780 га жерге егін сеуіп, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан әр гектарынан орташа есеппен 7,6 цн өнім жинап 4404 тонна өнім алса, барлығы 10000 тонна мал азығы дайындалды.
Өздеріңізге белгілі селолық округі әкімдігінің назарында әлеуметтік саладағы мекемелердің жұмысы. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бұқаралық спортты дамыту ошақтарының жұмыстарын қадағалау болып табылады. Селолық округте бүгінгі күні 1 орта мектеп, 1 негізгі мектепте 160 бала білім мен тәрбие алуда. Сонымен қатар селолық округте 1 ФАП және 1 дәрігерлік пункт, оларды 3 медбике халыққа қызмет көрсетеді, сол сияқты орта мектепте 1 медбике оқушылардың денсаулығын үнемі назарда ұстайды. ФАП-қа бекітілген жедел жәрдем автокөлігі тұрақты жұмыс істейді, ғимараттар жылу мен, электр энергиясымен, телефонмен қамтамасыз етілген.Тиісті медициналық жұмыстар белгіленген жоспар бойынша атқарылып отырылады. 2014 жылы селолық округі бойынша қайтыс болған адамдар саны 3, туған балалардың саны 13.
Қарабұлақ селосындағы клуб үйі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ауыл ішіндегі мәдени шараларды, мерекелік күндерді атап өту, жастардың демалыс кештері басқадай жұмыстар жоспарлы түрде өткізіліп отырылады. Дегенмен осы уақытқа дейін селолық клуб үйінің күзетші штаты шешімін таппай келсе, мәдени шараларды өткізуге музыкалық аспаптардың, дыбыс күшейткіш құралдардың ескіруі олардың жиі істен шығуы көптеген шаралар өткізуге қол байлау болып отырғаны бәрімізге аян. Сондықтан алдағы уақытта осы жағдайларды шешуге аудандық мәдениет бөлімінің тарапынан көңіл аударса деген ой бар.
Қарабұлақ ауылында аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің бөлімшесі оқу-тәрбие жұмыстары жоспар аясында жұмыс істеп келеді. Бұл мектепте 3 жаттықтырушы, 8 адам комплекс шаруашылығында жұмыс атқарады, спорт мектебінде қазақ күресі, волейбол секцияларында 60 тан аса ауылдың жастармен оқушылары тартылған. Осы мектепте ауылдық, аудандық, дәрежедегі әр-түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Спорт мектебінің шәкірттері аудандық, облыстық түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі нәтижелер көрсетіп келеді. Алдағы уақытта осы спорт мектебінің секцияларын көбейтіп, халық арасында бұқаралық спортты дамыту межесі тұр.Орталық және Айнабұлақ бөлімшесіндегі кітапханалар өздерінің жұмыстарын аудандық кітапханалар торабы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Жыл ішінде кітапханалар тиісті жаңа кітаптар қорымен толықтырылып отырылады, кітапхана қызметкерлері тарапынан жыл бойы мерекелік даталармен атаулы күндерге арналған әр түрлі диспуттар, оқырмандар мен пікір алмасу, тиматикалық кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президентінің және үкіметінің халыққа Жолдаулары насихатталып отырылады. Жыл өткен сайын оқырмандар қатары көбейіп келеді.
Округ бойынша 6 дүкен халыққа қызмет көрсетеді. Негізгі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда болады. Дүкендер мен әкімдік арасында азық-түлік бағаларын тұрақты деңгейде ұстап тұруға меморандум жасалған. Наубайхана,қоғамдық мойша халыққа қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік-саяси ахуалды дұрыс қалыптастыруда ақпараттық-баспасөз құралдарының да атқарар ролі ерекше екені белгілі. Почта байланыс бөлімшесі арқылы ауыл тұрғындарының зейнетақылары, жәрдем ақылары, еңбек ақылары таратылып, әр түрлі төлемдер қабылданып, қызмет көрсету жоғары деңгейде жүргізілуде. Бұл салада 1 жұмыскер жұмыс жасауда. Мерзімдік баспалар аптасына 3 рет жеткізіліп халыққа дер кезінде таратылуда.
Қарабұлақ селосы орталығында 136 телефон нүктесі, ал Айнабұлақ бөлімшесінде 17 телефон нүктесі тұрақты жұмыс істеуде. Дегенмен кейінгі кезде телефон жүйесінің жұмысы қанағаттандырмай отыр.
Ауылда қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасйды. Оның қызмет атқаруына жағдай жасалған. Селода учаскелік инспекторге көмек көрсету мақсатында ерікті жасақшылар тобы 22 адамнан құрылып, тиісті жұмыстарын атқаруда. Мал ұрлығын болдырмау мақсатында учаскелік инспектормен біріге отырып барлық қыстақтар мен елді мекендерді аралап, мал бағымы туралы ескерту жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жаз айларында селолық округте ірі қара және қой малдары бағымдары үнемі ұйымдастырылып отырылады. Жеке меншіктің бойдақ ірі қара малын 2 жерге жайлауда бағымы ұйымдастырылған, алайда бүгінгі күнге дейін жеке меншік жылқы иелері жылқы малын ұйымдасып бағуға бармай отыр. Алдағы уақытта мал иелері әкімдікпен бірлесе отырып, жылқы малын бағуды ұйымдастыруы қажет.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастауыш ұйымында 58 мүше бар. Партия ұйымының жиналыстарында ауылдың әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасының орындалысы талқыланып, ұсыныс пікірлер айтылып отырылады. Партия мүшелері ауылда өтетін мәдени көпшілік шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 2014 жылы «Нұр Отан» партия мүшелігіне 4 адам қабылданды.
Ауылдағы ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
2014 жылы тұрғындардан 9 өтініш түсіп, оның барлығыда өз шешімін тапты. Тоқсан сайын ауыл тұрғындарының жиындары өткізіліп, осы жиындарда кезекті мәселелер мен бірге ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысы талқыланып отырылады. 2014 жылы ауыл тұрғындарымен 8 рет жиын өткізілді. Әр аптаның дүйсенбі күндері әкімдік отырысы өткізіледі. Бұл отырыстарда селолық округіндегі атқарылатын жұмыстар талқыланса, мекеме басшылары және жауапты адамдардың есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданып, оның орындалысы бақылауға алынған. Селолық округі әкімдігі аппаратының жыл басындағы атқарылатын жұмыстарға бағдарлама жасалып, алдағы жылға межеленген жұмыстар бойынша тиісті жауапты адамдарға тапсырмалар беріледі.
2015 жылға ауыл әкімдігінің негізгі бағыты ол селолық округі аумағында тұратын халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту болса, сонымен бірге округтің экономикалық дамуын одан әрі жақсарту болып табылады.
Селолық округі әкімдігіне 2015 жылғы барлығы 13 миллион 150 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылу қажет болса оның ішінде тікелей әкім аппаратын тиісті дәрежеде ұстауға 11 миллион 373 мың теңге қарастырылу қажет. 1 миллион 800 мың теңге басқадай бағдарламаларды іске асыруға қарастырылуға тиісті. Сонымен бірге ауыл әкімдігі Қарабұлақ, Айнабұлақ ауыл тұрғындарымен кездесуде көшелерді жарықтандыруға, Қарабұлақ ауылы көшелеріндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу, жөнінде мәселелер қойылса, бүгінгі күнге Қарабұлақ селосына 25 жарық нүктесі, Айнабұлақ селосына 10 жарық нүктелерін күн энергиясы арқылы іске асыру жөнінде «Өнім» серіктестігі арқылы смета жасалып, қаражат болған жағдайда бұл мәселе шешімін таппақ.
2015 жылы селолық округі шаруа қожалықтары барлығы 5830га жерге егін себу жөнінде бағдарлама жасалған болса, мал басын оның ішінде ірі қара малын және қой малын өсіруді межелеп отыр. Ауыл әкімдігінің негізгі бағыттары ауыл ішінде жұмыссыздықты азайту болса, шағын кәсіпкерлік арқылы әртүрлі бағдарламалар арқылы ниет білдірушілерге кредит алып беруге ықпал жасау болып табылады. Сонымен бірге 2014 жылы селолық округіне қарасты «Еліміз» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 8 миллион 500 мың теңге несие алып, 1 МТЗ тракторын алып және 44 бас аналық сиыр және 2 асыл тұқымды бұқашық малын сатып алып өсіруде.
Ауыл әкімдігінің негізгі бағыттары ол селолық округіне қарасты әлеуметтік мекемелердің қалыпты жұмыс жүргізуі, халыққа толық қанды қызмет көрсетуін қадағалау болса бұл жұмыстарды үнемі назарда болмақ.
2015 жылы селолық округі орталығы Қарабұлақ селосындағы Жасөспірімдер және балалар спорт мектебі филиалының ғимаратын жөндеуден өткізу. Бұл жұмысты атқаруға тиісті қаражат мәселесін шешілуіне жұмыс жасалады.
Селолық округі тұрғындарының ықпалы мен 2014 жылы Қарабұлақ селосының маңындағы зиратты қоршау үшін арнайы қор құрылып оған тиісті мөлшерде қаражат жиналып, жалпы қоршауға тиісті 650 метр жердің 460 метріне қоршау жасалып қалған қоршау 2015 жылы бітірілмек.
Селолық округі әкімшілігінің барлық жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атауымен жарық көрген жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға халықты жұмылдандыру болып табылады.
Жыл ішінде негізгі атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ: ол
- жеке меншік малдың тұқымын асылдандыру бағытында жұмыс жасау, ол үшін Қарабұлақ және Айнабұлақ елді мекендерінде «қолдан ұрықтандыру пунктерін ашу».
- Шаруа қожалықтарын және жеке кәсіпкерлікті дамыту. Селолық округі шаруа қожалықтары арқылы сырттан инвестиция тарту
- Селолық округіне қарасты әлеуметтік мекемелердің жұмысын үнемі назарда ұстау, бөлінген қаражаттарды толық игерілуін бақылау.
Қорыта келе селолық округінің әкімдігі алдағы уақытта Елбасының осы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауына сәйкес округ тұрғындары әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсартуға бар күнін арнайды деп сіздерді сендіреді.
Селолық округінің әкімі: Р.Г.Смагулов
Достарыңызбен бөлісу: |