СоңҒЫ Қаралы күн болып қалса екен



жүктеу 14,95 Kb.
Дата25.07.2020
өлшемі14,95 Kb.
#31178
ҚАРАЛЫ КҮН


СОҢҒЫ ҚАРАЛЫ КҮН БОЛЫП ҚАЛСА ЕКЕН
Қадым заманнан қыр даланың иесі де, киесі де болған қазақ жұрағаты не көрмеді. Ерлері түн ұйықтамады, күн күлмеді. Аттың жалында, түйенің қомында от кешті. Қарсы келген дұшпанның тізесін бүктіріп, десін басты. Ата жауына көк сүңгі болып қадалды. Ат тұяғымен туған жер төсін дүр сілкіндірді. Бабалары батырлықты серік еткен көне түркілер дәуірінен семсер болып сілтенді, жебе болып қадалды., Сонау тотемі болған көк бөрілердің аузын айға білеуі, көзіне мөлдірете жас алуы небір тарғалаң тағдыр сыйлады. Мың жылдар жиегінен тасқа қашалынып тараған төңкелі тарихын бұлт басты. Алмағайып күндерге тап болды. Ер етігімен қан кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Басына күн туды. Ақыры соның бәріне көне білді һам жеңе де білді.

Өткенім солай-тұғын. Анығы маңдайына батпан бақ қона білген және шемен шерде үйір бола білген қазағымның шежіресі еді. Иә, біз қазақ дейтін абыз даланың тұлпары болған, қанаты талмас сұңқары болған ұлт едік. Бір заманда басымыздан бақ тайып, бодандық уысында тұншықтық. Хандарымыз бен батырларымыздың төгілген қаны, еткен еңбегі бордай тозды. Ұлы далаға өзгелер үстемдік етті. Бек ұлдарымыз құл болған, қыздарымыз күң болған заманға жолықтық. Боздадық-ай келіп, демімізді ішке тартып бодандық уысында тұншықтық.

Бір дәуірде қолына алып қобызын, елден елге, бектен-бекке келер ақын деп жырланған әрі бейбітшілік күні болған Қорқыт жыры көзден бұлбұл ұшты. Қарақылды қақ жарған Төле, Қазыбек, Әйтеке билер даңқы жөргегінде тұншықты. Әділдіктің қанаты қырқылып, күні батты. Дәт қыла алмай Бұхар, Шалкиз, Ақтамберді, Доспамбет жыраулар жырлары өртеніп барып сөнді. Тұл дүниеге тісін қайрап Махамбет жыры қарсы тұрды. Мыңмен жалғыз алысқан Абай мұңын, қасіретін, қайғысын білгендер болмады. Ұлтына мінезімен қызмет ететін Әлихан туды аңырап. Жастарға сеніп Мағжан тұрды тым асқақ. Оян қазақ деп Міржақып жүрегі бір жылулық сездірді. Ғылыммның жолы хақ боларын жеткізді боздап Ахмет. Бәрі бақ боп туды да құйрықты жұлдыздай ғайып болды. 38-дің ызғары кіл қаймақты қалқып алды. Ашаршылық кешіп қырылдық. Аңыраған дала қалды. Өз даласында өлім құшқан қазақ тағдыры бауаз бұлттың көзіне жас үйірді. Аспаны да жылады-ай келіп. Уақыт ағысы бәрін өзгертті. Бейбіт өмір сыйлады. Бірақ бір өкініш, бір үміт тұрды. Ақыры 86 болып қайта ояндық. Қайрат пен Ләззат болып өлім құштық. Өле тұрып өрліктің маздағанын білдік.

Сүйтіп батпан бақ тағы қонды да көк аспанда қыран болып желбіредік. Егемен ел атанып, бабалар қанымен қызғыштай қорғалған ұлы өлке еншімізе тиді. Әлемнің көшіне ілестік те өркен жайдық. Экономика, саяси, әлеуметтік тұрғыдан жолымз да болды. Әлеуетіміз артып, даңқымыз биіктеді.

Көсегеміз көгеріп, ұжымаққа жетер жолға талпындық. Үнемі даңғыл жол болмасы секілді бақытсыз сәттер де болды. Оның бәрі өткінші еді. Сол қиын істерге жолыққанда бірлігімізді көрсетіп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білдік. Тағы қиын кезеңге тап болдық. Әлемді жаулап ажал боп жағадан жармасқан індет өршіді. Күн өткен сайын жұқтырғандар саны еселенді. Өлім құшқандар саны да артты. Қаншама жақсы адамдар арамыздан кете барды. Бейбіт күндегі тажал ауру жүрегімізге қайғы ұялатып, қасірет қондырды. Билік тарабынан алдын алу шаралары жүргізілді. Індетті тізгіндеу жолында ақ халатты абзал жандар, ел қорғаны сақшылар, тағы да басқа әр түрлі сала мамандары жұмылдырылды. Өз өмірлерін бәйгеге тігіп, ел өмірі үшін от кешті. Кеуделерін ажал оғына тосып тұрып, «әрбір қазақ менің жалғызым» ұғымы жолында қызмет етті. Бұл жолда жасалған ерлік жырларын айтып тауысу мүмкін емес.

Осы бір өлермен ерліктер мен мезгілсіз өлім қара жамылдырды. Ақыры 8 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирус құрбандарын еске алу – жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бұл күн айтуға оңай әрі тым ауыр күн. Көк аспанда желбіреген көк байрақтың түсетін сәті. Әр қазақтың жүрегі жылап, көңілін қайғы бұлты торлайтын кезі. Бұл еліміздің тоғызыншы рет бетпе-бет келіп отырған қаралы күні. Қан жұтқызып зар илеткен сүреңсіз мезгілі. Олар жадымызда жаралы күй болып қалған Ленин шахтасындағы жарылыс, Абай шахтасындағы жарылыс, Қызылағаштағы су тасқыны, Арқанкерген қырғыны, Ан-72 ұшағы апаты, Bombardier CRJ200 ұшағы апаты, Ақтөбедегі теракт, Bek air ұшағы апаттары.

Ал соңғысы болып коронавирус құрбандары мәңгі есімізде қалмақ. Бұндай ауыр күн енді болмаса екен дейтін үн басым. Содан да «соңғысы» деп жазу жақсылық болса екен дейтін ұлы арманның баламасы болып отыр. Қаралы күндегі мәлімет бойынша елде коронавирустан 375 адам қайтыс болған. Сонымен бірге коронавирус анықталған 101 науқас әр түрлі аурудан және маусымда 628 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл көрсеткіш күн өткен сайын артып барады. Алаулап атқан таңмен бірге тізімдік жаңаруда.



Мемлекетіміздің байлығы болған азаматтардың өмірін жалмаған індет оңайға соқпады. Ол ең ұлы байлығымызды жұтып жатыр. Бірақ бұл қиындық та өтеді, біз жеңеміз деген сенім басым. Тағдырдың небір құқйыенды шақтарын көрген ұлтымыз бұл күнді еңсереді деген үміт жолындамыз. Тарих өзі бөрісін емізіп бөлтірік етіп өсірді. Қасқырдай қайсар болу рухы сүтпен бітіп терең тағылымға айналды. Тарғалаң от кешкен сайын қасқайуды үйрендік. Бұл күндер өткінші дүниедей өтеді де кетеді. Біз ақырғы деміміз таусылғанша бірлігімізді танытып ұлы жеңіске жетеріміз ақиқат. Қазақ елі біргеміз!!!
жүктеу 14,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау